1-том 8-тарау
Гетеретрофты қоректену
Гетеротрофты қоректену
7-тараудың басында атап өткендей, тамақтану жасуша метаболизмінің энергия алу мен зат алмасу процесі болып табылады, соның ішінде жасушаның өсуі мен репарациясы.
Гетеротрофты ағзалар немесе гетеротрофтар- органикалық көміртек көздерін пайдаланатын ағзалар.(8,1 сурет)
Егер сіз олай жасамаған болсаңыз, бұл өте пайдалы болар еді, 7,1 және 7,2 тараулардан оқыңыз.
Гетеротрофтардың өмір сүруі тікелей және жанама түрде афтотрофтардың қызметіне тәуелді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көп бөлігі гетеротрофты болып табылады(2.3 кесте).
Практикалық түрде олардың барлығы қорек тұтыну арқылы энергия алады; бұл тарау дәл осы гетеротрофты қоректенуге байланысты сұрақтарға арналған. Алайда, кейбір бактериялар органикалық шикізатты басқа органикалық қосылыстарға синтездеу үшін жарық энергиясын пайдалануға қабілетті. Бұндай бактериялар фотогетеротрофты бактериялар деп аталады(2.3 кесте).
Геретотрофтар әртүрлі тәсілдермен қоректенеді. Алайда, көптеген организмдердің ыңғайлы қоректенуіне қарай ұқсас болып табылады және мынадай процестерді қамтиды:
8.1А. суреті. Шөпті қорек қылып жатқан зебралар. Шөптер фотосинтез процессі арқылы алынған күн мен көмір қышгқыл газының (автотрофты қоректену) энергиясынан тұрады. Зебра энергияны шөптерден алады(гетеротрофты қоректену). Б. Арыстан зебраны жеп жатыр. Арыстан- жыртқыш жануар, ал зебра- өсімдікқоректі.
8.1. Гетеротрофты қоректенудің түрлері
8.1.1. Голозойлы қоректену
Голозойлы термині көбіне жабайы жануарлардың мамандандырылған ас қорыту жолдары немесе каналдарында қолданылады. Жануарлардың көпшілігі голозойлы болып келеді.
Голозойлы қоректену келесі процестерді жүзеге асырады.
8.1.2. Сапротрофты қоректену
(sapros —шірік, trophe – қорек, қоректену)
Өлі немесе органикалық қалдықтармен қоректенетін организмді сапротрофты организм деп атайды. Бұл ағзаларды атау үшін басқа терминдер де қолданылады, сапрофиттер(сапротрофты қоректену) және сапробионттар(сапробионты қоректену) . көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар сапротрофты болып табылады, мысалға, musor, Rhizopus саңырауқұлақтары және ашытқы саңырауқұлақтары. Сапротрофтар ас қорыту үшін қоректегі ферментті оқшаулап алады, одан кейін жұтады және өнімді жасуша сыртында қорытуға үйретеді. Сапротрофтар өсімдіктер мен жануарлардың өлі органикалық қалдықтарымен қоректенеді. Осылайша сапротрофтар органикалық қалдыықтарды ыдырату арқылы жояды. Қарапайым заттардың көпшілігін сапротрофтар пайдаланбайды. Сондықтан олар өсімдіктрдің қорегіне айналады. Сапротрофтардың белсенділігі биогендік элементтер арасындағы айналымдардың ең маңызды байланыстарын туғызып, бұл элементтердің тірі ағзаға айналуына мүмкіндік береді.
Mucor, Rhizopus саңырауқұлақтарының сапротрофты қоректенуі
Mucor, Rhizopus саңырауқұлақтары зеңсаңырауқұлақтарына жатады. Олар нан құрамында кездеседі, олар топырақта да тіршілік етеді. Mucor туралы 2.5.2. бөлімінде толығырақ жазылған. Rhizopus көп кездеседі, ол өзінің құрылысы мен өмір сүру түрі бойынша Mucor – ға өте ұқсас келеді. Екі саңырауқұлақты зертханалық жағдайда оңай өсіруге болады. Олардың гифі(жіпшесі) өздері өсетін қоректік ортаға өтеді және гиф(жіпше) құйрықшасынан гидролиздеуші ферменттер секрецияланады. 8.2. суретте осындай жасушадан тыс қорытудың нәтижесі көрсетілген . Амилаздар мен протеиназдар сәйкесінше крахмалды глюкозаға және белокты аминқышқылына дейін ыдырауын жүргізіп отырады. Жіңішке әрі тармақталған мицелий Mucor мен Rhizopus ның үлкен сіңіру бетін қамтамасыз етеді. Глюкоза саңырауқұлақтың тыныс алу кезінде энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл энергия матаболитикалық процесстердің жүруіне қажет. Сонымен қатар, глюкоза мен аминқышқылдары саңырауқұлақтың ұлпасын қалпына келтіріп, көбеюіне әсер етеді.Цитоплазмада гликоген мен майға айналған глюкозаның артық мөлшері және ақуызды түріндегі аминқышқылының артық мөлшері сақталған.
8.1. Muscor мен Rhizopus тың адамға жақсы жағын қысқаша баяндаңыз.
8.1.3 Симбиоз: мутуализм, паразитизм және комменсализм.
Симбиоз термині «бірігіп өмір сүру» дегенді білдіреді. Оны неміс ғалымы де Бари 1879 жылы кіргізіп, ол бұл құбылысты « әртүрлі атты ағзалардың бірігіп өмір сүруі» деп көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, симбиоз- екі немесе одан да көп әртүрлі түрдегі ағзалардың арасындағы ассоциация. Де Бари уақытынан бастап көптеген биологтар «симбиоз» деген түсінікті тарылтып, әртүрлі екі немесе оданда көп ағзалардың өзара тығыз қатынасы деп түсіндіре бастады, пайда барлық әріптестерге бірдей болады.
20 ғасырдың 70 жылдары симбиоз биологияның бір тарауы ретінде үлкен маңызға ие болды. Қазіргі уақытта, мысалға, өсімдіктің көп бөлігі қоректі саңырауқұлақтардың көмегімен алады, ал азот симбиотикалық бактериялармен басты түрде бекиді. Күйіс қайыратын жануарлардың қарынындағы ферменттену симбиотикалық ағзаның әсерінен болатынының ашылуы ірі қараның өнімділігін арттыруда үлкен мағынаға ие болды. Сонымен қатар биологтар мұндай жағдайларда өзарақатынастың, пайда мен зиянның теңдік дәрежесі өте күшті түрленіп отыратынын түсіне бастады. Осыған байланысты заманауи биологтардың көпшілігі Де Баридің симбиоз анықтамасын пайдаланады сонымен қоса ол 1975 жылы эксперименттік биология қоғамында бекітілді. Берілген кітапта төменде көрсетілген анықтамалар қолданылатын болады. Екі ағзаның өзара қатынасы оларға қандай пайда беретініне тоқталады.
Симбиоз – әртүрлі екі немесе одан да көп ағзалардың өзара тығыз байланысып өмір сүруі. Осындай қауымдастықтың көпшілігі үш немесе одан да көп «әріптестердің» бірігіп қоректенуінен тұрады. Симбиотикалық қатынастың үш негізгі типтері бар:
Мутуализм
Мутуализм әр түрлі екі тірі ағзаның арасындағы тығыз қатынастың екеуіне де өзара пайдалы қатынас. Мысалы Calliactis актиниясы тақуа-шаян өмір сүретін бақырашқа бекіп алады. Актиния тақуы-шаяннан қалған тамағының қалдықтарымен қоректенеді және онымен бірге көшіп жүреді. Сол кезде актиния шаянның бақырашын бүркемелеп отырады және оны қорғанысын қармалауыштарда орналасқан күйдіргіш жасушалар арқылы күшейтеді. Көріп отырғаныңыздай, актиния тақуа-шаянның бақырашына бекімей өмір сүре алмайды, ал шаян да онсыз өмір сүре алмайды. Егер актиния кенеттен бақыраштан кетіп қалса, басқасын тапқанша тыным таппайды.
Шөпқоректі күйіс қайырушылардың асқорыту кезеңдерінде целлюзаны қорытатын көптеген бактериялар мен кірпікшелі инфузориялар болады. (8.6.2. бөлім) Бұл микроскоптық ағзалар тек қана күйіс қайырушылардың асқорыту кезеңдеріндегі анаэробты жағдайда тіршілік етуге бейімделген. Мұнда бактериялар мен инфузориялар иесінің тағамында болатын целлюзамен қоректенеді және оларды өте қарапайым қосылыстарға айналдырады. Сонан соң күйіс қайырушылардың өздері одан әрі қорытуға қабілетті болады.
Мутуализмге маңызды мысалға Rhizobium бактериясының тамыр түйнегінде пайда болуын келтіруге болады (7.10.2 бөлім). Басқа мысалға микоризаны (7.10.2 бөлім) және эндосимбиозды (8.1.3 бөлім) келтіруге болады.
8.3. сурет. Актиниялар шаян орналасқан құрсақаяқтағы ұлудың қабыршағына бекіген.
Паразитизм
Паразитизм екі түрге жататын екі тірі ағзаның арасындағы тығыз өзара іс-әрекетін білдіреді, мұнда пайданы олардың тек біреуі көреді, және ол екіншісіне зиян келтіреді. Паразит иесінен тек қорек емес, баспананы да алып отырады. Сәтті паразит иесімен едәуір зиян келтірмей де өмір сүре алады. Кейде пайда мен зиянның келтіретін дәрежесін анықтау мүмкін болмай қалады.
Иесінің сыртында өмір сүретін паразиттерді эктопаразиттер деп атайды(мысалы: кене,бүрге,сүлік). Олар әрдайым тек қана паразиттік жолмен өмір сүрмейді. Иесінің ішінде өмір сүретін паразиттер эндопаразиттер деп аталады, мысалы Plasmodium (безгек шақырушы қарапайымдылар; 15-бөлім) , шошқа цепені Taenia және бауырлы екі ауызы Fasciola. Егер ағза үнемі паразиттік жолмен өмір сүретін болса, оны облигатты паразит деп атайды, мысалы Phytophthora, картопты тез шірітеді. (2.6.2-бөлім) Факультативті паразиттерге саңырауқұлақтар жатады, олар паразиттік әдіспен қатар сапротрофты әдіспен де өмір сүреді. Оларға мысалы Candida саңырауқұлағын келтіруге болады. Ол адамдарға ауыз уылуын тудырады (2.5.3- бөлім). Ал Pythium өркендердің шіруіне алып келеді(2.5.3- бөлім) . Кейде факультативті паразиттер (мысалы Pythium) өзінің иесін өлтіреді де, өлген ағзада сапротрофты әдіспен өмір сүреді.
Паразиттер жоғары деңгейлі көптеген адаптацияяға ұшырайтын организмдер болып табылады, олардың көпшілігі өз иелері мен олардың өмір салтына байланысты. Бұл әсіресе бауыр двуустки Fasciola тұратын " өт арналарындағы ішекте өмір сүретін Taenia шошқа цепенінің бейімделуі мысалында жақсы көрінеді. Бауыр двуустки туралы разд. 2.8.3 және сурет. 2.5.1 сипатталған.
бауыр двуустка мен шошқа цепені Taenia жалпақ құрттар типіне жатады. Осы жануарлар мен еркін өмір сүретін планарийдің айырмашылығы олардың адаптацияның көптігі мен олардың паразиттік өмір салтына бейімделуі (разд. 2.8.3). Олардык кейбірінің бейімделуі 8.4 суретінде көрсетілген, ал тамақтану ерекшеліктері төменде талқыланады. Еркін өмір сүретін жалпақ құрттар мен цепеннің айырмашылығы меншікті ішектің немесе қандай да бір басқа ас қорыту құрылымдар жоқ, өйткені олар кутикула арқылы қорытылған асты сақтайды.
Комменсализм (com-бірге; mensa – үстел)
Комменсализм әр түрлі екі тірі ағзаның арасындағы тығыз байланысын білдіреді. Мұнда пайданыы тек біреуі (комменсала) көреді,екіншісіне (иесіне) ешқандай пайда келмейді. Басқа сөзбен айтқанда комменсализм термині «бір үстелде отырып тамақтану» дегенді білдіреді және симбиотикалық қатынастарды зерттегенде қолданылады. Бірақ олармутуализм мен паразитизм дәрежесіне кіргізілмейді. Мысалға: тақуа-шаян өмір сүретін бауыраяқты моллюска бақырашқа бекіп алатын колональды полип Hydractinia жатады
Полип тақуа-шаянның тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Бұл жағдайда шаянға мұндай өмір сүрудің ешқандай әсері жоқ. Басқа мысалға орхидті өсімдіктер мен қыналардың (комменсалдар) ағашта (иесі) өсуін айтуға болады.
8.2.Жануарлар қоректенуінің механизмдері
8.2.1 Сүзгілеу(фильтр)
Жануарлардың осылай қоректенетіндерін – сүзгіштер деп атайды. Сүзгіштер – судан органикалық заттардың ұсақ бөлшектерін сүзіп алып отырады. Бүйтіп көптеген моллюскалар қоректенеді. Мысалы, кәдімгі мидия (Mytilus edulis) су жағалауларындағы ұсақ тастар мен жарғабақтарға бекіп алып өмір сүреді. (8.5.сурет) Мидия қосжақтаулы моллюскаға жатады. Бұл моллюсканың бақырашы бір-біріне біріккен 2 жартыдан немесе жақтаудан тұрады. Бақыраштың ішінде екі үлкен желбезек болады. Желбезектер кірпікшелер деп аталатын жіңішке талшықтармен қапталған. Кірпікшелердің қозғалысы судың кіру сифоны деп аталатын құбырлар арқылы ішке өтуін қамтамасыз етеді және шығу сифоны деп аталатын құбырлар арқылы сыртқа шығарылады. Суда моллюскаға керекті микроскопиялық қарапайымдылар мен балдырлар болады. Көптеген секрециялық жасушалар кірпікшілердің арасына орналасып алып жабысқақ сілекей ағымын өндіреді Олар қоректің ұсақ бөлшектерін ұстап алады. Сонан соң бұл қорек ерекше кірпікшелер арқылы ауызға қарай орын ауыстырады. Ауыз желбезектің алдыңғы ернеуінде орналасқан. Ауыз тесігі арнайы құрылымдардан құралған. Олар да кірпікшелермен қапталған. Тамақтың ұсақ бөлшектер, ауызға түспес бұрын сұрыпталып өтеді.Устрицаның асқорыту каналы қарын мен қысқа ішектен тұрады. Ол шығару сифонының маңында орналасқан аналь тесігінен аяқталады.
8.2.2 Қармалауыштар арқылы қоректену
Cnidaria типіне жануарлардың өте қарапайым денелілері жатады(2.8.2-бөлім)- бұлар медузалар, актиния мен тұщы су гидрасы. Бұл жануарлар етқоректілерге жатады. Қоректі ұстауға арналған аузының жанында орналасқан қармалауыштары бар. (2.47; 2.48 суретті қараңыз)
Бұл жануарларда ішектің рөлін атқаратын қарапайым қапшық болады (гастрольды қуыс). Ол ауыз жақтан ашық болып келеді. Қорек ағзаға ауыз арқылы түседі (жұту). Бірақ барлық қорытылмаған қалдықтар ауыз арқылы сыртқа шығарылады.
Қармауыштардың сыртқы бетін бойлап күйдіргіш жасушалар орналасқан. Ол нематобласта деп аталады. Осы жасушалардың ықпалымен қосушы механизмдердің белсенділігі артады. Ол сыртынан қарағанда талшық тәрізді болады және бойындағы жасушаларда жарылыс тәрізді жүреді.(8.4.сурет) Күйдіргіш жасушаларға бір уақытта екі тітіркендіргіш әсер етеді. Олар жанасу және сәйкесінше химиялық заттар («иіс»). Нематобласталардың бірнеше типтері бар. Олардың кейбірінде инелері болады. Оны күйдіргіш жасушамен шабуылдағанда жемтігіне қарайды. Кейбірінде кішкентай қармақшалары мен ұзын бос жіптері болады. Қармауышымен жемтігін іліп алса, улы ұзын бос жіптерімен жемтігін қимылдатпай өлтіріп тастайды. Бұл жіптер жабысқақ болып келеді және жемтігін матап тастайды. Жіптермен маталған жемтік қармауыштармен ауызға қорытылуға әкелінеді. Кең ашылған ауыз тесігі арқылы жемтік гастальді қуысқа түседі, сонан соң алғашқы асқорытудың жасушадан тыс фазасы басталады. Қорек кішкентай фрагменттерге дейін ұсақталғаннан кейін, фагоцитоз арқылы гастральды қуысты суытатын жасушалар ұстап алады. Осы жасушаларда соңғы жасушаішілік асқорыту жүреді. Көбіне дафниялар мен циклоптар, ұсақ тұщысу шаян тәрізділері гидраның жемтігіне айналады.
8.2.3 Детритті қоректену
Жаңа немесе ыдыраған органикалық материяны детрит деп айтады. Көбіне олар топырақтың бетінде кездеседі. Детритпен қоректенетін ағзаларды детрит қоректі немесе детритофаг деп атайды. Оларға мысал ретінде жауынқұрттарды келтіруге болады. Детритофагтар көбіне өлі материалдың алғашқы стадиясында болады сондықтан олар маңызды рөлге ие. Жауынқұрт (2.58.сурет) топырақтың бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын немесе детрит фрагменттерін пайдаланады. Қоректің бөлшектері жұтқыншақ бөлетін сілтілік сөлмен ылғалдандырылады және ұсақталады, сонан соң жұтылады. Жауынқұрттар ін қазу кезінде жұтылатын топырақтың құрамындағы органикалық заттармен де қоректенеді.
Жауынқұрттың асқорыту тракті тіке құбыр тәрізді болады. Ол ауыз тесігі мен аналь тесігінін арасын қосып тұрады. Оның әрбір бөлігі жұтылған қоректің қорытылуы мен сіңірілуіне арналған ерекшелікке ие. Кез-келген қорытылмаған материал аналь тесігінен құмалақ түрінде шығарылып отырады.
Алғаш рет топырақтың құнарлылығымен құрылымын ұстап тұру үшін жауынқұрттардың маңызды мәніне Чарлз Дарвин назар аударады. Құнарлы топырақта гектарына 2 миллионға жуық жауынқұрттар болуы тиіс. Жауынқұрттың ішегінен өте отырып топырақ ұсақталады және әртүрлі элементермен байытылады. Сонан кейін эксперимент түрінде сыртқа шығарылады. Бұл топырақтың құрылымын арттырады және оның қопсытылуымен қамтамасыз етеді.(жылына гектарына 50 т дейін топырақ қопсытады. Жауынқұттардың соңғы азотты өнімі топырақты құнарлы заттармен толықтырады. Бұл заттарды өсімдіктер пайдаланады. Кальцийдің артық мөлшерін олардың тұздарымен байланыстыру топырақтың қышқылдығын төмендетеді. Сонымен қатар өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Құрттардың жүріп өткен жеріндегі қуыстар топырақтың аэрациясы мен қопсытуын(дренаж) арттырады. Осының арқасында оттегінің көп бөлігі өсімдіктің тамырына жетеді. Детритті топырақтың бетінен өзінің індеріне таси отырып жауынқұрттар экожүйенің өнімділігін және органикалық заттардың ыдырау жылдамдығын арттырады.
8.2.4. Ауыздың тістеуші және шайнаушы бөліктері
Көптеген жәндіктер өсімдіктерімен қоректенеді және олардың ауыз бөліктері тістеуге және шайнап жеуге үйренген. Көптеген өсімдікқоректі жәндіктер ауыл шаруашылығы егістігіне үлкен зиян келтіреді. Оған мысал ретінде шегірткені келтіруге болады. Оның ауыз бөлігі күрделі құрылыстардан тұрады. (8.7 сурет) Жәндіктердің ауыз бөлігінің құрылысын білу үшін олардың тұтас денесінің құрылысына тереңірек көңіл бөлеміз. Олар бірнеше сегменттерден құралған (2.8.6 бөлім). Әрбір сегмент мүшелік өсінділердің жұбынан тұрады. Бас бөлігіндегі өсінділер қоректену үшін модификацияланады. Шегіртке ауыз бөлігі ретінде бастың 4-,5- және 6- сегменттерінің өсінділерін пайдаланады. Бастың төменгі бетін орналасқан ауызды өсінділер қоршап тұрады. 8.7. суретте шегірткенің ауыз аппаратының элементтерінің орналасу реттілігі көрініп тұр. Оларға: жоғарғы ерін (лабрум) , жоғарғы жақтардың жұбы (мандибул) төменгі жақтардың жұбы (максилл) және төменгі ерін ( лабиум). Мандибулдар 4-ші сегментте орналасқан. Максиллдер – 5-те, ал төменгі ерін (өсінділердің өсіп шыққан жұбы) 6-сегментте.
Қоректену кезінде шегіртке жапырақта жоғарғы және төменгі еріндерімен қатты қысады. Бір жерден екінші жерге қозғала отырып, жоғарғы жақтар жапырақты үзіп алып, уақтап отырады. Тағы да максиллдің көмегімен төменгі ерін сілекей бөле отырып ылғалданған тамақты ауызға апарады. Ол одан әрі жұтылады. Сенсорлы өсінділер (саусақ деп аталатын) шегірткеге тамақты иісімен дәміне байланысты табуына көмектеседі. Шегірткетектестер Жер шарының ыстық аймақтарының Африка, Индия, Пакистан, Орталық Азияда, Оңтүстік Америкада маңызды зиянкестеріне жатады. Шегірткенің шабуылы өте ертедегі Египеттегі Библияда суреттелген. Шегірткенің санының артуының ұшқыны ретсіз интервалдармен орындалып отырады және бірнеше маусым бойына жалғасып отырады. Шегірткенің популяциясы бірті-бірте төменгі тығыздықтан жоғарыға дейін артып отырады. «Ұшқын эпицентрінде» қорек мөлшері азайғанда, популяцияның көп бөлігі жаңа мекен іздеуге көшіп отырады. Бұл этапта шегірткенің көп мөлшері шоғырланады. Және барлық ересек особтары үйірімен бірге көшеді. Олардың құрамында 10 млрд жуық особ болады. Олар өсімдіктердің барлығы жойып жіберуге дейін барады. Ауылшаруашылық егістіктерін жойып жіберіп, нағыз аштыққа алып келеді. Халықаралық ынтымақтастық шегірткенің популяциясын үнемі бақылап отырады. Қауіптірек аймақтарды алдын-ала анықтап, инсектицидтер шашумен жұмыстанады. Шегірткенің үйірін бақылап отырады, керек кезінде ұшақпен және жердегі техникалар мен жойылып отырады.
8.2.5. Сұйық тамақпен қоректену
Кейбір жәндіктер соруға маманданған ауыз бөліктерін пайдалана отырып, сұйық қорекпен қоректенеді, мысалы, көбелектер, ал өсімдік бітесі мен масалар шаншу мен сору бөліктерін пайдаланады.
Сору
Орамжапырақ ақ көбелегі сияқты көбелектер ұзын тұмсықтарымен қоректенеді(2.61 сур.). ол екі максилден түзіледі (жоғарыда көрсетілгендей, шегірткеде олардың атқаратын қызметі мен құрылымы мүлдем басқаша. Максилдің әр бөлігі өте күшті созылған, оның көлденең қимася С әрпіне ұқсас(8.9 сур.). екі С-тәрізді бөлік бір-біріне дәлдеп әкелінген және олар ұзын түтікше немесе тұмсықшаны түзеді. Мандибулдар (жоғарғы жақтар) шегірткелердегідей көбелектерде болмайды, ал сенсорлық пальпаларнашар жетілген. Тыныш кезде ұзын тұмсық спираль тәрізді оралып бастың астында орналасады. Сору кезінде тұмсықшаның әрбір жартысының бұлшықеттерінің рефлекторлық қысқаруының нәтижесінде тұмсық түп-түзу болады. Көбелектер гүлдердегі шырынмен қоректенеді. Тұмсық гүл тәжінен өтіп, тура шырынға қадалады. Шырын судағы қант ерітіндісіндей болады. Жұту бұлшықеттері (8.9 сур.) қысқарған кезде шырын жәндіктің аузына сорылады. Көбелектің тұмсығының ұзындығы көбіне гүл тәжі түтігінің тереңдігіне сәйкес келеді. Сондықтан көбелектердің әрбір түрі тек бір не бірнеше гүлдерге қонуға қабілетті. Көбелектер тозаңданудың маңызды атқарушысы болып есептеледі. Бұдан шығатын қорытындығ гүлдер мен көбелектер бір-біріне тәуелді. Мұндай тәуелділікті мутуализмнің мысалы ретінде алуға болады.
Шаншу және сору
Өсімдік биті өсіміктердің жапырақтары мен сабақтарынан бөлінетін шырынмен қоректенеді. Көбелектердегідей өсімдік биттерінде тұмсықша түзетін ұзартылуға маманданған ауыз бөлігі болады. Бірақ ол тек өсімдік ұлпаларын сору үшін емес, сонымен қатар шаншу үшін жетілдірілген. Тұмсықша флоэманың ұзын елек тәрізді түтікшесіне өтуі тиіс. Онда өсімдікке қажетті сахарозаның жоғары концентрациялы ерітіндісімен басқа да қоректік заттар ағып отырады. Өсімдік биттерінің максилдері бір-біріне стилет деп аталатын , өткір тікенекті тұмсықша түзу үшін ыңғайландырылған. Бөлшектенген төменгі ерін стилеттің қынабы қызметін атқарады және шаншуға қатыспайды. Өсімдіктің ұлпасына елек тәрізді түтікшеден өте отырып тек стилет жетеді. Осымен өсімдік битінің жұмысы аяқталады , себебі елек тәрізді түтікшедегі заттардың қысымы жоғары болады да, өзінен-өзі стилет сорылады, сонан соң асқорыту каналына түседі.
Ғалымдар елек тәрізді түтікшедей заттарды зерттеу үшін өсімдік биттерін пайдаланған. Қоректеніп жатқан битті анестизиялағаннан кейін оның денесін елек тәрізді түтікшелерден әлі шырын келіп жатқан стилеттен бөліп алған. Биттер ауылшаруашылық және бақшалық дақылдардың өте күшті зиянкестеріне жатады. Биттер шабуылына мына маңызды өсімдіктер тап болып отырады: астықтар, бұршақтар, картоп, жеміс ағаштары және бұталар, мақта өсімдігі. Жылыжай дақылдары да олардың шабуылына ұшырайды. Биттермен күресу үшін биологиялық және химиялық әдістер қарастырылады. Мысалы, қызылқоңыз (ханқыз) жыртқыш ретінде биттермен қоректенеді. Бірақ инсектицидамен өңдеу биттермен бірге қызыл қоңыз және т.б. жәндік-жыртқыштарды да жойып жібереді. Сондықтан мұндай өңдеу кері әсерге – биттердің популяциялық өсуіне әкеледі. Зиянымен қатар биттер бір өсімдіктен екінші өсімдікке вирус ауруын жұқтырушылар болып есептеледі.
8.3. Адамның асқорыту каналы
Астың қорытылуы мен сіңірілуі адамда асқорыту немесе азқазан-ішек жолдарында жүреді. Қысқаша айтқанда, ауыз қуысы мен аналь тесігіне дейін тартылған асқорыту түтікшесінде жүреді. Асқорыту түтікшелерінің қабырғасы дененің сыртқы бетінің жалғасы болғандықтан, ондағы ас адам денесінің сыртындағыдай әсерде болады. Ас ағзаға әуелі тіс арқылы және ішек қабырғасының бұлшықеттері арқылы механикалық жолмен ұсақталып( механикалық қорытылып), содан кейін ондағы күрделі жоғары молекулалық қосылыстар ферменттер әсерінен майдаланып, ішек қабырғасына сорылатын өте қарапайым молекулаларға айналғанна кейін барып сіңіріледі.
Бұдан қоректік заттар қан мен лимфаға өтеді. Олар ағзаның әртүрлі ұлпалар жасушаларына тасымалдайды. Онда олар соңына дейін сіңіріледі. Қорытылмаған астың қалдықтары аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Бұл этапта қоректенудің негізгі процестерін еске түсіруге болады ( 8.1.1. бөлім).
Адамның ас қорыту жүйесі ерекшеленген бөлімдерге бөлінеді. Олардың әрбірі қорытылу мен сіңірілудің жалпы процесі кезінде маңызды рөлге ие болады. Бұл бөлімдер мен олардың функциялары туралы қысқаша мәліметтер 8.11 суретте көрсетілген.
8.3.1 Адамның асқорыту жүйесінің жалпылама құрылысы
Асқорыту түтікшесінің әр бөлімі белгілі бір морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерге ие. Бірақ олардың 8.12 суретте көрсетілгендей бір ортақ мақсат үшін құрастырылған. Асқорыту түтікшелерінің қабырғасы төрт түрлі қабаттардан тұрады: сілекейлі қабықша, сілекей асты негіздер, бұлшықет қабықшасы, сероз қабықшасы.
Сілекейлі қабықша
Сілекейлі қабықша асқорыту түтікшесінің ең ішкі қабаты юолып есептеледі. Ол эпителий ұлпасынан, өзіндік қабат пен бұлшықет қабатынан тұрады. Дәл осы қабықшада безді жасушалар болады және мұнда сіңірілу жүреді.
Эпителий жасушалары сілемейдің көп мөлшерін секрециялайды, ол асқорыту жүйесі арқылы тамақты оңай жүруі үшін бүркемелеп тастайды. Сілемей сонымен қатар ішек қабырғаларының өздерінің ферменттерімен қорытылып кетуінен сақтайды. Кейбір эпителий жасушалары ішектің бетіне микроталшықтар алып келеді. Оның құрамында мембраналарға сіңірілген ферменттер бар. Микроталшықтарды жарық микроскопымен шимайланған жұқа қабатты көруге болады. Олар жасушалардың бетіне перпендикуляр орналасқан. Өзінің шимайланғандығының арқасында, қабаттыщеткалық жиек деп атайды. Эпителий жасушалары базальды мембранада жатады. Оның астындаөзіндік қабат болады. Ол қантасушы және лимфалық тамырлары бар дәнекер ұлпасын ұстап тұратын қабаттан тұрады. Өзіндік қабаттан көп бөлігінде эпителийдің бөлінуінен пайда болған бездер болады. Өзіндік қабаттың сыртында сілемейлі бұлшықет қабаты – тегіс бұлшықеттің жұқа қабатшасы бар. Берілген қабатшаның негізгі мақсаты сілемейлі және сілемей асты қабаттарды асқорыту жүйесінің кейбір бөлімдерінде бөліп отыру.
Сілемей астылық негіз
Сілемейасты негіз құрамында жүйке өрімдері, қантасушы және лимфалық тамырлар, коллагенді және эластикалық талшықтары бар дәнекер ұлпасынан тұрады. Он екі елі ішектің сілемейасты негізінде сілекей бездері бар. Олар сілемейлі қабықшаның бетіне өзінің сөлін (секретін) жолдар бойымен бөліп отырады.
Сыртқы бұлшықеттік қабат
Бұлшықеттік қабат тегіс бұлшықеттің екі қабатшасы – сақиналы және сыртқы бойлық. Тегіс бұлшықеттің жұмысы вегетативті жүйке жүйесінен бақыланып отырады. Олардың қозғалысы еріксіз түрде, мидың саналы бақылауынан тыс жүреді. Бұл екі қабатшаның координациялы қысқаруы ішектің қабырғасының толқын тәрізді перестальтикалық қозғалысын туғызады. Олар тамақтың ішек боцымен қозғалуына ықпал етеді және тамақтың араласуын да қамтамасыз етеді.
Сақиналы және бойлық бұлшықет қабықшалары арасында ауэрбахово жүйке өрімдері болады. Ауэрбахово жүйке өрімдері вегетативті жүйелі жүйкелерден тұрады. Олар перистальтикана бақылап отырады. Симпатикалық жүйкелер арқылы өтетін импульстер асқорыту жүйесінің босаңсуына және сфинктерлердің босаңсуына алып келеді. Ол кезде парасимпатикалық жүйкелер арқылы өтетін импульс ішек қабырғаларының қысқаруы мен сфинтерлердің босаңсуына алып келеді. Сақиналы бұлшықет пен сілемейасты негіздің қабатшалары арасында тағы бір жүйке өрімі – мейснерово орналасқан. Ол асқорыту жүйесінің қабырғаларындағы бездердің секрециясын бақылап отырады.
Асқорыту түтікшесінің бөліктерінде сақиналы бұлшықет қабатшасы жуандайды да сфинктерлер деп аталатын құрылым түзеді. Сфинктерлердің босаңсуы мен қысқаруы түйірлерінің асқорыту жүйесінің бір бөлігінен екінші бөлігіне орын ауыстыруын бақылап отырады. Сфинктерлер өңештен асқазанға, асқазаннан он екі елі ішекке ( пилорикалық сфинткер), мықын ішектен соқырішекке өтетін өткелдерде және аналь тесігінің маңында болады.
Сероздық қабықша
Сероздық қабықша асқорыту түтікшесінің ең сыртқы қабатшасын түзеді. Ол жұмсақ талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Асқорыту түтікшесінің беті сыртынан барлық ұзындығының бойына (өңештен басқа) көкетпен қапталған. Ол асқорыту жүйесінің негізгі бөлімі орналасқан құрсақ қуысын қалқалайды, сонымен қоса шажырқайды түзеді. Ол дененің артқы қабырғасын асқазан мен ішектерді әрі асып, әрі ұстап тұрады. Шажырқай көкеттің екі қабықшасынан құралған. Онда ішектің бағытымен және кері қарай жүйкелер, қантасушы және лимфалық тамырлар орналасқан. Шажырқайдың беті ылғалды болады. Ол асқорыту жолындағы мүшелердің бір-бірімен жанасқандағы кедергіні азайтады.
8.3.2 Адамның тіс аппараты
Тіс типтері:
Адамның екі – жоғарғы қозғалмайтын және астыңғы қозғалатын жақтары болады. Екі жақтың да тістері болады. Олар тамақты ұсақтауға (шайнауға) пайдаланылады. Бұл механикалық процес ферменттер әрекетіне жеткілікті болатын тамақтың беттік ауданын арттырады. Тістер өзінің функциясын атқаруға қабілеттенген қатты түзілістен тұрады. Бүкіл өмірінде адамның тістерінің екі әртүрлі жиынтығы болады. Бірінші сүт тістері пайда болады, олар уақыт өте тұрақты тістермен ауысады. Адамның тістері әртүрлі форма мен өлшемдерде болады және шайнау бетінің әртүрлілігіне ие болады. Тұрақты тістердің саны адамдарда – 32 болады, 8 күрек тістер (і), 4 сойдақ тіс (с), 8 жалған азу ( премоляр; рm) және 12 азу (моляр;ш) тістері. Тістердің құрамын тіс формуласымен көрсетуге болады. Тұрақты тістер үшін ол мынадай түрде болады.
Мұнда әріптер тістің латынша атауының бірінші әріптері, тырнақшаның үстінде жоғарғы жақтың тістерінің әрбір типтерінің сандары, ал тырнақшаның астында төменгі жақтың тістерінің әрбір жағында саны берілген.(8.13 сур.). тістердің саны, өлшемі, пішіні адам пайдаланатын тамақтарға байланысты бейімделген.
Тістердің әр типінің қызметі мен құрылысы төменде сипатталған:
2[i2/2 c1/1 pm2/2 m3/3]
Тіс құрылымының жалпы жоспары
Тістің көрініп тұрған бөлігі сауыт деп аталады, ол кіреукемен қапталған(8.14 сур.). ол ағзадағы ең қатты зат болп есептеледі және қиратуға берік келеді. Тіс мойны иек батып тұрады, ал түбір жақ тістің негізін құрайды. Дентин айтарлықтай ьерік болса да, қаттылық пен қиратуға беріктігі жөнінде кіреукеде қалып қояды. Онда бірнеше арналарға арналған қуыстар болады. Бұл арналарда одонтобласттардың –дентин түзетін жасушалар цитоплазмалық өскінініен тұрады. Тістің пульпарлы қуысында одонтобласттар, сенсорлы жүйке ұштары және қантасушы тамырлар болады. Олар тістің тірі ұлпаларына қоректік заттарды алып келеді және олардың өміріндегі қалдық өнімдерді жойып отырады.
Тістің түбірі цементпен – сүйекке ұқсас затпен жабылған. Көптеген талшықтар бір ұшын цементке, екіншісін сүйекке бекітіп тісті орнында мықты түрде ұстап тұрады. Тіс болмашы ғана қозғалғыштығының арқасында шайнау кезінде сынып кетпейді.
Тіс аурулары
Екі негізгі тіс аурулары бар – пародонтоз және кариес. Екі аурудың да себебі – тіс өңезінің пайда болуы. Оның құрамында бактериялар мен сілекей затының араласқан қоспасы болады. Егер бактериялардың жиналуына жол берсек, онда қызыл иек ауруы – пародонтоз пайда болады. Тіс өңезі сілекейдің бірнеше химиялық компоненттерінің өзара әрекеттесуінен қатты және кальцийленген боп шығады. Соның арқасында қарапайым тіс тазалау кезінде кетпейтін тіс тасы түзіледі. Кейбір бактериялар тіс жиналмасында өмір сүре отырып, тамақпен келетін қантты қышқылға айналдырады, ол кариеске әкеледі(сурет 8.15).
ПАРОДОНТОЗ. Пародонтоз- микроорганизмдермен келетін қызыл ектің ауруы, десной мен тістің арасында тіс ұшу болады. Ауыз қуысы гигиенасын сақтамау ауру дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Алдымен қызыл иектің қабынуы байқалады. Әдетте қабыну ауру туғызбайды, алайда, егер бұл процесс жойылмаса, онда жағдай одан әрі дамуы мүмкін; ол тістің тамырына таралып, тіс орнығуына байланыстыталшықтар жойыла береді. Соңында тіс қирап түсіп қалуы мүмкін.
КАРИЕС. Тіс ұшының құрамына кіретін микроорганизмдер қышқыл құрамындағы қантты түрленіге қабілетті.Алдымен эмаль жай және ауырмастан қышқылдың әсерінен бұзылады.Дентин мен пульпада мәселе туған кезде қатты ауыру туындайды және бұл жағдай тістен айырылуға дейін әкеледі.Тістің кариесінің дамуында бірнеше факторлар рөл атқарады. Олардың қатарына мыналар жатады: ұзақ тамақтану, құрамында қант бар тағамдарды қабылдау; сілекей құрамының өзгеруі; ауыз қуысы гигиенасының ережелерін сақтамау; ауыз судағы фтордың төмен деңгейі. Кариестің дамуының алдын алуғас ауыз суындагы фтор мен кейбір азық-түлік өнімдері ықпал етеді, мысалы, сүт; балаларға таблетка тұтыну, құрамында фтор бар ағамды пайдалану; фторланған тіс пасталар; егжей-тегжейлі ережелерін сақтау, ауыз қуысы гигиенасы; тіс дәрігеріне тұрақты бару және ауыз қуысы гигиенасын сақтау, сондай-ақ теңдестірілген және салауатты диеталар.
8.3.3. Ауыз қуысы
Ауыз қуысы ауыз тесігінен кейінгі орналасқан камераны білдіреді. Онда тамақтың шайналуы жүреді. Шайнау үрдісі кезінде , бұлшықеттен құралған тіл тамақты ауызда араластырады, және араластыра отырып, оны сілекеймен ылғалдайды. Тілдің бетінде дәмдік баданалар орналасқан(8.16 сур.). олардың тәттіні, ащыны, қышқыл заттарды сезетін рецепторлары бар. Қарапайым (туа біткен) және шартты (пайда болған) рефлекстер сілекей сөлін сілекей бездерінен бөліну кезінде маңызды рөлді көз бен мұрынның иіс сезу рецепторлары атқарады.
Бір күн ішінде адамның сілекей бездері 1,5 л сілекей бөледі. Сілекей дегеніміз – құрамында амилаза мен лизоцим ферменттері бар, және сілемей мен әртүрлі минералды тұздар, соның ішінде хлоридтер бар және ферменттердің белсенділігін арттыратын судың сөлі болып табылады. Сілемей тамақты ылғалап және майлай отырып, оның жұтылуын жеңілдетеді. Сілекей амилазасы крахмалды алғашында өте қысқа полисахаридті тізбекке дейін, содан соң мальтоза дисахаридіне дейін қорытады. Лизоцим ауру тудыратын бактерияларды жасуша қабырғаларының бұзылуын катализдей отырып өлтіреді. Ақырында жартылай қатты, біразы қорытылған тамақ кесектері бір-біріне жабысады және тамақ түйіріне айналады. Одан әрі жұтқыншаққа қарай ығыстырылады. Рефлекторлық актінің нәтижесінде ол ары қарай жұтылады және өңешке барып түседі.
8.3.4 Өңеш
Өңеш жіңішке түтікшеге ұқсас және ол бұлшықетті қабырғасы мен сілемей бөлетін бездері орналасқан көпқабатшалы жазық эпителий төселген қабырғадан тұрады(6.3.2. бөлім)(8.17 сур.). Оның ұзындығы адамда 25см болады. Өңештің перистальтикалық қозғалысының арқасында тамақ түйірі мен сұйықтың жұтқыншақтан асқазанға жылдам тасымалданады.
8.3.5. Перистальтика
Тамақ түйірі асқорыту жүйесінің қабырғасының сыртқы бұлшықеттік қабықшасының бұлшықетінің қысқаруының нәтижесінде асқоорыту жүйесімен ығыстырылады. Ол бұлшықеттің сыртқы бойлық және ішкі сақиналық қабатшаларынан тұрады. (8.12 сур.). тамақ түйірінің соңынан асқорыту жүйесінің қабырғаларын қыса отырып, сақиналы бұлшықет қысқарады, ал тамақ түйірінің алдында бойлық бұлшықеттер қысқарады, олар қысқара отырып асқорыту жолын кеңейтеді. Соның арқасында тамақ алға ығыстырылады(8.18 сур.). Бұл ырғақтық сегментация деп аталады. Асқазан мен тік ішекте қозғалыстың басқа типі де болуы мүмкін – маятниктәрізді қозғалыс. Асқорыту түтікшелері бөлімдерінің қабырғалары күтпеген жерден және жылдам қысқарып отырады және тамақты бір қабырғадан екінші қабырғаға апарып отырады, осылай тамақты мұқият араластырады. Жалпы айтқанда, бұл тип перистальтикалық қозғалысқа жатпайды. Қорытылу тракты әртүрлі жерде бір мезгілде қысқарады(сегментальды қозғалыс).
8.3.6. Асқазан
Адамның асқазаны құрсақ қуысының сол жағында, көкеттің астында орналасқан. (8.11 сур.). Ол тамақ қабылдау үшін созылатын бұлшықетті қапшықты елестетеді. Созылмай тұрғанда асқазан қабырғасы қыртыстарды түзеді. Асқазан толықтай созылған кезде 5 л-ге жуық тамақты сиғызады. Төменде асқазанның негізгі қызметтері көрсетілген.
Кардиальды сфинктер өңешпен асқазанның арасында, пилорикалық сфинктер асқазан мен он екі елі ішектің арасында болады. Олар асқазанда тамақтың өздігінен шығып кетуін бақылап отырады. Екі сфинктер клапан сияқты жұмыс жасайды және тамақты асқазанда 4 сағ. дейін ұстап тұрады. Пилорикалық (қақпақтық) сфинктердің белгілі бір уақыттардан кейін босаңсуы питтидің азғантай мөлшерінің он екі ішекке жіберілуіне жол беріледі.
Асқазан қабырғаларының бұлшықеттерінің қысқаруының арқасында тамақ асқазан сөлімен жақсы араласады да химус деп аталатын жартылай сұйық затқа айналады. Уақыт өте келе сақина тәрізді пилорикалық сфинктер ашылады да химустың азғантай мөлшері асқазаннан он екі елі ішекке ығыстырылады.
8.3.7.Аш ішек
Аш ішектің бірінші бөлімі он екі елі ішек деп аталады. Оның ұзындығы шамамен 25 см құрады. Онда ұйқы безі мен өттің жолдары ашылады. Он екі елі ішек ұзындығы 3 м-ге жуық мықын ішекке өтеді(өлген кезде ол босаңсиды да оның ұзындығы одан да ұзаруы)(8.11. мен 8.21 сур.). Сілемейлі қабықшаның сілемейасты негізінің қатпарлы жүйесі болады(8.21, А).
Бүрлер арасында ұзын түтікшелі қуыстарды либеркюнді криптер деп атайды(8.21.Г сур.). Дәл осы жерде жаңа эпителий жасушалары түзіледі. Олар үнемі бүрлердің қабыршақтанатын жасушаларының орнын болып отырады( мұндай жасушалардың орташа өмірі 5 күнге жуық). Сонымен қатар , бұл криптердің жасушалары аз сілтілік сұйықтық – ішек сөлін секрециялайды. Оның құрамында су мен сілекей болады және ол ас қорыту жүйесіндей заттардың көлемінің үлкеюіне септігін тигізеді.Панета жасушалары криптердің негізінде орналасқан және антибактерияльды фермент – лизоцимді секрециялайды. Олар туралы сілекейді талқылағанда айтылған болатын.
Аш ішектің барлық ұзындығына ерекше эпителий жасушалары орналасқан. Олар бокал тәрізді жасушалар деп аталады және олар сілемейді секрециялайды. Олардың қызметі 8.3.1. бөлімде қарастырылған болатын( сілемейлі қабықшаның сипаты). Он екі елі ішекте асқазан сөлін бейтараптайтын, рН мәнін 7-8-де ұстауды қамтамасыз ететін сілтілік сұйықтықты секрециялайды.рН 7-8 мәні аш ішектің ферменттерінің жұмысына оңтайлы болады.
8.3.8. Аш ішекте астың ферменттер көмегімен қорытылуы
8.22 суретте көмірсулардың белоктардың және липидтердің қорытылу жолдары жалпылама көрсетілген. Аш ішектің барлық асқорыту ферменттері, тек ұйқыбезінің ферменттерінен басқасы, эпителийдің микробүрлерінің плазмалық мембранасына байланысы болады(8.21,Е сурет) немесе эпителий жасушаларының ішінде болады. Дәл осы жерлерде дисахаридтердің, дипептидтердің және кейбір трипептидтердің соңғы гидролизі жүреді.(8.23 сур.). Мұндай гидролиздің соңғы өнімі боп сәйкесінше моносахаридтер мен аминқышқылдар есептеледі. Асқорытуға қатысатын ферменттердің тізбелері 8.3 кестеде көрсетілген.
Аш ішекке өзінің ферменттерінен басқа да ұйқы безінің сөлі мен бауырдан өт сұйықтығы келіп тұрады. Өт сұйықтығы гепатоциттерде түзіліп өтте сақталады. Аш ішекке өт сұйықтығы өте отырып, құрамындағы тұздардың қоспасының (өт тұздары) арқасында табиғи детергенттер сияқты әрекет етеді. Ол май глобулдарының беттік керілуін азайтады. Яғни өте ұсақ тамшылар түзілуінің әсерінен олардың бетінің жалпы ауданы үлкейеді. (бұл үрдіс эмульгиялау деп аталады). Бұл өте ұсақ тамшылар липаздың (липидтерді ыдырататын фермент) әсеріне тиімді түрде шалынады. Бауырдың қызметі мен құрамы туралы толық ақпарат 19-тарауда көрсетілген.
Ұйқы безі асқазан астында орналасқан ірі бездердің бірі болып есептеледі( 8.11 сур.). онда ұйқы безінің жолдары арқылы он екі елі ішекке келіп түсетін асқорыту ферменттерінің бірнешеуін секрециялайтын жасушалар тобы бар( 5.29 сур.). Оларға мынадай ферменттер жатады:
8.3.9. Аш ішекте астың сіңірілуі
Қорытылудың соңғы өнімдерінің сіңірілуі мықын ішектің бүрлерімен жүзеге асады. 8.21 Т7, Д, Е, суреттерде көрсетілгендей бүрлердің құрылысы осы қызметтің орындалуын өте жақсы лайықты келеді. Моносахаридтер, дипептидтер және аминқышқылдар қантасушы капиллярларға диффузия арқылы не белсенді тасымал арқылы келеді.(8.23 және 5.22 сур.).
Моносахаридтер, дипептидтер және аминқышқылдарының сіңірілу үрдісі кезіндегі белсенді тасымалының артықшылығы неде?
Қантасушы капиллярлар бүрлерден шыға отырып бірігеді, содан соң қорытылудың сіңірілген өнімдері бауырға келіп түсетін бауырдың қақпалы венаны түзеді.
Май қышқылдары мен глицерол бүрдің цилиндрлі жасушаларына келіп түседі. Мұнда олар тағы да липидтерге айналады. Эпителий жасушаларында кездесетін белоктар липопротеинді глобул түзе отырып,липидті молекулаларды жұқа қабатшамен қаптайды. Ол хиломикрондар деп аталады. Олар эпителий жасушаларын экзоцитоз жолымен тастап шығады, сосын бүрлердің лимфалық тамырларына келіп түседі. ( 8.21 Г сур.). ішектен ағатын лимфаларда олар ақ қылып тұрады. Сондықтан оларды кейде химус деп атайды. (от лат. chylus — млечный сок). Хиломикрондар лимфалармен бірге лимфалық тамырлармен тасымалданады және жүректің маңындағы қантасушы тамырларға түседі, мұнда қанның сұйық бөлігі – плазмаға келеді. Мұнда плазманың ферменттері тағы да липидтерді май қышқылдарымен глицеролға дейін гидролиздейді. Әрі қарай олар жасушалармен сіңіріледі және мұндай пішінде тыныс алуда, май түрінде бауырда, бұлшықетте, шажырқайда, тері асты қабатшасында қолданылады.
Аш ішекте басқа маңызды заттар: неорганикалық тұздар, витаминдер және сулардыың сіңірілуі жүреді. Мықын ішек пен соқыр ішектің арасындағы сфинктер бұлшықеті уақыт өте келе қысқарады және босаңсиды. Осылай аш ішектегі өнімдердің азғантай мөлшерін тоқ ішекке жіберіп отырады.
8.3.10. Тоқ ішек
Тоқ ішекте астың қорытылу енді жүрмейді. Сұйықтық (90% жуығы) пен тұздардың көп бөлігі аш ішекте сіңіріледі. Соқыр ішек пен жиек ішекте қалған сұйықтықтың 90 % жойылады. Кейбір неограникалық иондар, соның ішінде кальций мен темір ( ағзадағы артық заттарда кездесетін) тұз түрінде және алмасудың соңғы өнімдері ретінде бөлініп отырады. Тоқ ішектің эпителий жасушалары астың қорытылмай қалған өте тығыз бөлігін, нәжіс деп аталатын майлайтын сілемейді секрециялайды.
Тоқ ішекте аминқышқылдары мен кейбір витаминдерді синтездейін симбиотикалық бактериялардың көптеген түрлері кездеседі. Сонымен қатар қан тамырларға сіңірілетін К витамині де синтезделеді.
Адамдарда құрт тәрізді өсінді соқыр ішектің соқырланып бітетін қалтасын елестетеді. Оның міндеті әлі күнге дейін белгісіз. Шөп қоректі жануарларда ол өте маңызды мағынаға ие. (8.6.2 бөлім). Нәжістің құрамы өлген бактериялардан, целлюлозадан және басқа да өсімдік талшықтарынан , өлген эпителий жасушаларынан, сілемейден, холестеролдан, өт бөлетін пигменттерден және судан тұрады. Олар тоқ ішекте тоқ ішекте 36 сағ. жуық уақыт болады да, тік ішекке келіп түседі. Онда азғантай уақыт болып, аналь тесігімен сыртқа шығарылады. Аналь тесігінің маңында екі сфинктер болады. Олар : тегіс бұлшықеттен түзілген вегетативті жүйке жүйесінің бақылауында болатын – ішкі, көлденең жолақты бұлшықеттен түзілген, орталық жүйке жүйесінің бақылауында болатын – сыртқы. 8.4 кестеде адамның асқорыту каналдарының негізгі бөлімдерінің арасындағы құрылымдық айырмашылықтары жинақталған.
8.4. Асқорыту бездері қызметінің жүйкелік және гормондық реттелуі
Асқорыту ферменттері мен басқа да заттардың, соның ішінде тұз қышқылы секрециясы энергияның жұмсалуын қажет етеді. Егер ағзадағы секрециялар үздіксіз әрі тамақсыз жұретін болса, ол үлкен шығынғы әкелер еді. Шындығында, асқорыту сөлдерінің негізгі бөлігі тек қорытатын тамақ барда бөлінеді. Асқорыту белсенділігінің жалпы координациясы мен регуляциясы жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйемен (гормон бөл. бездер жүйесі) жүргізіліп отырады. Төменде осы регулияцияның кейбір сұрақтары талқыланады.
8.4.1. Сілекей
Сілекей бездерімен сілемейдің ауыз қуысындағы секрециясы рефлекстік екі типімен:қарапайым шартсыз(туа біткен) және шартты бақыланады.
Біріншісі ауызда тамақ болған кезде тындайды. Тамақ тілдің дәм сезу бүртіктерімен жанасқанда(8.16 сур.) тәтттіге, тұздыға, қышқылдыға және ащыға сезімтал рецепторлар симулденеді. Осы рецепторлардан сенсорлық нейрондар жүйке импульстерін миға жібереді. Мидан сілекей бездеріне қозғалтқыш нейрондар арқылы жүйке импульсеры жіберіледі. Сілекей бездері сілекейді секрециялайтын эффектор болып есептеледі. Бас миы арқылы өтетін рефлекстер – кранальды (бассүйектің) деп аталады. Екінші шартты рефлекс – тамақты көргенде, иіскегенде жйне ойлағанда пайда болады. Егер сіз босаңсып, лимон шырынын тілге тамып тұрғанын ойласаңыз, онда сізден тезірек сілекей бөліне бастайды. Шартты рефлекстер тәжірибе жүзінде пайда болады. Жақсы мысал ретінде, И.П.Павловтың итке тамақ берер алдында қоңырау соғу тәжірибесін келтіруге болады. Ақырында итте сілекей бөліну бір ғана қоңырау кезінде бөліне бастайды. Басқа сөзбен айтқанда, итте шарты рефлекс пайда болды. Ол да кранальды болып табылады және жай рефлекс сияқты жолмен іске асады. Маңызды рецепторлардың қатарына көз, дыбыс, және иіскеу ( иіс сезуді қамтамасыз ететін) рецепторлары жатады.
8.4.2. Қарын (асқазан) сөлі
Қарын сөлінің секрециясы 3 фазада жүреді. Бірінішісі – жүйкелі. Ауыз қуысында тамақтың болу және оның жұтылуы қарынға ми арқылы адасқан жүйкемен берілетін жүйке импульсін жібереді. Түр,иіс,дәм және тамақ туралы ой осындай рефлексты тудыра алады. Барлық тітіргендіргіштер қарын бездерінің қарын сөлінің секрецилануына стимул береді, яғни тағам қарынға түспес бұрын алдын ала секреция басталады, сәйкесінше қарын тамақ қабылдауға дайындалады. Жүйкелік фаза жуықтап 1 сағ, созылады.
Екіншісі – қарындық – ас қарынның сілемейлі безін стимулдағанда жүреді. Тамақ қарынға түскен кезде оны кеңейтеді, қабрғаларының рецепторларын тітіркендіреді. Бұл рецепторлар сілемейлі негіздің мейснерін жүйке өрімдеріне жүйкелік импульстарды жібереді.(8.11 сур). сонан соң жүйкелік импульстар қарын бездерінен бағытталады, қарын сөлінің бөлінуіне ықпал етеді. Қарынның созылуы мен онда тамақтың болуы сілемейлі қабықшаның арнайы эндокриндік жасушаларын белсендіреді, соның арқасында гастрин гормонының бөлінуі орындалады. Ол қан арналары арқылы қарын безіне жетеді де олардан тұз қышқылына байытылған қарын сөлінің өндірілуіне ықпал етеді. Бұл фаза 4 сағ созылады.
Үшінші фаза – ішектік – аш ішекте жүреді. Он екі елі ішекке қышқылды химус түскенде және оның қабырғаларымен жанасқанда жүйкелік және гормондық жауаптар жіберіледі. Тамақ бар кезде аш ішектің рецепторларын стимулдендіріледі, бірақ ми арқылы өтетін рефлестер қарын сөлінің секрециясын ингибирлейді және қарыннан химустің босатылуын баяулатады. Бұл аш ішекке тамақтың бірден тым көп лақтырылуын тоқтатады. Он екі елі ішектің сілемейлі қабықшасы толықтыру үшін екі гормонда өндіреді. Олар холецистокинин (ХЦК) және секретин (ХЦК панкреозимин деген атпен белгілі, бірақ бұл атаудың тек біреуін, әсіресе, ХЦК қолданған жөн болады). Бұл екі гормонда қарынға, ұйқы безіне және бауырға қантамырлар арқылы жеткізіледі. Қарында секретин қарын сөлінің секрециясын ингибирлейді, ал ХЦК қарындағы тамақтың босатылуын баяулатады.
8.4.3. Панкреатион сөлі мен өт сөлі
Қарыннан он екі елі ішекке қашқылды химус келіп жеткенде, онда секритн мен ХЦК бөлінеді. (жоғ. Қараңыз). Секретин қашқылдың келуіне жауап ретінде бөлінеді, ал ХЦК – ң секрециясы жартылай қорытылған майлар мен белоктардан стимулденеді. Екі гормонда ұйқы безінің сөлі мен өт сөлін өндірілуін реттеп отырады. Өзінің әсерімен секретин қышқылға қарсы гормон болып есептеледі. Ол ұйқы безі мен бауырда гидрокарбонатты иондардың түзілуіне ықпал етеді және ұйқы безінің сөлі мен өт сөлінің сілтілігін көтереді. Пайда болатын сілтілік орта қарыннан келетін қашқылды бейтараптайды. ХЦК ұйқы безінің он екі елі ішекке арналған өт сөлін босату үшін өттің сығылуын шақырады.( 8.11 сур.ұйқы безінің, бауыр мен өттің күйлері). Өт сөлі бауырда түзіледі, бірақ өтте концентрацияланады және сақталады. Өт сөлінің мәні рН 7,6-8,6 шамасында болады.
Ұйқы безінің сөлі мен өт сөлінің секрециясы сонымен қатар жүйке рефлекстерімен стимулденеді. Қарынның асқорытудың жүйкелік және қарындық фазалар бойында (8.4.2. бөлім) адасқан жүйке бауырдың өт сөлінің секрециясын және ұйқы безінің ферменттерінің секрециясын шақырады.
8.5. кестеде асқорыту жолымен әртүрлі бөлімдерінің секрециялайтын гормондары және олар әсер ететін мүшелер көрсетілген.
8.5. Сіңірілген қоректік заттардың тағдыры
Моносахаридтер мен аминқышқылдары бүрлердің қантасушы тамырларына сіңіріледі, сонан соң бауырдың қақпалы вена арқылы бауырға келіп түседі. Бауырда глюкозаның көп бөлігі сақталады. Олар гликоген немесе май түрінде бұлшықеттерде жинақталады. Глюкозаның кейбір мөлшері бауыр венасы арқылы бауырдан кетеді және дем алғанда тотығу үшін немесе басқада қызметтер үшін ағза бойына таралады. Егертамақ қабылдау кезеңдерінің арасында ағзаға қосымша энергия керек болса, онда бауырда сақталып, тұрған гликоген қайтадан глюкозаға айналады да қантамыр жүйесімен қажетілікке ұшырап отырған ұлпаларға жеткізіледі.
Аминқышқылдар белоктарда синтездеу үшін қолданылады. Белоктардың қызметі 3.9.-кесте келтірілген. Цитоплазманың негізгі құраушылардың бірі бола жүріп, белоктар өсу мен репарация үрдістерінің ең маңызды рөлдерінде жүреді. Ферменттер мен кейбір гармондар белок болып есептеледі. Аминқышқылдардан артық бөлігі сақталынбайды, сондықтан олар бауырда дезаминирленеді. Дезаминирлену үрдісінде олардан амитоптар ( NH2 ) ыдырап кетеді жәнеолар несеп нәрге айналады. Несеп нәр қанмен бірге бүйірекке келеді, одан несеп құрамында сыртқа шығарылады. Аминқышқылының молекулаларының қалған бөлігі гликогенге айналады және ол сақтауға бағытталады. Сіңірілген майлар бауырда айналып өтіп, лимфотикалық жүйе тамырларының кеуде лимфатикалық өзегі арқылы жүрек жанындағы венаға келеді. Ыңғайлы жағдайда ағза глюкозаның едәуір мөлшерін алып отырады және энергия өндіруге майлау керек болмайды. Бұл жағдайда олар теріасты майлы шелде, жүрек пен бүректі қоршап тұрған май ұлпаларына, жинақталады. Кейбір шажырқайда пипидтер (фосфалипидтер) жасушалық мембраналарға орналасады.
Мұндағы сипатталған үрдістердің көбін анығырақ басқа бөлімдерде қарастырылады.
8.6.Шөпқоректілер
8.6.1. Тістері
Шөпқоректілердің тіс аппараты қоректену жағдайы мен диетасына тығыз байланысты.Мысал ретінде қойды алайық . Бұл жануар шөпті қорек етеді, ал тісінің формуасы мынадай болады:
2[i0/3 c0/1pm3/2 m3/3]
Жоғарғы күрек тіс пен сойдақтістер болмайды. Оеың орнына мүйізді қабат орналасады. Және оған төменгі егеутәріздес күрек тістер мен сойдақтістер қой шөпті жұлған кезде үйкеліп отырады. Алдыңғы және қапталдағы тістер арасында едәуір бос орын, диастема болады. Ол тілге манипуляция жасауға көмектеседі, яғни шайналып жатқан шөп жаңадан жұлынып жатқан шөптен бөлініп тұрады.
Қаптал тістердің үйкелетін беттері, кең болады:
Жоғарғы тістердің беттерінің ауданы W-тәрізді қалыптың арқасында тағы да үлкейеді, ал төменгі тістердің беттері М-тәрізді қалыптың арқасында үлкейеді.
Тістер сауығы қатты кіреукеден түзілген ал сауыттар арқасындағы беттер дентиннен түзілген. Жақсүйектері өте қозғалғыш келеді, сондықтан оларды алға, артқа және қапталға қозғауға болады. Шөпті шайнау кезінде төменгі жақсүйек бір қапталдан екінші қапталға қозғалады, және мұнда W-тәрізді жоғары азу тіс сауытының шұңқыры, М-тәрізді төменгі азу тіс сауытының шұңқырына тығыз орналасады, осы арқылы қорек өте жақсы туралады. Қоректі мұқият уатылуын қамтамасыз ететін шайнау бұлшықеттері өте қуатты келеді, ал шөпті жұлуға қолданылатын солай бұлшықеттері кішкентай келеді (8.24.-сурет). (Бұған керісінше жағдай етқоректі жануарларда байқалады: самай бұлшықеттері жемтігін өлтіру үшін және кесектерге бөлшектеу үшін өте жақсы дамыған, ал шайнау бұлшықеттері – өте әлсіз).
8.6.2. Күйіс қайыратындардың целлулоза қорытылуы
Күйіс қайтаратын жануарларға бұғылар, жирафтар, бөкен, ірі қара мал, қойлар мен ешкілер жатады,оларда қиын ас қорыту жолы бар. Олардың нағыз асқазанының алдында бірнеше бөлім болады. Асқазанның бірінші бөлімі оларда жиек болып табылады(сур. 8.25). Тыртық түйін рөлін атқарады ферментер, онда азық-түлік, аралас-бабына сілекеймен, ұшырайды ферменттеу әсерінен мутуалистических (симбиотикалық) микроорганизмдер сияқты, бактериялар, қарапайым, саңырауқұлақтар. Олардың көпшілігі әзірлейді фермент целлюлоза, расщепляющий целлюлоза.Қатысуы симбионтов мүлдем қажет күйіс қайыратын жануарлардың, қабілетсіз, өз бетінше талдай целлюлоза. Түпкі өнімдер ферменттеу болып табылады карбон қышқылдары , көміртек диоксиді және метан. Қышқылы сіңіріледі, қан иесі ретінде пайдаланылады. негізгі энергия көзі кезінде тыныс алу.Микроорганизмдер өз кезегінде восполняют өз қажеттіліктерін энергия есебінен химиялық реакциялардың ферменттеу, және бұл кезде бар оңтайлы олардың тіршілік ету температурасы қоршаған ортаны қорғау.Ішінара переваренная азық-түлік, содан кейін торға түседі, онда қалыптасады тығыз комки, отрыгиваются және қайтадан мұқият пережевываются. Бұл құбылыс деп аталады "жевание сағыз". Содан кейін азық-түлік жаңадан проглатывается, және тар желобку түседі кітапшасына және бұдан әрі сычуг сәйкес келетін желудку адам (сур. 8.25). Бастап осы бөлімнің, одан әрі онда астың қорытылуы жүреді әсерінен жалпы барлық сүтқоректілердің ас қорыту ферменттерінің.
8.7.Адамның қоректенуі
«Ас адамның арқауы» деп бекер айтылмаған. Осыдан шығатын қорытынды дұрыс тамақтанбаудың әсері бірнеше ауруларға алып келеді. Дұрыс тамақтанбауды нашар тамақтану деуге болады. Біздің дұрыс тамақтанбау деген түсінікті тек тоя тамақ жемеу деп түсінбеуіміз керек, оған тамақты шамадан тыс көп жеуде жатады.
Тоя тамақтанбаудың нәтижесінде тек аштан өлу емес, сонымен бірге ағзаның қарсытұрулығының төмендеуі де тоя тамақтанбауды жанама әсері болады. Бұл дұрыс тамақтанбаудың типі дамушы елдерде тиісті болады. Дамыған елдерде болатын шамадан тыс тамақтану тәждің қанайналым мен ми қанайналымына бұзылуына тікелей себепші болады. Бұл бөлімде біз дұрыс және дұрыс емес тамақтануды қарастырамыз.
8.7.1.Тамақтау, тағамдық заттар, ас және диета
Тамақтану – өмірді сүруді ұстап тұруға керекті энергия мен материялдарды тұтыну. Тамақтану екі негізгі тірі ағзалар сұранысты қамтамасыз етеді. Олар энергияға деген және қоректік заттар деп аталатын химиялық қосылыстар түзуге болатын құрылыстың материяларға деген қажеттіліктер. Олар органикалық (көмірсулар, липидтер, белокта және витаминдер) және неорганикамн (минералды тұздар). Біз осы қоректік заттардан тұратын тамақты қабылдаймыз. Кең мағынада айтсам, диета – адамның тамақ қабылдау тәртібі (тұтынатын тамақтану уақытын сақтау).
8.7.2. Оңтайландырған диета
Оңтайландырған диета деп адам енсаулығын ұтап тұруға керекті әртүрлі қоректік заттрдың, судың және қоректік талшықтардың дәл пропорциясы мен мөлшеін сақтау. Кеңірек айтсақ, көмірсу мен майлар энергия алу үшін керек, белоктар – өсу үшін, витаминдер мен микроэлементтер денсаулығын «қорғау үшін» және жетіспеушілік аууларының алдын алу керек.
Әр адамның тамаққа деген қажеттілігі оның жынысына, жасына, белсенділігіне, денесінің өлшеміне және ортасының температурасына (жылы климатта адамға тағамның аз мөлшері керек етіледі) байланысты әр түрлі болады.
8.7.3. Су
Тірі жасушаларда су әр түрлі қызметтер атқарады. Сондықтан ол тек қоректік зат ретінде қарастырылмайды. Су адам денесінің жалпы салмағының 65-70% құрайды. Сусыз адам бірнеше күн өмір сүрсе, ал тамақсз 60 күнде артық өмір сүре алады.Осыдан-ақ судың адам үшін маңызы зор екенін білуге болады.
8.7.4. Қоректік талшықтар
Қоректік талшықтар – өсімдіктердің жасушалық қабырғаларынан алынған қорытылмайтын қосылыстардың күрделі қоспасы, негізінен олар полисахаридтерден мысалға, целлюза талшықтарынан тұрады. Суды жұтқан кезде талшықтардың көлемі үлкейеді және бұл асқорыту жолымен астың жүруіне ықпал етеді. Талшықтардың қандағы холестерол деңгейінің азаюына және ішектің ракпен ауруына деген тәуекелділігін азаюына, өттегі тас жиналу ауруының азаюына ықпал ететіні туралы қазір көптеген мәліметтер
8.7.5 Энергия
Ересек адамның орташа диетада 80-85%-ға жуық энергитекилақ құраушысы көмірсулар мен липидтер арқылы, 15-20 % жуығы белоктар арқылы (5%-ға жуығы спирт арқылы) толықтырылып отырады. Кәдімгі жағдайда көмірсулар мен липидтердің ыдырауының нәтижесінде энергия айғақты түрде қолданылады. Энергияның қажеттілігі мынада:
Негізгі метаболизмді, яғни тыныш кездегі метаболизмді ұстап тұру үшін. Бұларға өсу үшін де керекті энергиялар да қатысты болады.
Физикалық белсенділікті қаматамаыз ету үшін (бұлшықеттердің қысқаруы үшін)
Дене температурасын 37 градуста ұстап тұруға кететін жылу генерациясы үшін
Негізгі метаболизмді ұстап тұру үшін ағзаның алған энергиясының көп бөлігі шығындалады.
8.7. Тышқандар салмақ бірлігіне қарағанда адамдардан артық джоуль неге шығындайды?
8.8. 1г глюкоза 774 м3 оттегіен әрекеттескенде 15,8 кДж жылу бөлінеді, ал 1г ұзынтібекті май қышқылын 2012 см3 оттегімен әрекеттескенде 39,4 кДж жылу бөлінетіні есептелген. Неге 1г май қышқылы 1 г глюкозаға қарағанда 2 есеге жуық жылу бөледі.
Энергия өлшембірліктері
Энергияның шамасын өлшем бірлігіне Джоуль жатады. Бұрындары энергия мөлшерін колориямен өлшеген болатын.
4,18 Дж = 1 кал
1000 кал = 1 ккал (килокалория) = 1 Кал
1000 Дж = 1 кДж (килоджоуль) = 1 Дж
1000 кДж = 1 Мдж (мегаджоуль)
8.7.6. Көмірсулар
Көмірсулар – бұл қант пен крахмал(полисахаридтер). Олар энергияның негізгі көзі болып есептеледі, бірақ сонымен бірге қант нуклеинді қышқылдар, нуклеотидтер (АТФ, НАД) және гликоген сияқты күрделі молекулалардың құрастырушы негізі болып есептеледі.
8.7.2. Липидтер ( майлар мен сұйық майлар)
Липидтерге майлар (бөлме температурасында қатты) және сұйық майлар (бөлме температурасында сұйық) жатады. Көмірсулар сияқты липидтер де энергияның басты көзі болып есептеледі. Май ұлпалары ұзын мерзімді энергияның қосалқы қорын ағзада жинақтайды. Ас құрамындағы майлар майда еритін витаминдердің (А,Д,Е,К) атасы болып есептеледі.
Төменде липидтің негізгі мінездемелері берілген.
Баламасыз май қышқылдары
Баламасыз май қышқылдары (БМҚ) міндетті түрде пайдаланатын тамақта болуы тиіс. Себебі ағза оны өздігінен синтездей алмайды. Мұндай қышқылдардың жетіспеушілігі ауруға шалдықтырады. Қаттырақ айтсақ, баламасыз болып тек екі май қышқылы – линолді және а-линоленді есептеледі. Олардың екеуі де полиқанықпаған май қышқыалдары(ПҚПМҚ) және олар ис-формада болады. Линолді қышқылдың екі қосарлы байланысы,ал линолдерінің үш қосарлы байланысы болады.
Бұл қышқылдар бірнеше маңызды қызметтерге ие:
БМҚ фосфолипидтердің түзілуіне жұмсалады , олар мембрананың құрамында болады .
Бұл қышқылдар холестеролды тасымалдауға, ыдыратуға және бөліп шығаруға қатысады. Холестерол мембрананың маңызды компоненттері болып есептеледі және стероидтарды синтездегенде, соның ішінде жыныс гормондары мен D витаминдерін синтездегенде қажет болады. Бірақ холестеролдың артық болуы денсаулыққа қауіпті болады. Себебі ол жүрек-қантамырлар ауруына әкеп соғатын атеросклероздың (артерияда майдың жинақталуы) дамуына әсер етеді. Сондықтан холестерол метаболизмінің өте дәл регуляциясы керек. Линолді жіне кейбір ПҚМҚ қандағы холестеролдың деңгейін төмендетеді. Ал қаныққан май қышқылдары керісінше жоғарылатады. Бұл жағдайда аспен бірге қаныққан май қышқылдарын мүмкіндігінше аз қабылдауға кеңес береміз.
Линоленді қышқыл атеросклерозбен байланысты қан қойылғыштығын азайтады, сонымен бірге миокард инфарктісінің екінші рет дамуының тәуекелін азайтады.
БМҚ басқа да маңызды май қышқылдарын мысалы, физиологиялық эффектілердің кең спектріне ие простагландиндерді синтездеуге керек болады. Мысалы, олар кейбір гормондардың белсенділігіне ықпал етеді, сырқаттану жауаптарына ықпал етеді және мүшелерге қан ағуын реттейді.
8.7.8. Ақуыздар
Ақуыздар репаративты процесстердің басты компоненті болып табылады. Олардың атқаратын қызметі әртүрлі. Егер тағамда көмірсу мен май жетіспесе, ақуыз энергия көзі ретінде қолданылады.
Ақуыздар 20 түрлі амин қышқылдарынан тұрады. Олар 2 типке бөлінеді: алмастырылатын және алмастырылмайтын.
Ауыстырылмайтын амин қышқылдары ағзада түзілмейтіндіктен, тағам құрамында жеткілікті болуы қажет.Олар жетіспеген жағдайда, ағза түрлі ауруларға шалдығады. Үлкен адамдардың 20 аминқышқылының 8-і-алмастырылмайтын, ал балаларда 10-ы - алмастырылмайтын болып келеді.Алмастырылатын амин қышқылдары ағзадағы алмастырылмайтын амин қышқылдарынан түзіледі. Құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары көп болатын ақуыздар жоғары сапалы ақуыздар деп аталады. Ондай ақуыздарға сүтте, сүтті тағамдарда, етте, балықта, жұмыртқада болатын ақуыздар жатады. Қалған ақуыздар төменгі сапалы ақуыздарға жатады.
8.7.9.Витаминдер
Витаминдер-адамға қажетті органикалық байланыстар. Олар ағзада түзілмейтіндіктен, тағам құрамында міндетті түрде болуы тиіс.
Витамин ағзада жетіспесе адам тапшылық ауруына шалдығады. 8.6. кестесінде негізгівитаминдердің қызметтері берілген. А, Е, К және D витаминдері майда еритін, қалған витаминдерсуда еритіндер болып табылады.
А витамині(ретинол)
А витаминінің химиялық атауы ретинол. Ол жануар өнімдерінің құрамында кездеседі.Өсімдіктерде(сәбізде) кездесетін каротин пигменттері қорытылу кезінде А витаминіне айналады.
Сонымен қатар, А витамині тері мен эпетилиальды жасушаларды жақсы күйде сақтауға қажет. Алкішкентай баларға бой өсіру үшін қоладанады.
А витаминінің жетіспеушілігі(Гиповитаминоз А)
А витаминінің жетіспеушілігі жарық адаптациясын бұзады. Адам ақшам уақытында көрмейтін"ақшам соқыр" ауруына шалдығады.Бұл ауру талшықтарда ретинальдардың жетіспеушілігіненболады. Нәтижесінде, талшықтар бұзылады. Көздің шырышты қабығы мен қасаң қабағы қабынады,олардың қызметтері бұзылады. Нәтижесінде соқырлаққа апаратын қасаң қабақ жаралары(кератомаляция) пайда болады.А витамині жетіспеген кезде баланың бойының өсу белсенділігі тежеледі. Тапшылық одан әрі жалғаса берсе өлімге әкеліп соқтырады. Кейбір дамушыелдерде мұндай аурулар жиі кездеседі.Дамушы елдердегі 10 жасқа дейінгі 3 млн-ға жуық бала осыаурулардың кесірінен зағип болып қалған.А витамині бауырда сақталады.
Гипервитаминоз А. А витамині шамадан тыс көп болса адам уланады. Мұндай жағдайлар витаминпрепараттарын көп пайдаланғанда туындайды. Гипервитаминоз А ауруының симптомдары: шаштың түсуі, сүйектің сынғыштығы, құсу, көзге қос көріну және тағы да басқа асқынулар. Жүктілік кезіндеА витаминін көп қолдану баланы туа біткен кемістікке әкеліп соқтырады. Ұлыбританияда жүкті әйелдерге А витаминін дәрігердің рецептінсіз қолдануына тыйым салған.
Тәулігіне жас өспірімдер А витаминін 6000 мкг-дан жоғары, ер адамдар 9000 мкг-дан және әйел адамдар 7500 мкг-данжоғары қолданбауы керек.
Витамин D(кальциферол)
Көптеген адамдар үшін D витамині жеткілікті болады, өйткені ол теріде жарықтың әсерінен түзіледі. Жарықты жұтатын молекулалар холестеролдан синтезделеді. Спектрдің ағзаға әсер ететін белсенді ортасы ультракүлгін толқындар болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда қазанның соңынынан наурыздың басына дейінгі аралықта ультракүлгін толқындар өшіріледі. Жаз бойы жарықтың әсерінен бауырда жинақталған D витамині жыл бойына жеткілікті болады.
Біз пайдаланатын майлы балықтар мен жұмыртқадан басқа тағамдардың құрамында D витамині өте аз. Қазіргі уақытта D витаминін маргарин мен таңертегі қоспаларға қосады.
Алғашында бауырда, кейін бүйректе D витаминдері кальций мен фосфаттың ішекте сіңіріліуін реттейтін белсенді формасына өзгереді. Оның синтезделуі қан құрамындағы кальцийға тәуелді. D витаминінің белсенді формасы кальций мен фосфаттың сүйек тіндеріне де сіңірілуін реттейді.
Жүктілік кезінде баланың өсуін қамтамасыз ететін кальцийге деген сұраныс арта бастайды.Емшек сүтінің құрамында D витаминдері аз болғандықтан, күн сәулесі ваннасын қабылдаған жөн.
Гиповитаминоз D. D витаминінің жетіспеушілігі балалар үшін өте қауіпті, өйткені олардың қаңқасының қалыптасып, өсуі үшін D витамині міндетті түрде қажет. Бұл витаминнің жетіспеушілігінен туындайтын ауру-рахит-сүйек құрамында фосфат пен кальций мөлшерінің аз болуынан дамиды. Рахит ауруының әсерінен сүйек өте әлсіз, жұмсақ болады.
Үлкендерде D витаминінің жетіспеуі остеомаляция ауруына әкеледі. Кальций мен фосфат сүйектен шайылып кетеді, сүйектің беріктігі төмендейді. Күн сәулесіне шықпайтын адамдардың бұл ауруға шалдығу қаупі жоғары. Ұлыбританияда қауіп көбірек төнетін 2 топ бар: кәрі кісілер мен азиялық бірлестіктер. Кәрі кісілер көп қозғалысқа түспегендіктен, олар көп уақытын үйде өткізеді. Ал азиялық дақылдардың құрамында кальций мен фосфат мөлшері өте аз болады.Сонымен қатар, азиялық әйел адамдар бүкіл денесін жабатын киіммен жүргендіктен, олардың терісіне күн сәулесі түспейді. Қара нәсілділер терісі ультракүлгін толқындарды ақ нәсілділерге қарағанда жақсырақ сүзеді. Үлкен қауіп азиялық балаларға төнеді. Ұлыбританияда рахит ауруы көбінесе қала ішіндегі азиялық ақ нәсілділерде кездеседі.
Гипервитаминоз D. D витаминінің артық қалдықтары кальцийді ағзадан шығармайды. Егер кальций нәжіс ретінде ағзадан шығарылмаса, ол бүйректе жиналып, үлкен қауіп төндіреді. Бұл аурудың кішкентай балаларға төндіретін қаупі өте үлкен.
8.7.10. Минералды заттар
Минерлды заттар бейорганикалық болып табылады, әрі өте олардың қызметтері ағза үшін өте маңзды. Минералды заттар 2 топқа бөлінеді: макроэлементтер және микроэлементтер. Макроэлементтер микроэлементтерге қарағанда ағзаға көбірек қажет. Микроэлементтерге марганец, мырыш, йод, мыс және тағы да басқа элементтер жатады.
8.7.11. Сүт
Сүтқоректілердің алғашты апталарында қоректенетін азығы сүт болып табылады. Оның құрамында ағзаның дамуына қажетті заттардың барлығы бар-көмірсулар, ақуыз, майлар,минералды заттар(кальций, магний, фосфор, калий).Сүтте басты жетіспейтін нәрсе: қан гемоглобинінің құрамында болатын бездер. Бірақ бұл мәселе ұрықта шешіледі, яғни анадан келген бездер туылу уақытына дейін сақталады. Бұл қор бала сүт диетасынан қарапайым қатты тамақ түрлеріне ауысқан уақытқа дейін жеткілікті.
8.8. Тағам түрлерін тұтыну туралы берілетін кеңестер
Тағамды тұтыну туралы алғашқы кеңестер 1937 жылы Ұлттар Лигасы уақытында шығарыла бастаған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде британдық басқарма әскерлерге қажетті тамақтарды жинайтын аумаққа саясат орнатуды жоспарлайды. Кейіннен сол аумақта медициналық кеңес беретін Комитет ашылады.
1979 жылы медициналық Комитет күнделікті тұтынатын құрамында энергия бар, пайдалы тағамдардың кестесін(РСН) құрады. Ол кестеде адамның жасы, жынысы, жүктілігі(әйел адамдар үшін) және т.б. есепке алынды.
8.8.1. Тағам тұтынудың стандартты нормалары
1987 жылы Комитет РСН кестесін қайта қарастырып, 1991 жылы тағы да бір кестені жариялайды. Бірінші кестеде 10 тағам компоненттері қарастырылса, екінші кестеде 40-қа дейін жеткен болатын. Сонымен қатар, РСН термині салауатты өмір салтын ұстанатын адам үшін ең минималды немесе идеалды тағам компоненттерін тұтыну деп айтылды.
Сол себепті де, "кеңес берілетін күнделікті тағам тұтыну нормасы" терминін "нәрлі заттарды стандартты тұтыну "(СППВ) терминімен алмастырды. Сонымен қатар, тағам тұтуына берілетін орташа баға(УОП) және нәрлі заттарды тұтынудың төменгі стандарттары(НСППВ) деген 2 термин енгізілді. Осы 3 термин стандартты тағам тұтыну нормалары болып келеді(СНП).8.8. және 8.9. кестесінде бір тәуліктегі стандартты тағам тұтыну нормалары көрсетілген. 8.27. суретінде әр популяция үшін НСППВ, УОП және СППВ шамалары берілген. Бұл терминдердің толық мағынасы төменде берілген.
Май және көмірсу
Медициналық Комитет 1970 жылы кестеге көмірсу мен майды енгізбеді, өйткені олар энергия көзі ретінде пайдаланылады. Бірақ, бұл сұрақтар кестенің дұрыстығына күмән келтірді: 1) май мен көмірсудың адам ағзасындағы мөлшері қандай? 2) қаныққан және қанықпаған май мөлшері қанша? 1991 жылы кестеге қосалқы диета ұстанғандар үшін кеңестер жазылды. СНП СППВ, НСППВ немесе УОП секілді сипатталмайды, өйткені көмірсулар мен майлар алмастырылмайтын май қышқылдарына қарағанда қажеттілігі төмен болды. Оның орнына басқа көрсеткіш қолданылды:тәулік бойындағы энергия тұтынудың ұсынбалы нормасы.
8.8.2. СНП-ны қолдану
Ол бірнеше мақсатта қолданылды.
1.Диетаны жоспарлау
Денсаулық сақтау ұйымының жұмысшылары әр топтарға немесе мемлекеттік институттарға, және басқармалар ұлттық ұсынбаларды жариялаған кезде СППВ-ны қолданған ыңғайлы.
2.Жеке бас диетасына берілетін баға.
СНП-ны қолданудың ең ыңғайлысы-жеке бас диетасына баға беру. Диетаға баға беру-оның пайдаланатын адамға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау.
3.Белгілі бір топтарға берілетін диета бағасы
Топтардың көп болған сайын, жеке бас арасындағы вариациялар ықтималдығы көбейеді, яғни топтарға берілетін диета бағасы нақтырақ болады.Шамалап алынған жауаптар топ ішінде жетіспеушілікке әкеледі.
4. Тағам өнімдеріндегі этикеткалар
РСН ұғымы тағам өнімдерін жабдықтайтын этикеткаларда болады. Бұл өнімді тұтынушылардың өнім құрамын біліп жүруі үшін қажет. Мысалы, бұл өнімнің 100 граммының құрамындағы ақуыз тәулігіне тұтынылуы қажет ақуыз нормасының 4-тен 1-іне тең. Өнімді тұтынушының осындай ақпараттарды білуі маңызды. Ал егер бұл өнімнің 100 граммында 15 грамм ақуыз бар дейтін болсақ, ақпарат өте қарапайым түрде болады.
Комитеттің пікірі бойынша, УОП ақпараттары РСН ақпараттарына қарағанда өте маңызды. Өйткені, УОП өнімнің орташа мөлшерін көрсетеді.
5. Ортақ қолдану
СНП ортақ мақсаттар үшін де қолданылады.Мысалы, ауылшаруашылық саясаттары, экономисттер мен социологтар ортақ мақсаттарды шешу үшін қолданады.
8.8.3. Бойдың, жыныстың және белсенділіктің СНП-ға әсері
Өнімдерге деген тұтынушылық жынысқа, бойға және белсенділікке тәуелді. 8.8. және 8.9. кестесінде әр түрлі топқа жататын әйелдер мен ер адамдардың СНП-сы берілген. Бұл шамалар адамның денсаулығына және салмағына қарап, көрсетілген.
Зат алмасуды қалпында сақтау үшін міндетті түрде энергия қажет. Энергияның көп мөлшері зат алмасуға қатысады, сондықтан бұл көрсеткіштердің бағалары мұқият шығарылуы қажет. 65 кг ер адамның негізгі зат алмасу процесіне тәулігіне 7,56 МДж жұмсалады. Ал 55 кг әйел адам үшін тәулігіне 5,98 МДж шығындалады.
Кез келген қозғалыс энергия арқылы жүреді. Өйткені, қозғалу бұлшықет белсенділігіне байланысты, ал бұлшықеттің жиырылып, босаңсуы энергияға тәуелді. Адам белсенді бола түскен сайын, энергияға деген қажеттілік артады. Энергияны зат алмасудың еселенген шамасы деп айту біршама нақты. Ол шама физикалық белсенділік коэффициенті(ФБК) деп аталады. Мысалы, жүріп келе жатқан адамның ФБК-сы 4-ке тең, яғни ол зат алмасуға кететін энергиядан 4 есе үлкен.
Физикалық белсенділік адамның жұмыс жасауына немесе дем алуына тәуелді. Профессионалды әрекетшілдік мынадай әдіспен жазылады:
1) отырықшы белсенді емес өмір салты: ФБК=1,7;
2) орташа белсенділік: ФБК=2,2(әйел адамдар), 2,7(ер адамдар);
3) жоғары белсенділік: ФБК=2,3+(әйел адамдар), 3,0+(ер адамдар).
Қазіргі уақытта жұмыс жасау белсенділігі дем алу белсенділігімен шамалас. Келесі категорияларды пайдалану өте ыңғайлы деп болжайды: 1) отырықшы өмір салты(ФБК 2); 2)бірқалыпты белсенділік(ФБК 3); 3)жоғары белсенділік(ФБК 4).
Ер адамдарда йелдерге қарағанда бұлшықеттері мен майы аз болып келеді. Орташа есеппен алғанда, ер адамдардың салмағы үкен болады, сондықтан үлкен дененің қозғалысы үшін көп мөлшерде энергия қажет. Жүкті әйелдердің белсенділігінің төмендеуі, метаболизмның қарқындылығы емшек сүтін түзетін, ұрықтың өсуін қамтамасыз ететін қосымшаның энергияны компенсациялайды. Энергия жүктіліктің соңғы 3 айында ғана міндетті түрде қажет болады. Емшек сүті энергияны көп кажетсінеді, өйткені ол энергия сүтпен қоректенетін баланың өсуін қамтамасыз етеді.
Ақуыз
8.9. кестесінде жыныс пен жас шамасы көрсетілген СППВ ұғымы берілген. Жас өспірімдер мен балаларда СППВ ересектерге қарағанда біршама үлкен. Өйткені, оларда ақуыз өмірлік процесстер мен өсіп-жетілуді қамтамасыз етеді. 19 жастан жоғары ересектерде СППВ шамалас келеді.
Ұлыбритания ересектерінің ақуызды тұтынуы СППВ шамасынан жоғары. Ер адамдар 84 гр ақуыз тұтынса, әйел адамдары 64 гр ақуыз тұтынады.
8.9. кестесіне қарай отырып, ер адамдарға 11 жастан бастап қосалқы ақуыздар қажет болатынын көреміз.
Егер белсенділік жоғары болса ақуызды пайдалану міндетті емес, өйткені ол энергия көзі ретінде сирек пайдаланылады..Егер мускулатурлардың дамуының нәтижесінде артық салмақ көбейе түссе, ақуыз мөлшері де шамадан тыс артады.
Жүктілік кезінде ақуыздардың көп мөлшерде бөлінгені тиімді, өйткені ақуыз ұрықтың өсуі және жатыр мен ұрықжолдас тіндерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Емізетін аналар үшін де ақыз көп мөлшерде қажет, өйткені сүт баланың өсіпжетілуін қамтамасыз етеді.
Минералды элементтер
Лактация мен жүктілік кезінде ананың диетасына көңіл бөлу қажет. Тұтынатын тағамдарының құрамында гемоглобин, сүйек, тістер мен бұлшықеттерді қалпына келтіретін кальций, витамин А, D және фолий қышқылы жеткілікті болуы қажет. Жақсы үйлесімді диета осы элементтері бар тағамдардан тұруы қажет. Кейде жүкті әйелдерге қосымша фолий қышқылын береді, өйткені ол балада қоянжырықтың дамуын алдын алады.
8.9.Дұрыс тамақтанбау
Дұрыс тамақтанбай басқаша айтқанда нашар тамақтану деген мағынаны білдіреді. Бұл термин тағам жетіспеген кезде де немесе тамақты мөлшерден тыс жеген кезде де қолданады. Төменде дұрыс тамақтанбаудың 4 мысалы берілген. Оның 2-еуі дамыған елдерде болатын аурулар- жүйкелік анорексия және семіздік, қалған 2-еуі дамушы елдерде болатын- тамаққа жарымау әне ақуыздың жетіспеушілігі.
8.9.1. Анорексия
Жүйкелік анорексияны кейде "жүдеген адамдар ауруы" деп те атайды. Соңғы 30 жылда бұл ауру кеңінен тарады. Және бұл батыс елдерімен тығыз байланысты, өйткені бастыста арықтық-адам сәні болып табылады. Жүйкелік анорексияны тікелей аударғанда жүйкелік тірек тәбетінің болмауы" деген мағынаны білдіреді. Бірақ, осы аурудың кесірінен қайтыс болған адамдарда тәбет болғанымен, олар артық салмақ жинаудан қорыққан.
Анорексия ауруына көбінесе жас әйелдер(тек 10 проценті ғана еркектер) шалдығады және ол жас шақтан басталады. Ол әртүрлі диеталардың нәтижесі болып табылады. Уақыт өте келе әйел адам тамақты азырақ жей түседі, кейін артық салмақ жинау туралы қорқыныш бойларын билеп алады. Әйел адам өз жасының салмағына сай болса да, өзін-өзі толық күйінде көреді. Сол себептен, ода асқа жарымаудың белгілері пайда бола бастайды.
Әйел адам ағзасында физикалық өзгерістер пайда бола бастайды, мысалға менустрация тоқтауы мүмкін. Бет бөліктері мен арқасы түктене бастайды. Аштық жүдеуге әкеліп соқтырады, соның нәтижесінде маразм ауруының белгілері дами бастайды. Дене салмағы жеңілдей түседі. Ағзаға көмірсу мен майлар сияқты қоректік заттар жеіспейді. Сол себепті ағза ақуызды энергия көзі ретінде пайдаланады. Ақуыздың көп мөлшері бұлшықеттерде болғандықтан, бұлшықеттер мен басқа да тіндер жүдей түседі. Және тағы да басқа зардаптар: кариестің бұзылуы, адам қан қысымының төмендеуі және түрлі инфекцияларды ағзаның қабылдауы. Витаминдер мен минералды заттар да жетіспеуі мүмкін. Кейбір ситуациялар өлімге де әкеледі.
Анорексиямен ауыратын адамдарға көмек міндетті түрде қажет болады және оны олар да түсіне білуі қажет. Көмекті аурулар тәжіриебелі мамандардан ала алады. Және осындай ауруларды жеңіп шығуғу көмектесетін арнайы топтар болады, олардан да көмек алу қажет.
8.9.2.Семіздік
Қазіргі уақытта дұрыс тамақтанбағандықтан Британия, Еуропа, Солтүстік Америка халықтары семіздікке көп шалдығады. 1991 жылы Британия елінде жүргізлген зерттеулер бойынша , ер адамдардың 13%-ы, әйел адамдардың 15%-ы артық массаға ие. Массасы өз бойы мен дене бітіміне нақты сай келмей, одан 20%-ға артық болса, онда ол адам семіздік категориясына жатқызылады. Оны анықтау қиын емес, ол үшін май тіндерінің массасын адамның жалпы массасына бөлеміз. Жас ер адамдарда май дене массасының 12%-ын, әйел адамдарда 26%-ын алады.Егер ер адамдарда 20%-дан асса, ал әйел адамдарда 30%-дан асып кетсе, оларды семіздікке шалдыққан деп есептейді. Ағзадағы артық май, көмірсу, ақуыз немесе алкоголь май қорына айналады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, семіз адамдар тамақты арық адамдардан артық жемейді. Семіздікке басқа да басты факторлар шалдықтырады, мысалы, физикалық белсенділіктің болмауы. Тұтынатын тағам мөлшерінің көп болуы нақты семіздікке әкеліп соқтырмауы мүмкін. Бірақ тамақты шамадан тыс жеуге де болмайды. Тұтынатын тағамның мөлшері ғана емес, сапасы мен құрамы да өте маңызды. Энергиясы өте жоғары, май мен көмірсуға бай тағамдар да жиі семіздікке әкеліп соқтырады.
Қарапайым семіздік-отбасы мәселесі, яғни семіздік гендер арқылы да келеді. Гипотоламус функциясының тұрақсыздығы немесе қалқанша без белсенділігінің жетіспеушілігі семіздікке әкелетін факторлар болып табылады.
Толық адамдар көбінесе жүректің талма ауруларына шалдығады, өйткені олардың қан құрамында холестерол мөлшері өте көп болады. Нәтижесінде адам жүрек қан тамырларының ауруларына, орта жастағы ұстамалы жүрек ауруына, тамырлардың түйнеліп кеңеюіне және т.б. аса қауіпті ауруларға әкеліп соқтырады.
Қаңқаға түсетін қосымша күш механикалық асқынуларға әкеледі. Мысалға алатын болсақ, майтабан немесе жалпақтабандылық, полиартрит(буындардың қабынуы), омыртқа жотасының қисаюы және т.б. Қозғалыс уақыт өткен сайын қиындай түседі. Бұның барлығы жазатайым оқилардың орын алуына себепші болады. Толық адамдар көбінесе диабетпен және рак түрлерімен ауырады(мысалы, бауыр рагы).
Сонымен қатар, семіздік эмоциалдық проблемаларға даәкеледі. Мысалы, мектеп жасындағы толық балалар достарының арасында күлкіге айналады. Ал үлкендер жарнама модельдерімен өздерін күнде салыстырады, әрі толық болғаны үшін қатты қынжылатын кездері де болады.
Әрине, семіздікке шалдыққан адамдардың өмір жасының қысқаруы да таң қаларлық нәрсе емес. Сақтандыру қызметтерін көрсететін компаниялардың есептеулері бойынша, 45 жастағы ер адам массасының 10 кг-ға артуы оның өмір сүрі ұзақтығын 20%-ға дейін қысқартады. Әйел адамдарда мұндай жағдай аса қауіпті емес.
Семіздіктен арылу үшін энергия мөлшерін, оның түсімінен шығыны көп болатын жағдайға дейін азайту қажет. Бұл ұсыныстар қалыпты массаға қол жеткізгеннен кейін де өз күшінде қалуы қажет.Сонымен қатар, семіздік проблемасының факторларын толығырақ білуі үшін, сол факторлардан аулақ болуы үшін пациенттерге міндетті түрде жиі-жиі кеңес беріп отыру қажет. Және де физикалық жаттығулармен көбірек айналысу қажет екенін еске салып отырған жөн.
8.9.3.Аштық және тағамның жетіспеушілігі
Адам тіршілігін жалғастыруы үшін оған міндетті түрде энергия қажет.Аштық уақытында адам азасында энергия қоры азаяды, ал энергия қоры біткен жағдайда адам өмірден өтеді. Аштық кезінде ең бірінші бұлшықет пен бауырда жинақталған гликоген шығындалады. Олар қорек болмаған жағдайда ағзаны жарты күндей энергиямен қамтамасыз етеді. Одан кейін май түзілімдері іске қосылады. Орташа есеппен алғанда, май түзілімдері адам ағзасын 50 күндей энергиямен қамтамасыз ете алады. Май бауырда глюкозаны алмастыратын май қышқылдарын түзе отырып ыдырайды. Алайда май қышқылдарынан түзілетін қанға құйылу үрдісіне бейімделген кетондар кетоз ауруын тудырады. Кетоз-қан құрамының қышқылдануынан болатын ауру түрі. Түзілетін кетондардың бірі - ацетон. Ацетон көп мөлшерде түзілмегенімен, кетоз ауруын оңай анықтайтындай жағымсыз иіс шығарады.
Бірінші аптада бұлшықет ақуыздары да энергия ретінде пайдаланылады. Ол глюконеогенез кезінде глюкозаға айналады. Ақуыздар май қоры жинақталған кезде ғана іске қосылады. Ақуыздардың қайтадан қолданылуы аштықтың соңғы сатысында ғана басталады. Энергия шығындарын жабу тіндер іске қосылады, мысалы, бұлшықеттер. Ақуыздардың жартысы қолданылған кезде адам өмірден өтеді. Аштық 40-60 күннен кейін өлімге әкеліп соқтырады.
Көп уақыт бойы жеткілікті мөлшерде тамақтанбаған балалардың бойының өсуі бәсеңдеп, салмағы азая бастайды. Бұл проблемалар дамыған елдерде шешімін тапқанымен, дамушы елдерде басты мәселелер болып табылады.
8.9.3. Ақуыз жетіспеушілігі: квашиоркор мен маразм
Ақуыз жетіспеушілігі екі жолмен пайда болады. Біріншіден, тамақта жеткілікті энергия болғанымен, ақуыздың болмауы. Бұл тамақтанудың негізгі азықтары жүгері(маис), ямс,маниок яғни крахмалға бай дақылдар болып саналатын Африка өңірлерінде жиі кездеседі, ендеше энергиямен де байытылған,бірақ ақуызы аз. Жүгері ұнында баламасыз аминқышқылдары триптофан жетіспейді, ал ақуыз онсыз синтезделе алмайды. Бидай өсетін аумақтарда ақуыздың жетіспеушілігі сирек кездеседі.
Ақуыз жетіспеушілігінің екінші себебіне тамақта энергияның аз мөлшерде болуы жатады. Мұндай жағдайда жоғарыда айтып өткендей, энергия көзі ретінде ағзаның өзіндік нәруыздары қолданылады.
Квашиоркор
Ақуыз жетіспеушілігі екі жағдайында да квашиоркор деп аталатын ауру дамиды. Бұл ауру алғаш рет 1935 ж. Ганда анықталды; оның атауы «баланың туылғаннан кейінгі бірден емшектен шыққан баланың ауруы» деген мағынаны білдіретін сөзден болған. Баланың сүт емдәмінен крахмалды тамаққа ауысуы ақуыз жетіспеушілігіне әкеледі.
Квашиоркормен ауыратын баланың бейесі 8.30 А суретте көрсетілген. Бұл аурудың белгілері:
Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік (маразм)
Асқа жарымауды туғызатын белгілі жағдайлардың тағы бірі маразм (жалпы қажу) болып табылады. Алғашында бұл жағдай калориясы төмен тамақ тұтынғаннан болады деп болжанды, бірақ бәрі онда емес.(төм. Қар.). маразмнан зардап шеккен баланың суреті 8.30 Б суретте көрсетілген , оны кваришиоркормен ауыратын балатын салыстыруға болады. Маразмның белгілері мен симптомдары:

- Қорыту- қарапайым және еритін қоректен тұратын үлкен және қиын молекулярлы комплекстерді ыдырату;
- Сору- дене тіндерінен, ас қорыту нәтижесінде алынған еритін молекулаларды сіңіру;
- Ассимиляция- белгілі бір мақсатқа арналған сіңірілген молекулаларды пайдалану.
8.1А. суреті. Шөпті қорек қылып жатқан зебралар. Шөптер фотосинтез процессі арқылы алынған күн мен көмір қышгқыл газының (автотрофты қоректену) энергиясынан тұрады. Зебра энергияны шөптерден алады(гетеротрофты қоректену). Б. Арыстан зебраны жеп жатыр. Арыстан- жыртқыш жануар, ал зебра- өсімдікқоректі.
8.1. Гетеротрофты қоректенудің түрлері
8.1.1. Голозойлы қоректену
Голозойлы термині көбіне жабайы жануарлардың мамандандырылған ас қорыту жолдары немесе каналдарында қолданылады. Жануарлардың көпшілігі голозойлы болып келеді.
Голозойлы қоректену келесі процестерді жүзеге асырады.
- Тамақ қабылдау тағамды түсіруге мүмкіндік береді.
- Қорыту- бұл ірі органикалық молекулаларды суда оңай еритіндей және майда қылып ыдыратады. Механикалық қорыту немесе қоректі қорыту мысалға тіспен шайнау. Химиялық қорыту- ферменттер арқылы қорытылу жатады. Химиялық қорыту арқылы жүзеге асырылатын реакциялар гидролиттік реакциялар деп аталады. Асқорыту жасушадан тыс және жасушаішілік болуы мүмкін.
- Сіңіру қоректік заттың тиісті ұлпа мембранасы арқылы бөлшектенуінің нәтижесінде пайда болған, еріген молекулаларды көшіру болып табылады. Бұл заттар тікелей жасушаға түсуі мүмкін немесе алдымен қан арасына содан кейін әртүрлі органдарға өткізілуі мүмкін.
- Ассимиляция- бұл энергиямен қамтамасыз ету немесе барлық ұлпалар мен ағзалар үшін сіңірілген молекулаларды пайдалану.
- Оқшаулау (шығару)- ағзадағы қоректің қорытылмай қалған қалдықтарын эвакуациялау және зат алмасудың соңғы өнімдерін жою. Өсімдікпен қоректенетін жануарлар өсімдікқоректілер деп аталады, басқа жануарлармен қоректенетіндер жыртқыштар деп аталады, ал жануармен де өсімдіктермен де қоректенетіндер талғамсыз қоректенушілер болып табылады.
8.1.2. Сапротрофты қоректену
(sapros —шірік, trophe – қорек, қоректену)
Өлі немесе органикалық қалдықтармен қоректенетін организмді сапротрофты организм деп атайды. Бұл ағзаларды атау үшін басқа терминдер де қолданылады, сапрофиттер(сапротрофты қоректену) және сапробионттар(сапробионты қоректену) . көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар сапротрофты болып табылады, мысалға, musor, Rhizopus саңырауқұлақтары және ашытқы саңырауқұлақтары. Сапротрофтар ас қорыту үшін қоректегі ферментті оқшаулап алады, одан кейін жұтады және өнімді жасуша сыртында қорытуға үйретеді. Сапротрофтар өсімдіктер мен жануарлардың өлі органикалық қалдықтарымен қоректенеді. Осылайша сапротрофтар органикалық қалдыықтарды ыдырату арқылы жояды. Қарапайым заттардың көпшілігін сапротрофтар пайдаланбайды. Сондықтан олар өсімдіктрдің қорегіне айналады. Сапротрофтардың белсенділігі биогендік элементтер арасындағы айналымдардың ең маңызды байланыстарын туғызып, бұл элементтердің тірі ағзаға айналуына мүмкіндік береді.
Mucor, Rhizopus саңырауқұлақтарының сапротрофты қоректенуі
Mucor, Rhizopus саңырауқұлақтары зеңсаңырауқұлақтарына жатады. Олар нан құрамында кездеседі, олар топырақта да тіршілік етеді. Mucor туралы 2.5.2. бөлімінде толығырақ жазылған. Rhizopus көп кездеседі, ол өзінің құрылысы мен өмір сүру түрі бойынша Mucor – ға өте ұқсас келеді. Екі саңырауқұлақты зертханалық жағдайда оңай өсіруге болады. Олардың гифі(жіпшесі) өздері өсетін қоректік ортаға өтеді және гиф(жіпше) құйрықшасынан гидролиздеуші ферменттер секрецияланады. 8.2. суретте осындай жасушадан тыс қорытудың нәтижесі көрсетілген . Амилаздар мен протеиназдар сәйкесінше крахмалды глюкозаға және белокты аминқышқылына дейін ыдырауын жүргізіп отырады. Жіңішке әрі тармақталған мицелий Mucor мен Rhizopus ның үлкен сіңіру бетін қамтамасыз етеді. Глюкоза саңырауқұлақтың тыныс алу кезінде энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл энергия матаболитикалық процесстердің жүруіне қажет. Сонымен қатар, глюкоза мен аминқышқылдары саңырауқұлақтың ұлпасын қалпына келтіріп, көбеюіне әсер етеді.Цитоплазмада гликоген мен майға айналған глюкозаның артық мөлшері және ақуызды түріндегі аминқышқылының артық мөлшері сақталған.
8.1. Muscor мен Rhizopus тың адамға жақсы жағын қысқаша баяндаңыз.
8.1.3 Симбиоз: мутуализм, паразитизм және комменсализм.
Симбиоз термині «бірігіп өмір сүру» дегенді білдіреді. Оны неміс ғалымы де Бари 1879 жылы кіргізіп, ол бұл құбылысты « әртүрлі атты ағзалардың бірігіп өмір сүруі» деп көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, симбиоз- екі немесе одан да көп әртүрлі түрдегі ағзалардың арасындағы ассоциация. Де Бари уақытынан бастап көптеген биологтар «симбиоз» деген түсінікті тарылтып, әртүрлі екі немесе оданда көп ағзалардың өзара тығыз қатынасы деп түсіндіре бастады, пайда барлық әріптестерге бірдей болады.
20 ғасырдың 70 жылдары симбиоз биологияның бір тарауы ретінде үлкен маңызға ие болды. Қазіргі уақытта, мысалға, өсімдіктің көп бөлігі қоректі саңырауқұлақтардың көмегімен алады, ал азот симбиотикалық бактериялармен басты түрде бекиді. Күйіс қайыратын жануарлардың қарынындағы ферменттену симбиотикалық ағзаның әсерінен болатынының ашылуы ірі қараның өнімділігін арттыруда үлкен мағынаға ие болды. Сонымен қатар биологтар мұндай жағдайларда өзарақатынастың, пайда мен зиянның теңдік дәрежесі өте күшті түрленіп отыратынын түсіне бастады. Осыған байланысты заманауи биологтардың көпшілігі Де Баридің симбиоз анықтамасын пайдаланады сонымен қоса ол 1975 жылы эксперименттік биология қоғамында бекітілді. Берілген кітапта төменде көрсетілген анықтамалар қолданылатын болады. Екі ағзаның өзара қатынасы оларға қандай пайда беретініне тоқталады.
Симбиоз – әртүрлі екі немесе одан да көп ағзалардың өзара тығыз байланысып өмір сүруі. Осындай қауымдастықтың көпшілігі үш немесе одан да көп «әріптестердің» бірігіп қоректенуінен тұрады. Симбиотикалық қатынастың үш негізгі типтері бар:
- Мутуализм, немесе екі түрдің бір біріне пайда келтіретін ара қатынасы
- Паразитизм, мұнда пайданы тек біреуі ғана алады, ол екіншісіне зиян келтіреді
- Комменсализм, біреуіне пайда болып, екіншісіне пайдасы да, зияны да жоқ қарым қатынас.
Мутуализм
Мутуализм әр түрлі екі тірі ағзаның арасындағы тығыз қатынастың екеуіне де өзара пайдалы қатынас. Мысалы Calliactis актиниясы тақуа-шаян өмір сүретін бақырашқа бекіп алады. Актиния тақуы-шаяннан қалған тамағының қалдықтарымен қоректенеді және онымен бірге көшіп жүреді. Сол кезде актиния шаянның бақырашын бүркемелеп отырады және оны қорғанысын қармалауыштарда орналасқан күйдіргіш жасушалар арқылы күшейтеді. Көріп отырғаныңыздай, актиния тақуа-шаянның бақырашына бекімей өмір сүре алмайды, ал шаян да онсыз өмір сүре алмайды. Егер актиния кенеттен бақыраштан кетіп қалса, басқасын тапқанша тыным таппайды.
Шөпқоректі күйіс қайырушылардың асқорыту кезеңдерінде целлюзаны қорытатын көптеген бактериялар мен кірпікшелі инфузориялар болады. (8.6.2. бөлім) Бұл микроскоптық ағзалар тек қана күйіс қайырушылардың асқорыту кезеңдеріндегі анаэробты жағдайда тіршілік етуге бейімделген. Мұнда бактериялар мен инфузориялар иесінің тағамында болатын целлюзамен қоректенеді және оларды өте қарапайым қосылыстарға айналдырады. Сонан соң күйіс қайырушылардың өздері одан әрі қорытуға қабілетті болады.
Мутуализмге маңызды мысалға Rhizobium бактериясының тамыр түйнегінде пайда болуын келтіруге болады (7.10.2 бөлім). Басқа мысалға микоризаны (7.10.2 бөлім) және эндосимбиозды (8.1.3 бөлім) келтіруге болады.
8.3. сурет. Актиниялар шаян орналасқан құрсақаяқтағы ұлудың қабыршағына бекіген.
Паразитизм
Паразитизм екі түрге жататын екі тірі ағзаның арасындағы тығыз өзара іс-әрекетін білдіреді, мұнда пайданы олардың тек біреуі көреді, және ол екіншісіне зиян келтіреді. Паразит иесінен тек қорек емес, баспананы да алып отырады. Сәтті паразит иесімен едәуір зиян келтірмей де өмір сүре алады. Кейде пайда мен зиянның келтіретін дәрежесін анықтау мүмкін болмай қалады.
Иесінің сыртында өмір сүретін паразиттерді эктопаразиттер деп атайды(мысалы: кене,бүрге,сүлік). Олар әрдайым тек қана паразиттік жолмен өмір сүрмейді. Иесінің ішінде өмір сүретін паразиттер эндопаразиттер деп аталады, мысалы Plasmodium (безгек шақырушы қарапайымдылар; 15-бөлім) , шошқа цепені Taenia және бауырлы екі ауызы Fasciola. Егер ағза үнемі паразиттік жолмен өмір сүретін болса, оны облигатты паразит деп атайды, мысалы Phytophthora, картопты тез шірітеді. (2.6.2-бөлім) Факультативті паразиттерге саңырауқұлақтар жатады, олар паразиттік әдіспен қатар сапротрофты әдіспен де өмір сүреді. Оларға мысалы Candida саңырауқұлағын келтіруге болады. Ол адамдарға ауыз уылуын тудырады (2.5.3- бөлім). Ал Pythium өркендердің шіруіне алып келеді(2.5.3- бөлім) . Кейде факультативті паразиттер (мысалы Pythium) өзінің иесін өлтіреді де, өлген ағзада сапротрофты әдіспен өмір сүреді.
Паразиттер жоғары деңгейлі көптеген адаптацияяға ұшырайтын организмдер болып табылады, олардың көпшілігі өз иелері мен олардың өмір салтына байланысты. Бұл әсіресе бауыр двуустки Fasciola тұратын " өт арналарындағы ішекте өмір сүретін Taenia шошқа цепенінің бейімделуі мысалында жақсы көрінеді. Бауыр двуустки туралы разд. 2.8.3 және сурет. 2.5.1 сипатталған.
бауыр двуустка мен шошқа цепені Taenia жалпақ құрттар типіне жатады. Осы жануарлар мен еркін өмір сүретін планарийдің айырмашылығы олардың адаптацияның көптігі мен олардың паразиттік өмір салтына бейімделуі (разд. 2.8.3). Олардык кейбірінің бейімделуі 8.4 суретінде көрсетілген, ал тамақтану ерекшеліктері төменде талқыланады. Еркін өмір сүретін жалпақ құрттар мен цепеннің айырмашылығы меншікті ішектің немесе қандай да бір басқа ас қорыту құрылымдар жоқ, өйткені олар кутикула арқылы қорытылған асты сақтайды.
Комменсализм (com-бірге; mensa – үстел)
Комменсализм әр түрлі екі тірі ағзаның арасындағы тығыз байланысын білдіреді. Мұнда пайданыы тек біреуі (комменсала) көреді,екіншісіне (иесіне) ешқандай пайда келмейді. Басқа сөзбен айтқанда комменсализм термині «бір үстелде отырып тамақтану» дегенді білдіреді және симбиотикалық қатынастарды зерттегенде қолданылады. Бірақ олармутуализм мен паразитизм дәрежесіне кіргізілмейді. Мысалға: тақуа-шаян өмір сүретін бауыраяқты моллюска бақырашқа бекіп алатын колональды полип Hydractinia жатады
Полип тақуа-шаянның тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Бұл жағдайда шаянға мұндай өмір сүрудің ешқандай әсері жоқ. Басқа мысалға орхидті өсімдіктер мен қыналардың (комменсалдар) ағашта (иесі) өсуін айтуға болады.
8.2.Жануарлар қоректенуінің механизмдері
8.2.1 Сүзгілеу(фильтр)
Жануарлардың осылай қоректенетіндерін – сүзгіштер деп атайды. Сүзгіштер – судан органикалық заттардың ұсақ бөлшектерін сүзіп алып отырады. Бүйтіп көптеген моллюскалар қоректенеді. Мысалы, кәдімгі мидия (Mytilus edulis) су жағалауларындағы ұсақ тастар мен жарғабақтарға бекіп алып өмір сүреді. (8.5.сурет) Мидия қосжақтаулы моллюскаға жатады. Бұл моллюсканың бақырашы бір-біріне біріккен 2 жартыдан немесе жақтаудан тұрады. Бақыраштың ішінде екі үлкен желбезек болады. Желбезектер кірпікшелер деп аталатын жіңішке талшықтармен қапталған. Кірпікшелердің қозғалысы судың кіру сифоны деп аталатын құбырлар арқылы ішке өтуін қамтамасыз етеді және шығу сифоны деп аталатын құбырлар арқылы сыртқа шығарылады. Суда моллюскаға керекті микроскопиялық қарапайымдылар мен балдырлар болады. Көптеген секрециялық жасушалар кірпікшілердің арасына орналасып алып жабысқақ сілекей ағымын өндіреді Олар қоректің ұсақ бөлшектерін ұстап алады. Сонан соң бұл қорек ерекше кірпікшелер арқылы ауызға қарай орын ауыстырады. Ауыз желбезектің алдыңғы ернеуінде орналасқан. Ауыз тесігі арнайы құрылымдардан құралған. Олар да кірпікшелермен қапталған. Тамақтың ұсақ бөлшектер, ауызға түспес бұрын сұрыпталып өтеді.Устрицаның асқорыту каналы қарын мен қысқа ішектен тұрады. Ол шығару сифонының маңында орналасқан аналь тесігінен аяқталады.
8.2.2 Қармалауыштар арқылы қоректену
Cnidaria типіне жануарлардың өте қарапайым денелілері жатады(2.8.2-бөлім)- бұлар медузалар, актиния мен тұщы су гидрасы. Бұл жануарлар етқоректілерге жатады. Қоректі ұстауға арналған аузының жанында орналасқан қармалауыштары бар. (2.47; 2.48 суретті қараңыз)
Бұл жануарларда ішектің рөлін атқаратын қарапайым қапшық болады (гастрольды қуыс). Ол ауыз жақтан ашық болып келеді. Қорек ағзаға ауыз арқылы түседі (жұту). Бірақ барлық қорытылмаған қалдықтар ауыз арқылы сыртқа шығарылады.
Қармауыштардың сыртқы бетін бойлап күйдіргіш жасушалар орналасқан. Ол нематобласта деп аталады. Осы жасушалардың ықпалымен қосушы механизмдердің белсенділігі артады. Ол сыртынан қарағанда талшық тәрізді болады және бойындағы жасушаларда жарылыс тәрізді жүреді.(8.4.сурет) Күйдіргіш жасушаларға бір уақытта екі тітіркендіргіш әсер етеді. Олар жанасу және сәйкесінше химиялық заттар («иіс»). Нематобласталардың бірнеше типтері бар. Олардың кейбірінде инелері болады. Оны күйдіргіш жасушамен шабуылдағанда жемтігіне қарайды. Кейбірінде кішкентай қармақшалары мен ұзын бос жіптері болады. Қармауышымен жемтігін іліп алса, улы ұзын бос жіптерімен жемтігін қимылдатпай өлтіріп тастайды. Бұл жіптер жабысқақ болып келеді және жемтігін матап тастайды. Жіптермен маталған жемтік қармауыштармен ауызға қорытылуға әкелінеді. Кең ашылған ауыз тесігі арқылы жемтік гастальді қуысқа түседі, сонан соң алғашқы асқорытудың жасушадан тыс фазасы басталады. Қорек кішкентай фрагменттерге дейін ұсақталғаннан кейін, фагоцитоз арқылы гастральды қуысты суытатын жасушалар ұстап алады. Осы жасушаларда соңғы жасушаішілік асқорыту жүреді. Көбіне дафниялар мен циклоптар, ұсақ тұщысу шаян тәрізділері гидраның жемтігіне айналады.
8.2.3 Детритті қоректену
Жаңа немесе ыдыраған органикалық материяны детрит деп айтады. Көбіне олар топырақтың бетінде кездеседі. Детритпен қоректенетін ағзаларды детрит қоректі немесе детритофаг деп атайды. Оларға мысал ретінде жауынқұрттарды келтіруге болады. Детритофагтар көбіне өлі материалдың алғашқы стадиясында болады сондықтан олар маңызды рөлге ие. Жауынқұрт (2.58.сурет) топырақтың бетіндегі өсімдіктер қалдықтарын немесе детрит фрагменттерін пайдаланады. Қоректің бөлшектері жұтқыншақ бөлетін сілтілік сөлмен ылғалдандырылады және ұсақталады, сонан соң жұтылады. Жауынқұрттар ін қазу кезінде жұтылатын топырақтың құрамындағы органикалық заттармен де қоректенеді.
Жауынқұрттың асқорыту тракті тіке құбыр тәрізді болады. Ол ауыз тесігі мен аналь тесігінін арасын қосып тұрады. Оның әрбір бөлігі жұтылған қоректің қорытылуы мен сіңірілуіне арналған ерекшелікке ие. Кез-келген қорытылмаған материал аналь тесігінен құмалақ түрінде шығарылып отырады.
Алғаш рет топырақтың құнарлылығымен құрылымын ұстап тұру үшін жауынқұрттардың маңызды мәніне Чарлз Дарвин назар аударады. Құнарлы топырақта гектарына 2 миллионға жуық жауынқұрттар болуы тиіс. Жауынқұрттың ішегінен өте отырып топырақ ұсақталады және әртүрлі элементермен байытылады. Сонан кейін эксперимент түрінде сыртқа шығарылады. Бұл топырақтың құрылымын арттырады және оның қопсытылуымен қамтамасыз етеді.(жылына гектарына 50 т дейін топырақ қопсытады. Жауынқұттардың соңғы азотты өнімі топырақты құнарлы заттармен толықтырады. Бұл заттарды өсімдіктер пайдаланады. Кальцийдің артық мөлшерін олардың тұздарымен байланыстыру топырақтың қышқылдығын төмендетеді. Сонымен қатар өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Құрттардың жүріп өткен жеріндегі қуыстар топырақтың аэрациясы мен қопсытуын(дренаж) арттырады. Осының арқасында оттегінің көп бөлігі өсімдіктің тамырына жетеді. Детритті топырақтың бетінен өзінің індеріне таси отырып жауынқұрттар экожүйенің өнімділігін және органикалық заттардың ыдырау жылдамдығын арттырады.
8.2.4. Ауыздың тістеуші және шайнаушы бөліктері
Көптеген жәндіктер өсімдіктерімен қоректенеді және олардың ауыз бөліктері тістеуге және шайнап жеуге үйренген. Көптеген өсімдікқоректі жәндіктер ауыл шаруашылығы егістігіне үлкен зиян келтіреді. Оған мысал ретінде шегірткені келтіруге болады. Оның ауыз бөлігі күрделі құрылыстардан тұрады. (8.7 сурет) Жәндіктердің ауыз бөлігінің құрылысын білу үшін олардың тұтас денесінің құрылысына тереңірек көңіл бөлеміз. Олар бірнеше сегменттерден құралған (2.8.6 бөлім). Әрбір сегмент мүшелік өсінділердің жұбынан тұрады. Бас бөлігіндегі өсінділер қоректену үшін модификацияланады. Шегіртке ауыз бөлігі ретінде бастың 4-,5- және 6- сегменттерінің өсінділерін пайдаланады. Бастың төменгі бетін орналасқан ауызды өсінділер қоршап тұрады. 8.7. суретте шегірткенің ауыз аппаратының элементтерінің орналасу реттілігі көрініп тұр. Оларға: жоғарғы ерін (лабрум) , жоғарғы жақтардың жұбы (мандибул) төменгі жақтардың жұбы (максилл) және төменгі ерін ( лабиум). Мандибулдар 4-ші сегментте орналасқан. Максиллдер – 5-те, ал төменгі ерін (өсінділердің өсіп шыққан жұбы) 6-сегментте.
Қоректену кезінде шегіртке жапырақта жоғарғы және төменгі еріндерімен қатты қысады. Бір жерден екінші жерге қозғала отырып, жоғарғы жақтар жапырақты үзіп алып, уақтап отырады. Тағы да максиллдің көмегімен төменгі ерін сілекей бөле отырып ылғалданған тамақты ауызға апарады. Ол одан әрі жұтылады. Сенсорлы өсінділер (саусақ деп аталатын) шегірткеге тамақты иісімен дәміне байланысты табуына көмектеседі. Шегірткетектестер Жер шарының ыстық аймақтарының Африка, Индия, Пакистан, Орталық Азияда, Оңтүстік Америкада маңызды зиянкестеріне жатады. Шегірткенің шабуылы өте ертедегі Египеттегі Библияда суреттелген. Шегірткенің санының артуының ұшқыны ретсіз интервалдармен орындалып отырады және бірнеше маусым бойына жалғасып отырады. Шегірткенің популяциясы бірті-бірте төменгі тығыздықтан жоғарыға дейін артып отырады. «Ұшқын эпицентрінде» қорек мөлшері азайғанда, популяцияның көп бөлігі жаңа мекен іздеуге көшіп отырады. Бұл этапта шегірткенің көп мөлшері шоғырланады. Және барлық ересек особтары үйірімен бірге көшеді. Олардың құрамында 10 млрд жуық особ болады. Олар өсімдіктердің барлығы жойып жіберуге дейін барады. Ауылшаруашылық егістіктерін жойып жіберіп, нағыз аштыққа алып келеді. Халықаралық ынтымақтастық шегірткенің популяциясын үнемі бақылап отырады. Қауіптірек аймақтарды алдын-ала анықтап, инсектицидтер шашумен жұмыстанады. Шегірткенің үйірін бақылап отырады, керек кезінде ұшақпен және жердегі техникалар мен жойылып отырады.
8.2.5. Сұйық тамақпен қоректену
Кейбір жәндіктер соруға маманданған ауыз бөліктерін пайдалана отырып, сұйық қорекпен қоректенеді, мысалы, көбелектер, ал өсімдік бітесі мен масалар шаншу мен сору бөліктерін пайдаланады.
Сору
Орамжапырақ ақ көбелегі сияқты көбелектер ұзын тұмсықтарымен қоректенеді(2.61 сур.). ол екі максилден түзіледі (жоғарыда көрсетілгендей, шегірткеде олардың атқаратын қызметі мен құрылымы мүлдем басқаша. Максилдің әр бөлігі өте күшті созылған, оның көлденең қимася С әрпіне ұқсас(8.9 сур.). екі С-тәрізді бөлік бір-біріне дәлдеп әкелінген және олар ұзын түтікше немесе тұмсықшаны түзеді. Мандибулдар (жоғарғы жақтар) шегірткелердегідей көбелектерде болмайды, ал сенсорлық пальпаларнашар жетілген. Тыныш кезде ұзын тұмсық спираль тәрізді оралып бастың астында орналасады. Сору кезінде тұмсықшаның әрбір жартысының бұлшықеттерінің рефлекторлық қысқаруының нәтижесінде тұмсық түп-түзу болады. Көбелектер гүлдердегі шырынмен қоректенеді. Тұмсық гүл тәжінен өтіп, тура шырынға қадалады. Шырын судағы қант ерітіндісіндей болады. Жұту бұлшықеттері (8.9 сур.) қысқарған кезде шырын жәндіктің аузына сорылады. Көбелектің тұмсығының ұзындығы көбіне гүл тәжі түтігінің тереңдігіне сәйкес келеді. Сондықтан көбелектердің әрбір түрі тек бір не бірнеше гүлдерге қонуға қабілетті. Көбелектер тозаңданудың маңызды атқарушысы болып есептеледі. Бұдан шығатын қорытындығ гүлдер мен көбелектер бір-біріне тәуелді. Мұндай тәуелділікті мутуализмнің мысалы ретінде алуға болады.
Шаншу және сору
Өсімдік биті өсіміктердің жапырақтары мен сабақтарынан бөлінетін шырынмен қоректенеді. Көбелектердегідей өсімдік биттерінде тұмсықша түзетін ұзартылуға маманданған ауыз бөлігі болады. Бірақ ол тек өсімдік ұлпаларын сору үшін емес, сонымен қатар шаншу үшін жетілдірілген. Тұмсықша флоэманың ұзын елек тәрізді түтікшесіне өтуі тиіс. Онда өсімдікке қажетті сахарозаның жоғары концентрациялы ерітіндісімен басқа да қоректік заттар ағып отырады. Өсімдік биттерінің максилдері бір-біріне стилет деп аталатын , өткір тікенекті тұмсықша түзу үшін ыңғайландырылған. Бөлшектенген төменгі ерін стилеттің қынабы қызметін атқарады және шаншуға қатыспайды. Өсімдіктің ұлпасына елек тәрізді түтікшеден өте отырып тек стилет жетеді. Осымен өсімдік битінің жұмысы аяқталады , себебі елек тәрізді түтікшедегі заттардың қысымы жоғары болады да, өзінен-өзі стилет сорылады, сонан соң асқорыту каналына түседі.
Ғалымдар елек тәрізді түтікшедей заттарды зерттеу үшін өсімдік биттерін пайдаланған. Қоректеніп жатқан битті анестизиялағаннан кейін оның денесін елек тәрізді түтікшелерден әлі шырын келіп жатқан стилеттен бөліп алған. Биттер ауылшаруашылық және бақшалық дақылдардың өте күшті зиянкестеріне жатады. Биттер шабуылына мына маңызды өсімдіктер тап болып отырады: астықтар, бұршақтар, картоп, жеміс ағаштары және бұталар, мақта өсімдігі. Жылыжай дақылдары да олардың шабуылына ұшырайды. Биттермен күресу үшін биологиялық және химиялық әдістер қарастырылады. Мысалы, қызылқоңыз (ханқыз) жыртқыш ретінде биттермен қоректенеді. Бірақ инсектицидамен өңдеу биттермен бірге қызыл қоңыз және т.б. жәндік-жыртқыштарды да жойып жібереді. Сондықтан мұндай өңдеу кері әсерге – биттердің популяциялық өсуіне әкеледі. Зиянымен қатар биттер бір өсімдіктен екінші өсімдікке вирус ауруын жұқтырушылар болып есептеледі.
8.3. Адамның асқорыту каналы
Астың қорытылуы мен сіңірілуі адамда асқорыту немесе азқазан-ішек жолдарында жүреді. Қысқаша айтқанда, ауыз қуысы мен аналь тесігіне дейін тартылған асқорыту түтікшесінде жүреді. Асқорыту түтікшелерінің қабырғасы дененің сыртқы бетінің жалғасы болғандықтан, ондағы ас адам денесінің сыртындағыдай әсерде болады. Ас ағзаға әуелі тіс арқылы және ішек қабырғасының бұлшықеттері арқылы механикалық жолмен ұсақталып( механикалық қорытылып), содан кейін ондағы күрделі жоғары молекулалық қосылыстар ферменттер әсерінен майдаланып, ішек қабырғасына сорылатын өте қарапайым молекулаларға айналғанна кейін барып сіңіріледі.
Бұдан қоректік заттар қан мен лимфаға өтеді. Олар ағзаның әртүрлі ұлпалар жасушаларына тасымалдайды. Онда олар соңына дейін сіңіріледі. Қорытылмаған астың қалдықтары аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Бұл этапта қоректенудің негізгі процестерін еске түсіруге болады ( 8.1.1. бөлім).
Адамның ас қорыту жүйесі ерекшеленген бөлімдерге бөлінеді. Олардың әрбірі қорытылу мен сіңірілудің жалпы процесі кезінде маңызды рөлге ие болады. Бұл бөлімдер мен олардың функциялары туралы қысқаша мәліметтер 8.11 суретте көрсетілген.
8.3.1 Адамның асқорыту жүйесінің жалпылама құрылысы
Асқорыту түтікшесінің әр бөлімі белгілі бір морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерге ие. Бірақ олардың 8.12 суретте көрсетілгендей бір ортақ мақсат үшін құрастырылған. Асқорыту түтікшелерінің қабырғасы төрт түрлі қабаттардан тұрады: сілекейлі қабықша, сілекей асты негіздер, бұлшықет қабықшасы, сероз қабықшасы.
Сілекейлі қабықша
Сілекейлі қабықша асқорыту түтікшесінің ең ішкі қабаты юолып есептеледі. Ол эпителий ұлпасынан, өзіндік қабат пен бұлшықет қабатынан тұрады. Дәл осы қабықшада безді жасушалар болады және мұнда сіңірілу жүреді.
Эпителий жасушалары сілемейдің көп мөлшерін секрециялайды, ол асқорыту жүйесі арқылы тамақты оңай жүруі үшін бүркемелеп тастайды. Сілемей сонымен қатар ішек қабырғаларының өздерінің ферменттерімен қорытылып кетуінен сақтайды. Кейбір эпителий жасушалары ішектің бетіне микроталшықтар алып келеді. Оның құрамында мембраналарға сіңірілген ферменттер бар. Микроталшықтарды жарық микроскопымен шимайланған жұқа қабатты көруге болады. Олар жасушалардың бетіне перпендикуляр орналасқан. Өзінің шимайланғандығының арқасында, қабаттыщеткалық жиек деп атайды. Эпителий жасушалары базальды мембранада жатады. Оның астындаөзіндік қабат болады. Ол қантасушы және лимфалық тамырлары бар дәнекер ұлпасын ұстап тұратын қабаттан тұрады. Өзіндік қабаттан көп бөлігінде эпителийдің бөлінуінен пайда болған бездер болады. Өзіндік қабаттың сыртында сілемейлі бұлшықет қабаты – тегіс бұлшықеттің жұқа қабатшасы бар. Берілген қабатшаның негізгі мақсаты сілемейлі және сілемей асты қабаттарды асқорыту жүйесінің кейбір бөлімдерінде бөліп отыру.
Сілемей астылық негіз
Сілемейасты негіз құрамында жүйке өрімдері, қантасушы және лимфалық тамырлар, коллагенді және эластикалық талшықтары бар дәнекер ұлпасынан тұрады. Он екі елі ішектің сілемейасты негізінде сілекей бездері бар. Олар сілемейлі қабықшаның бетіне өзінің сөлін (секретін) жолдар бойымен бөліп отырады.
Сыртқы бұлшықеттік қабат
Бұлшықеттік қабат тегіс бұлшықеттің екі қабатшасы – сақиналы және сыртқы бойлық. Тегіс бұлшықеттің жұмысы вегетативті жүйке жүйесінен бақыланып отырады. Олардың қозғалысы еріксіз түрде, мидың саналы бақылауынан тыс жүреді. Бұл екі қабатшаның координациялы қысқаруы ішектің қабырғасының толқын тәрізді перестальтикалық қозғалысын туғызады. Олар тамақтың ішек боцымен қозғалуына ықпал етеді және тамақтың араласуын да қамтамасыз етеді.
Сақиналы және бойлық бұлшықет қабықшалары арасында ауэрбахово жүйке өрімдері болады. Ауэрбахово жүйке өрімдері вегетативті жүйелі жүйкелерден тұрады. Олар перистальтикана бақылап отырады. Симпатикалық жүйкелер арқылы өтетін импульстер асқорыту жүйесінің босаңсуына және сфинктерлердің босаңсуына алып келеді. Ол кезде парасимпатикалық жүйкелер арқылы өтетін импульс ішек қабырғаларының қысқаруы мен сфинтерлердің босаңсуына алып келеді. Сақиналы бұлшықет пен сілемейасты негіздің қабатшалары арасында тағы бір жүйке өрімі – мейснерово орналасқан. Ол асқорыту жүйесінің қабырғаларындағы бездердің секрециясын бақылап отырады.
Асқорыту түтікшесінің бөліктерінде сақиналы бұлшықет қабатшасы жуандайды да сфинктерлер деп аталатын құрылым түзеді. Сфинктерлердің босаңсуы мен қысқаруы түйірлерінің асқорыту жүйесінің бір бөлігінен екінші бөлігіне орын ауыстыруын бақылап отырады. Сфинктерлер өңештен асқазанға, асқазаннан он екі елі ішекке ( пилорикалық сфинткер), мықын ішектен соқырішекке өтетін өткелдерде және аналь тесігінің маңында болады.
Сероздық қабықша
Сероздық қабықша асқорыту түтікшесінің ең сыртқы қабатшасын түзеді. Ол жұмсақ талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады.
Асқорыту түтікшесінің беті сыртынан барлық ұзындығының бойына (өңештен басқа) көкетпен қапталған. Ол асқорыту жүйесінің негізгі бөлімі орналасқан құрсақ қуысын қалқалайды, сонымен қоса шажырқайды түзеді. Ол дененің артқы қабырғасын асқазан мен ішектерді әрі асып, әрі ұстап тұрады. Шажырқай көкеттің екі қабықшасынан құралған. Онда ішектің бағытымен және кері қарай жүйкелер, қантасушы және лимфалық тамырлар орналасқан. Шажырқайдың беті ылғалды болады. Ол асқорыту жолындағы мүшелердің бір-бірімен жанасқандағы кедергіні азайтады.
8.3.2 Адамның тіс аппараты
Тіс типтері:
Адамның екі – жоғарғы қозғалмайтын және астыңғы қозғалатын жақтары болады. Екі жақтың да тістері болады. Олар тамақты ұсақтауға (шайнауға) пайдаланылады. Бұл механикалық процес ферменттер әрекетіне жеткілікті болатын тамақтың беттік ауданын арттырады. Тістер өзінің функциясын атқаруға қабілеттенген қатты түзілістен тұрады. Бүкіл өмірінде адамның тістерінің екі әртүрлі жиынтығы болады. Бірінші сүт тістері пайда болады, олар уақыт өте тұрақты тістермен ауысады. Адамның тістері әртүрлі форма мен өлшемдерде болады және шайнау бетінің әртүрлілігіне ие болады. Тұрақты тістердің саны адамдарда – 32 болады, 8 күрек тістер (і), 4 сойдақ тіс (с), 8 жалған азу ( премоляр; рm) және 12 азу (моляр;ш) тістері. Тістердің құрамын тіс формуласымен көрсетуге болады. Тұрақты тістер үшін ол мынадай түрде болады.
Мұнда әріптер тістің латынша атауының бірінші әріптері, тырнақшаның үстінде жоғарғы жақтың тістерінің әрбір типтерінің сандары, ал тырнақшаның астында төменгі жақтың тістерінің әрбір жағында саны берілген.(8.13 сур.). тістердің саны, өлшемі, пішіні адам пайдаланатын тамақтарға байланысты бейімделген.
Тістердің әр типінің қызметі мен құрылысы төменде сипатталған:
2[i2/2 c1/1 pm2/2 m3/3]
- Күрек тістер ауыз қуысының алдында орналасқан, тамақты тістеумен «келу» үшін қолданылатын өткір қырлары бар (8.13 сур.).
- Сойдақ тістер конус тәрізді болып келеді. Адамдарда ол нашар дамыған, бірақ ет қоректі жануарларда ол жақсы дамыған. Ол жануарларды ұстап алуғағ өлтіруге соын кесектеп бөлу үшін қызмет етеді.
- Кіші азу тістердің бір немесе екі түбірі болады. Ал шайнайтын бетінде екі төмпешік болады. Олар тамақты ұсақтауға, езгілеуге қолданылады. Кейде адамдарда олар тамақты бөлу үшін де қолданылады.
- Азу тістердің бірнеше түбірлері болады( үстіңгіде – үшеу, астыңғыда – екеу). Шайнау бетінде 4-ден не 5-еуден төмпешіктер орналасады. Бұл тістер тамақты ұнтақтау мен ұсақтауға арналған. Сүт жиынтығы кезінде бұл тістер болмайды.
Тіс құрылымының жалпы жоспары
Тістің көрініп тұрған бөлігі сауыт деп аталады, ол кіреукемен қапталған(8.14 сур.). ол ағзадағы ең қатты зат болп есептеледі және қиратуға берік келеді. Тіс мойны иек батып тұрады, ал түбір жақ тістің негізін құрайды. Дентин айтарлықтай ьерік болса да, қаттылық пен қиратуға беріктігі жөнінде кіреукеде қалып қояды. Онда бірнеше арналарға арналған қуыстар болады. Бұл арналарда одонтобласттардың –дентин түзетін жасушалар цитоплазмалық өскінініен тұрады. Тістің пульпарлы қуысында одонтобласттар, сенсорлы жүйке ұштары және қантасушы тамырлар болады. Олар тістің тірі ұлпаларына қоректік заттарды алып келеді және олардың өміріндегі қалдық өнімдерді жойып отырады.
Тістің түбірі цементпен – сүйекке ұқсас затпен жабылған. Көптеген талшықтар бір ұшын цементке, екіншісін сүйекке бекітіп тісті орнында мықты түрде ұстап тұрады. Тіс болмашы ғана қозғалғыштығының арқасында шайнау кезінде сынып кетпейді.
Тіс аурулары
Екі негізгі тіс аурулары бар – пародонтоз және кариес. Екі аурудың да себебі – тіс өңезінің пайда болуы. Оның құрамында бактериялар мен сілекей затының араласқан қоспасы болады. Егер бактериялардың жиналуына жол берсек, онда қызыл иек ауруы – пародонтоз пайда болады. Тіс өңезі сілекейдің бірнеше химиялық компоненттерінің өзара әрекеттесуінен қатты және кальцийленген боп шығады. Соның арқасында қарапайым тіс тазалау кезінде кетпейтін тіс тасы түзіледі. Кейбір бактериялар тіс жиналмасында өмір сүре отырып, тамақпен келетін қантты қышқылға айналдырады, ол кариеске әкеледі(сурет 8.15).
ПАРОДОНТОЗ. Пародонтоз- микроорганизмдермен келетін қызыл ектің ауруы, десной мен тістің арасында тіс ұшу болады. Ауыз қуысы гигиенасын сақтамау ауру дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Алдымен қызыл иектің қабынуы байқалады. Әдетте қабыну ауру туғызбайды, алайда, егер бұл процесс жойылмаса, онда жағдай одан әрі дамуы мүмкін; ол тістің тамырына таралып, тіс орнығуына байланыстыталшықтар жойыла береді. Соңында тіс қирап түсіп қалуы мүмкін.
КАРИЕС. Тіс ұшының құрамына кіретін микроорганизмдер қышқыл құрамындағы қантты түрленіге қабілетті.Алдымен эмаль жай және ауырмастан қышқылдың әсерінен бұзылады.Дентин мен пульпада мәселе туған кезде қатты ауыру туындайды және бұл жағдай тістен айырылуға дейін әкеледі.Тістің кариесінің дамуында бірнеше факторлар рөл атқарады. Олардың қатарына мыналар жатады: ұзақ тамақтану, құрамында қант бар тағамдарды қабылдау; сілекей құрамының өзгеруі; ауыз қуысы гигиенасының ережелерін сақтамау; ауыз судағы фтордың төмен деңгейі. Кариестің дамуының алдын алуғас ауыз суындагы фтор мен кейбір азық-түлік өнімдері ықпал етеді, мысалы, сүт; балаларға таблетка тұтыну, құрамында фтор бар ағамды пайдалану; фторланған тіс пасталар; егжей-тегжейлі ережелерін сақтау, ауыз қуысы гигиенасы; тіс дәрігеріне тұрақты бару және ауыз қуысы гигиенасын сақтау, сондай-ақ теңдестірілген және салауатты диеталар.
8.3.3. Ауыз қуысы
Ауыз қуысы ауыз тесігінен кейінгі орналасқан камераны білдіреді. Онда тамақтың шайналуы жүреді. Шайнау үрдісі кезінде , бұлшықеттен құралған тіл тамақты ауызда араластырады, және араластыра отырып, оны сілекеймен ылғалдайды. Тілдің бетінде дәмдік баданалар орналасқан(8.16 сур.). олардың тәттіні, ащыны, қышқыл заттарды сезетін рецепторлары бар. Қарапайым (туа біткен) және шартты (пайда болған) рефлекстер сілекей сөлін сілекей бездерінен бөліну кезінде маңызды рөлді көз бен мұрынның иіс сезу рецепторлары атқарады.
Бір күн ішінде адамның сілекей бездері 1,5 л сілекей бөледі. Сілекей дегеніміз – құрамында амилаза мен лизоцим ферменттері бар, және сілемей мен әртүрлі минералды тұздар, соның ішінде хлоридтер бар және ферменттердің белсенділігін арттыратын судың сөлі болып табылады. Сілемей тамақты ылғалап және майлай отырып, оның жұтылуын жеңілдетеді. Сілекей амилазасы крахмалды алғашында өте қысқа полисахаридті тізбекке дейін, содан соң мальтоза дисахаридіне дейін қорытады. Лизоцим ауру тудыратын бактерияларды жасуша қабырғаларының бұзылуын катализдей отырып өлтіреді. Ақырында жартылай қатты, біразы қорытылған тамақ кесектері бір-біріне жабысады және тамақ түйіріне айналады. Одан әрі жұтқыншаққа қарай ығыстырылады. Рефлекторлық актінің нәтижесінде ол ары қарай жұтылады және өңешке барып түседі.
8.3.4 Өңеш
Өңеш жіңішке түтікшеге ұқсас және ол бұлшықетті қабырғасы мен сілемей бөлетін бездері орналасқан көпқабатшалы жазық эпителий төселген қабырғадан тұрады(6.3.2. бөлім)(8.17 сур.). Оның ұзындығы адамда 25см болады. Өңештің перистальтикалық қозғалысының арқасында тамақ түйірі мен сұйықтың жұтқыншақтан асқазанға жылдам тасымалданады.
8.3.5. Перистальтика
Тамақ түйірі асқорыту жүйесінің қабырғасының сыртқы бұлшықеттік қабықшасының бұлшықетінің қысқаруының нәтижесінде асқоорыту жүйесімен ығыстырылады. Ол бұлшықеттің сыртқы бойлық және ішкі сақиналық қабатшаларынан тұрады. (8.12 сур.). тамақ түйірінің соңынан асқорыту жүйесінің қабырғаларын қыса отырып, сақиналы бұлшықет қысқарады, ал тамақ түйірінің алдында бойлық бұлшықеттер қысқарады, олар қысқара отырып асқорыту жолын кеңейтеді. Соның арқасында тамақ алға ығыстырылады(8.18 сур.). Бұл ырғақтық сегментация деп аталады. Асқазан мен тік ішекте қозғалыстың басқа типі де болуы мүмкін – маятниктәрізді қозғалыс. Асқорыту түтікшелері бөлімдерінің қабырғалары күтпеген жерден және жылдам қысқарып отырады және тамақты бір қабырғадан екінші қабырғаға апарып отырады, осылай тамақты мұқият араластырады. Жалпы айтқанда, бұл тип перистальтикалық қозғалысқа жатпайды. Қорытылу тракты әртүрлі жерде бір мезгілде қысқарады(сегментальды қозғалыс).
8.3.6. Асқазан
Адамның асқазаны құрсақ қуысының сол жағында, көкеттің астында орналасқан. (8.11 сур.). Ол тамақ қабылдау үшін созылатын бұлшықетті қапшықты елестетеді. Созылмай тұрғанда асқазан қабырғасы қыртыстарды түзеді. Асқазан толықтай созылған кезде 5 л-ге жуық тамақты сиғызады. Төменде асқазанның негізгі қызметтері көрсетілген.
- Ас асқазанға келіп түскеннен кейін, онда біршама уақыт бола тұрады. Сосын асқорыту жолынан басқа бөлімдеріне қарай баяу босатылады.
- Астың қорытылуының механикалық үрдісі асқазанда жалғасады. Бұған себеп, екі тегіс бұлшықетті қабаты бар асқорыту жолының басқа бөлімдерінен ерекшелене отырып, асқазан 3 қабатшалы тегіс бұлшықетінен тұрады – сыртқы ұзынша, орта сақиналы, ішкі қиғаш.
- Толық сілемейлі қабықшаның сілемейді секрециялайтын эпителий жасушалары болады. Сілемей сілемейлі қабықша мен асқазан сөлінің арасына бөгет тудырады. Сол арқылы асқазан қабырғаларының өзін-өзі қорытпауына жол ашады.
- Асқазанның негізгі бөлігі асқазандық шұңқырлармен бүркелген. (8.19;8.20 сур.). әр шұңқырға асқазан сөлін секрециялайтын ұзын түтікшелі бездер ашылады. Бездердің жасушалары басты және париетальды болып екіге бөлінеді.Басты жасушалар ( зимогенді деп те аталады) белсенді емес ферменттер пепсиноген мен прореннинді секрециялайды.Париетальды немесе жақтаулы жасушалар тұз қышқылының араласқан ерітіндісін секрециялайды. Олар өте маңызды қызметтерді атқарады. Тұз қышқылының арқасында рН-ң мәні 1-2,5-ке тең болады. Бұл мән асқазан ферменттерінің оптимальды белсенділігі үшін идеальды болады. Сонымен қатар қышқыл көптеген бактерияларды өлтіре отырып, қорғаныш рөлін орындайды. Тұз қышқылының әсерінен көптеген белоктар денатурленіп отырады: олардың үштік құрылымы бөлінеді де молекулалар ыдырап, қорытылуға ыңғайлы болады. Бұл негізінде жаунарлардың дәнекер ұлпаларының құрамына кіретін кана коолаген сияқты талшықты белоктарда үлкен мәнге ие. Сонымен қатар тұз қышқылы ұлпалардың талшықтары мен жасуша компоненттерін жұмсартады. Ол пепсиноген мен прореннинді өзінің белсенді формасы пепсин мен реннинге айналдыруға қатысады. Және сахарозаның гидролизінде глюкоза мен фруктозаға айналуына қатысады.
- Пепсин белоктарды өте қысқа полипептидтерге дейін ұсақтайды. Кальций ионының қатысуымен ренниннің тікелей әсерінен казеин коалициясы жүреді. Онда ерімейтін кальций тұзы түзілуімен бірге сүттің еритін белогы түзіледі. Кальций тұзы түрәндегі көптеген пепсинмен қорытылады. Сонымен қатар сілемейлі қабықшаның көптеген саусақтәрізді өскіні, бүрлері болады. Бүрлердің қабырғалары қантасуша және лимфалық капиллярмен жабдықталған. Сонымен бірге тегіс бұлшықеттік талшықтар да болады.( 8.21, Г сур.). Бүрлер үнемі қысқарып және босаңсып отырады. Осы арқылы олар тік ішектегі аспен тығыз байланыста болады. Бүрлердің эпителий жасушаларының бос тұрған беттері жіңішке микробүрлермен қапталған. (рис. 8.21, 2?;6.16и разд. 5.10.8). Микробүрлердің арқасында тік ішектің бетінің ауданы едәуір үлкейтеді. (8.2. кесте).
- Асқазанда гастрин гормонын секрециялайтын эндокриндік жасушалар бар. Бұл сұрақ 8.4. бөлімде баяндалады.
Кардиальды сфинктер өңешпен асқазанның арасында, пилорикалық сфинктер асқазан мен он екі елі ішектің арасында болады. Олар асқазанда тамақтың өздігінен шығып кетуін бақылап отырады. Екі сфинктер клапан сияқты жұмыс жасайды және тамақты асқазанда 4 сағ. дейін ұстап тұрады. Пилорикалық (қақпақтық) сфинктердің белгілі бір уақыттардан кейін босаңсуы питтидің азғантай мөлшерінің он екі ішекке жіберілуіне жол беріледі.
Асқазан қабырғаларының бұлшықеттерінің қысқаруының арқасында тамақ асқазан сөлімен жақсы араласады да химус деп аталатын жартылай сұйық затқа айналады. Уақыт өте келе сақина тәрізді пилорикалық сфинктер ашылады да химустың азғантай мөлшері асқазаннан он екі елі ішекке ығыстырылады.
8.3.7.Аш ішек
Аш ішектің бірінші бөлімі он екі елі ішек деп аталады. Оның ұзындығы шамамен 25 см құрады. Онда ұйқы безі мен өттің жолдары ашылады. Он екі елі ішек ұзындығы 3 м-ге жуық мықын ішекке өтеді(өлген кезде ол босаңсиды да оның ұзындығы одан да ұзаруы)(8.11. мен 8.21 сур.). Сілемейлі қабықшаның сілемейасты негізінің қатпарлы жүйесі болады(8.21, А).
Бүрлер арасында ұзын түтікшелі қуыстарды либеркюнді криптер деп атайды(8.21.Г сур.). Дәл осы жерде жаңа эпителий жасушалары түзіледі. Олар үнемі бүрлердің қабыршақтанатын жасушаларының орнын болып отырады( мұндай жасушалардың орташа өмірі 5 күнге жуық). Сонымен қатар , бұл криптердің жасушалары аз сілтілік сұйықтық – ішек сөлін секрециялайды. Оның құрамында су мен сілекей болады және ол ас қорыту жүйесіндей заттардың көлемінің үлкеюіне септігін тигізеді.Панета жасушалары криптердің негізінде орналасқан және антибактерияльды фермент – лизоцимді секрециялайды. Олар туралы сілекейді талқылағанда айтылған болатын.
Аш ішектің барлық ұзындығына ерекше эпителий жасушалары орналасқан. Олар бокал тәрізді жасушалар деп аталады және олар сілемейді секрециялайды. Олардың қызметі 8.3.1. бөлімде қарастырылған болатын( сілемейлі қабықшаның сипаты). Он екі елі ішекте асқазан сөлін бейтараптайтын, рН мәнін 7-8-де ұстауды қамтамасыз ететін сілтілік сұйықтықты секрециялайды.рН 7-8 мәні аш ішектің ферменттерінің жұмысына оңтайлы болады.
8.3.8. Аш ішекте астың ферменттер көмегімен қорытылуы
8.22 суретте көмірсулардың белоктардың және липидтердің қорытылу жолдары жалпылама көрсетілген. Аш ішектің барлық асқорыту ферменттері, тек ұйқыбезінің ферменттерінен басқасы, эпителийдің микробүрлерінің плазмалық мембранасына байланысы болады(8.21,Е сурет) немесе эпителий жасушаларының ішінде болады. Дәл осы жерлерде дисахаридтердің, дипептидтердің және кейбір трипептидтердің соңғы гидролизі жүреді.(8.23 сур.). Мұндай гидролиздің соңғы өнімі боп сәйкесінше моносахаридтер мен аминқышқылдар есептеледі. Асқорытуға қатысатын ферменттердің тізбелері 8.3 кестеде көрсетілген.
Аш ішекке өзінің ферменттерінен басқа да ұйқы безінің сөлі мен бауырдан өт сұйықтығы келіп тұрады. Өт сұйықтығы гепатоциттерде түзіліп өтте сақталады. Аш ішекке өт сұйықтығы өте отырып, құрамындағы тұздардың қоспасының (өт тұздары) арқасында табиғи детергенттер сияқты әрекет етеді. Ол май глобулдарының беттік керілуін азайтады. Яғни өте ұсақ тамшылар түзілуінің әсерінен олардың бетінің жалпы ауданы үлкейеді. (бұл үрдіс эмульгиялау деп аталады). Бұл өте ұсақ тамшылар липаздың (липидтерді ыдырататын фермент) әсеріне тиімді түрде шалынады. Бауырдың қызметі мен құрамы туралы толық ақпарат 19-тарауда көрсетілген.
Ұйқы безі асқазан астында орналасқан ірі бездердің бірі болып есептеледі( 8.11 сур.). онда ұйқы безінің жолдары арқылы он екі елі ішекке келіп түсетін асқорыту ферменттерінің бірнешеуін секрециялайтын жасушалар тобы бар( 5.29 сур.). Оларға мынадай ферменттер жатады:
- Амилаза – амилозаны мальтозаға айналдырады.
- Липаза – липидтерді (май мен өсімдік майлары май қышқылы мен глицеролға ыдыратады.
- Трипсиноген – энтерокиназдардың әсерінен трипсинге айналады. Ол белоктарды өте қысқа полипептидтерге ыдыратады және трипсиногеннің артық бөлігін трипсинге айналдырады;
- Химотрипсиноген – химотрипсинге айнала отырып, белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдыратады.
- Карбоксипептидаза – пептидтерді аминқышқылдарына айналдырады.
8.3.9. Аш ішекте астың сіңірілуі
Қорытылудың соңғы өнімдерінің сіңірілуі мықын ішектің бүрлерімен жүзеге асады. 8.21 Т7, Д, Е, суреттерде көрсетілгендей бүрлердің құрылысы осы қызметтің орындалуын өте жақсы лайықты келеді. Моносахаридтер, дипептидтер және аминқышқылдар қантасушы капиллярларға диффузия арқылы не белсенді тасымал арқылы келеді.(8.23 және 5.22 сур.).
Моносахаридтер, дипептидтер және аминқышқылдарының сіңірілу үрдісі кезіндегі белсенді тасымалының артықшылығы неде?
Қантасушы капиллярлар бүрлерден шыға отырып бірігеді, содан соң қорытылудың сіңірілген өнімдері бауырға келіп түсетін бауырдың қақпалы венаны түзеді.
Май қышқылдары мен глицерол бүрдің цилиндрлі жасушаларына келіп түседі. Мұнда олар тағы да липидтерге айналады. Эпителий жасушаларында кездесетін белоктар липопротеинді глобул түзе отырып,липидті молекулаларды жұқа қабатшамен қаптайды. Ол хиломикрондар деп аталады. Олар эпителий жасушаларын экзоцитоз жолымен тастап шығады, сосын бүрлердің лимфалық тамырларына келіп түседі. ( 8.21 Г сур.). ішектен ағатын лимфаларда олар ақ қылып тұрады. Сондықтан оларды кейде химус деп атайды. (от лат. chylus — млечный сок). Хиломикрондар лимфалармен бірге лимфалық тамырлармен тасымалданады және жүректің маңындағы қантасушы тамырларға түседі, мұнда қанның сұйық бөлігі – плазмаға келеді. Мұнда плазманың ферменттері тағы да липидтерді май қышқылдарымен глицеролға дейін гидролиздейді. Әрі қарай олар жасушалармен сіңіріледі және мұндай пішінде тыныс алуда, май түрінде бауырда, бұлшықетте, шажырқайда, тері асты қабатшасында қолданылады.
Аш ішекте басқа маңызды заттар: неорганикалық тұздар, витаминдер және сулардыың сіңірілуі жүреді. Мықын ішек пен соқыр ішектің арасындағы сфинктер бұлшықеті уақыт өте келе қысқарады және босаңсиды. Осылай аш ішектегі өнімдердің азғантай мөлшерін тоқ ішекке жіберіп отырады.
8.3.10. Тоқ ішек
Тоқ ішекте астың қорытылу енді жүрмейді. Сұйықтық (90% жуығы) пен тұздардың көп бөлігі аш ішекте сіңіріледі. Соқыр ішек пен жиек ішекте қалған сұйықтықтың 90 % жойылады. Кейбір неограникалық иондар, соның ішінде кальций мен темір ( ағзадағы артық заттарда кездесетін) тұз түрінде және алмасудың соңғы өнімдері ретінде бөлініп отырады. Тоқ ішектің эпителий жасушалары астың қорытылмай қалған өте тығыз бөлігін, нәжіс деп аталатын майлайтын сілемейді секрециялайды.
Тоқ ішекте аминқышқылдары мен кейбір витаминдерді синтездейін симбиотикалық бактериялардың көптеген түрлері кездеседі. Сонымен қатар қан тамырларға сіңірілетін К витамині де синтезделеді.
Адамдарда құрт тәрізді өсінді соқыр ішектің соқырланып бітетін қалтасын елестетеді. Оның міндеті әлі күнге дейін белгісіз. Шөп қоректі жануарларда ол өте маңызды мағынаға ие. (8.6.2 бөлім). Нәжістің құрамы өлген бактериялардан, целлюлозадан және басқа да өсімдік талшықтарынан , өлген эпителий жасушаларынан, сілемейден, холестеролдан, өт бөлетін пигменттерден және судан тұрады. Олар тоқ ішекте тоқ ішекте 36 сағ. жуық уақыт болады да, тік ішекке келіп түседі. Онда азғантай уақыт болып, аналь тесігімен сыртқа шығарылады. Аналь тесігінің маңында екі сфинктер болады. Олар : тегіс бұлшықеттен түзілген вегетативті жүйке жүйесінің бақылауында болатын – ішкі, көлденең жолақты бұлшықеттен түзілген, орталық жүйке жүйесінің бақылауында болатын – сыртқы. 8.4 кестеде адамның асқорыту каналдарының негізгі бөлімдерінің арасындағы құрылымдық айырмашылықтары жинақталған.
8.4. Асқорыту бездері қызметінің жүйкелік және гормондық реттелуі
Асқорыту ферменттері мен басқа да заттардың, соның ішінде тұз қышқылы секрециясы энергияның жұмсалуын қажет етеді. Егер ағзадағы секрециялар үздіксіз әрі тамақсыз жұретін болса, ол үлкен шығынғы әкелер еді. Шындығында, асқорыту сөлдерінің негізгі бөлігі тек қорытатын тамақ барда бөлінеді. Асқорыту белсенділігінің жалпы координациясы мен регуляциясы жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйемен (гормон бөл. бездер жүйесі) жүргізіліп отырады. Төменде осы регулияцияның кейбір сұрақтары талқыланады.
8.4.1. Сілекей
Сілекей бездерімен сілемейдің ауыз қуысындағы секрециясы рефлекстік екі типімен:қарапайым шартсыз(туа біткен) және шартты бақыланады.
Біріншісі ауызда тамақ болған кезде тындайды. Тамақ тілдің дәм сезу бүртіктерімен жанасқанда(8.16 сур.) тәтттіге, тұздыға, қышқылдыға және ащыға сезімтал рецепторлар симулденеді. Осы рецепторлардан сенсорлық нейрондар жүйке импульстерін миға жібереді. Мидан сілекей бездеріне қозғалтқыш нейрондар арқылы жүйке импульсеры жіберіледі. Сілекей бездері сілекейді секрециялайтын эффектор болып есептеледі. Бас миы арқылы өтетін рефлекстер – кранальды (бассүйектің) деп аталады. Екінші шартты рефлекс – тамақты көргенде, иіскегенде жйне ойлағанда пайда болады. Егер сіз босаңсып, лимон шырынын тілге тамып тұрғанын ойласаңыз, онда сізден тезірек сілекей бөліне бастайды. Шартты рефлекстер тәжірибе жүзінде пайда болады. Жақсы мысал ретінде, И.П.Павловтың итке тамақ берер алдында қоңырау соғу тәжірибесін келтіруге болады. Ақырында итте сілекей бөліну бір ғана қоңырау кезінде бөліне бастайды. Басқа сөзбен айтқанда, итте шарты рефлекс пайда болды. Ол да кранальды болып табылады және жай рефлекс сияқты жолмен іске асады. Маңызды рецепторлардың қатарына көз, дыбыс, және иіскеу ( иіс сезуді қамтамасыз ететін) рецепторлары жатады.
8.4.2. Қарын (асқазан) сөлі
Қарын сөлінің секрециясы 3 фазада жүреді. Бірінішісі – жүйкелі. Ауыз қуысында тамақтың болу және оның жұтылуы қарынға ми арқылы адасқан жүйкемен берілетін жүйке импульсін жібереді. Түр,иіс,дәм және тамақ туралы ой осындай рефлексты тудыра алады. Барлық тітіргендіргіштер қарын бездерінің қарын сөлінің секрецилануына стимул береді, яғни тағам қарынға түспес бұрын алдын ала секреция басталады, сәйкесінше қарын тамақ қабылдауға дайындалады. Жүйкелік фаза жуықтап 1 сағ, созылады.
Екіншісі – қарындық – ас қарынның сілемейлі безін стимулдағанда жүреді. Тамақ қарынға түскен кезде оны кеңейтеді, қабрғаларының рецепторларын тітіркендіреді. Бұл рецепторлар сілемейлі негіздің мейснерін жүйке өрімдеріне жүйкелік импульстарды жібереді.(8.11 сур). сонан соң жүйкелік импульстар қарын бездерінен бағытталады, қарын сөлінің бөлінуіне ықпал етеді. Қарынның созылуы мен онда тамақтың болуы сілемейлі қабықшаның арнайы эндокриндік жасушаларын белсендіреді, соның арқасында гастрин гормонының бөлінуі орындалады. Ол қан арналары арқылы қарын безіне жетеді де олардан тұз қышқылына байытылған қарын сөлінің өндірілуіне ықпал етеді. Бұл фаза 4 сағ созылады.
Үшінші фаза – ішектік – аш ішекте жүреді. Он екі елі ішекке қышқылды химус түскенде және оның қабырғаларымен жанасқанда жүйкелік және гормондық жауаптар жіберіледі. Тамақ бар кезде аш ішектің рецепторларын стимулдендіріледі, бірақ ми арқылы өтетін рефлестер қарын сөлінің секрециясын ингибирлейді және қарыннан химустің босатылуын баяулатады. Бұл аш ішекке тамақтың бірден тым көп лақтырылуын тоқтатады. Он екі елі ішектің сілемейлі қабықшасы толықтыру үшін екі гормонда өндіреді. Олар холецистокинин (ХЦК) және секретин (ХЦК панкреозимин деген атпен белгілі, бірақ бұл атаудың тек біреуін, әсіресе, ХЦК қолданған жөн болады). Бұл екі гормонда қарынға, ұйқы безіне және бауырға қантамырлар арқылы жеткізіледі. Қарында секретин қарын сөлінің секрециясын ингибирлейді, ал ХЦК қарындағы тамақтың босатылуын баяулатады.
8.4.3. Панкреатион сөлі мен өт сөлі
Қарыннан он екі елі ішекке қашқылды химус келіп жеткенде, онда секритн мен ХЦК бөлінеді. (жоғ. Қараңыз). Секретин қашқылдың келуіне жауап ретінде бөлінеді, ал ХЦК – ң секрециясы жартылай қорытылған майлар мен белоктардан стимулденеді. Екі гормонда ұйқы безінің сөлі мен өт сөлін өндірілуін реттеп отырады. Өзінің әсерімен секретин қышқылға қарсы гормон болып есептеледі. Ол ұйқы безі мен бауырда гидрокарбонатты иондардың түзілуіне ықпал етеді және ұйқы безінің сөлі мен өт сөлінің сілтілігін көтереді. Пайда болатын сілтілік орта қарыннан келетін қашқылды бейтараптайды. ХЦК ұйқы безінің он екі елі ішекке арналған өт сөлін босату үшін өттің сығылуын шақырады.( 8.11 сур.ұйқы безінің, бауыр мен өттің күйлері). Өт сөлі бауырда түзіледі, бірақ өтте концентрацияланады және сақталады. Өт сөлінің мәні рН 7,6-8,6 шамасында болады.
Ұйқы безінің сөлі мен өт сөлінің секрециясы сонымен қатар жүйке рефлекстерімен стимулденеді. Қарынның асқорытудың жүйкелік және қарындық фазалар бойында (8.4.2. бөлім) адасқан жүйке бауырдың өт сөлінің секрециясын және ұйқы безінің ферменттерінің секрециясын шақырады.
8.5. кестеде асқорыту жолымен әртүрлі бөлімдерінің секрециялайтын гормондары және олар әсер ететін мүшелер көрсетілген.
8.5. Сіңірілген қоректік заттардың тағдыры
Моносахаридтер мен аминқышқылдары бүрлердің қантасушы тамырларына сіңіріледі, сонан соң бауырдың қақпалы вена арқылы бауырға келіп түседі. Бауырда глюкозаның көп бөлігі сақталады. Олар гликоген немесе май түрінде бұлшықеттерде жинақталады. Глюкозаның кейбір мөлшері бауыр венасы арқылы бауырдан кетеді және дем алғанда тотығу үшін немесе басқада қызметтер үшін ағза бойына таралады. Егертамақ қабылдау кезеңдерінің арасында ағзаға қосымша энергия керек болса, онда бауырда сақталып, тұрған гликоген қайтадан глюкозаға айналады да қантамыр жүйесімен қажетілікке ұшырап отырған ұлпаларға жеткізіледі.
Аминқышқылдар белоктарда синтездеу үшін қолданылады. Белоктардың қызметі 3.9.-кесте келтірілген. Цитоплазманың негізгі құраушылардың бірі бола жүріп, белоктар өсу мен репарация үрдістерінің ең маңызды рөлдерінде жүреді. Ферменттер мен кейбір гармондар белок болып есептеледі. Аминқышқылдардан артық бөлігі сақталынбайды, сондықтан олар бауырда дезаминирленеді. Дезаминирлену үрдісінде олардан амитоптар ( NH2 ) ыдырап кетеді жәнеолар несеп нәрге айналады. Несеп нәр қанмен бірге бүйірекке келеді, одан несеп құрамында сыртқа шығарылады. Аминқышқылының молекулаларының қалған бөлігі гликогенге айналады және ол сақтауға бағытталады. Сіңірілген майлар бауырда айналып өтіп, лимфотикалық жүйе тамырларының кеуде лимфатикалық өзегі арқылы жүрек жанындағы венаға келеді. Ыңғайлы жағдайда ағза глюкозаның едәуір мөлшерін алып отырады және энергия өндіруге майлау керек болмайды. Бұл жағдайда олар теріасты майлы шелде, жүрек пен бүректі қоршап тұрған май ұлпаларына, жинақталады. Кейбір шажырқайда пипидтер (фосфалипидтер) жасушалық мембраналарға орналасады.
Мұндағы сипатталған үрдістердің көбін анығырақ басқа бөлімдерде қарастырылады.
8.6.Шөпқоректілер
8.6.1. Тістері
Шөпқоректілердің тіс аппараты қоректену жағдайы мен диетасына тығыз байланысты.Мысал ретінде қойды алайық . Бұл жануар шөпті қорек етеді, ал тісінің формуасы мынадай болады:
2[i0/3 c0/1pm3/2 m3/3]
Жоғарғы күрек тіс пен сойдақтістер болмайды. Оеың орнына мүйізді қабат орналасады. Және оған төменгі егеутәріздес күрек тістер мен сойдақтістер қой шөпті жұлған кезде үйкеліп отырады. Алдыңғы және қапталдағы тістер арасында едәуір бос орын, диастема болады. Ол тілге манипуляция жасауға көмектеседі, яғни шайналып жатқан шөп жаңадан жұлынып жатқан шөптен бөлініп тұрады.
Қаптал тістердің үйкелетін беттері, кең болады:
Жоғарғы тістердің беттерінің ауданы W-тәрізді қалыптың арқасында тағы да үлкейеді, ал төменгі тістердің беттері М-тәрізді қалыптың арқасында үлкейеді.
Тістер сауығы қатты кіреукеден түзілген ал сауыттар арқасындағы беттер дентиннен түзілген. Жақсүйектері өте қозғалғыш келеді, сондықтан оларды алға, артқа және қапталға қозғауға болады. Шөпті шайнау кезінде төменгі жақсүйек бір қапталдан екінші қапталға қозғалады, және мұнда W-тәрізді жоғары азу тіс сауытының шұңқыры, М-тәрізді төменгі азу тіс сауытының шұңқырына тығыз орналасады, осы арқылы қорек өте жақсы туралады. Қоректі мұқият уатылуын қамтамасыз ететін шайнау бұлшықеттері өте қуатты келеді, ал шөпті жұлуға қолданылатын солай бұлшықеттері кішкентай келеді (8.24.-сурет). (Бұған керісінше жағдай етқоректі жануарларда байқалады: самай бұлшықеттері жемтігін өлтіру үшін және кесектерге бөлшектеу үшін өте жақсы дамыған, ал шайнау бұлшықеттері – өте әлсіз).
8.6.2. Күйіс қайыратындардың целлулоза қорытылуы
Күйіс қайтаратын жануарларға бұғылар, жирафтар, бөкен, ірі қара мал, қойлар мен ешкілер жатады,оларда қиын ас қорыту жолы бар. Олардың нағыз асқазанының алдында бірнеше бөлім болады. Асқазанның бірінші бөлімі оларда жиек болып табылады(сур. 8.25). Тыртық түйін рөлін атқарады ферментер, онда азық-түлік, аралас-бабына сілекеймен, ұшырайды ферменттеу әсерінен мутуалистических (симбиотикалық) микроорганизмдер сияқты, бактериялар, қарапайым, саңырауқұлақтар. Олардың көпшілігі әзірлейді фермент целлюлоза, расщепляющий целлюлоза.Қатысуы симбионтов мүлдем қажет күйіс қайыратын жануарлардың, қабілетсіз, өз бетінше талдай целлюлоза. Түпкі өнімдер ферменттеу болып табылады карбон қышқылдары , көміртек диоксиді және метан. Қышқылы сіңіріледі, қан иесі ретінде пайдаланылады. негізгі энергия көзі кезінде тыныс алу.Микроорганизмдер өз кезегінде восполняют өз қажеттіліктерін энергия есебінен химиялық реакциялардың ферменттеу, және бұл кезде бар оңтайлы олардың тіршілік ету температурасы қоршаған ортаны қорғау.Ішінара переваренная азық-түлік, содан кейін торға түседі, онда қалыптасады тығыз комки, отрыгиваются және қайтадан мұқият пережевываются. Бұл құбылыс деп аталады "жевание сағыз". Содан кейін азық-түлік жаңадан проглатывается, және тар желобку түседі кітапшасына және бұдан әрі сычуг сәйкес келетін желудку адам (сур. 8.25). Бастап осы бөлімнің, одан әрі онда астың қорытылуы жүреді әсерінен жалпы барлық сүтқоректілердің ас қорыту ферменттерінің.
8.7.Адамның қоректенуі
«Ас адамның арқауы» деп бекер айтылмаған. Осыдан шығатын қорытынды дұрыс тамақтанбаудың әсері бірнеше ауруларға алып келеді. Дұрыс тамақтанбауды нашар тамақтану деуге болады. Біздің дұрыс тамақтанбау деген түсінікті тек тоя тамақ жемеу деп түсінбеуіміз керек, оған тамақты шамадан тыс көп жеуде жатады.
Тоя тамақтанбаудың нәтижесінде тек аштан өлу емес, сонымен бірге ағзаның қарсытұрулығының төмендеуі де тоя тамақтанбауды жанама әсері болады. Бұл дұрыс тамақтанбаудың типі дамушы елдерде тиісті болады. Дамыған елдерде болатын шамадан тыс тамақтану тәждің қанайналым мен ми қанайналымына бұзылуына тікелей себепші болады. Бұл бөлімде біз дұрыс және дұрыс емес тамақтануды қарастырамыз.
8.7.1.Тамақтау, тағамдық заттар, ас және диета
Тамақтану – өмірді сүруді ұстап тұруға керекті энергия мен материялдарды тұтыну. Тамақтану екі негізгі тірі ағзалар сұранысты қамтамасыз етеді. Олар энергияға деген және қоректік заттар деп аталатын химиялық қосылыстар түзуге болатын құрылыстың материяларға деген қажеттіліктер. Олар органикалық (көмірсулар, липидтер, белокта және витаминдер) және неорганикамн (минералды тұздар). Біз осы қоректік заттардан тұратын тамақты қабылдаймыз. Кең мағынада айтсам, диета – адамның тамақ қабылдау тәртібі (тұтынатын тамақтану уақытын сақтау).
8.7.2. Оңтайландырған диета
Оңтайландырған диета деп адам енсаулығын ұтап тұруға керекті әртүрлі қоректік заттрдың, судың және қоректік талшықтардың дәл пропорциясы мен мөлшеін сақтау. Кеңірек айтсақ, көмірсу мен майлар энергия алу үшін керек, белоктар – өсу үшін, витаминдер мен микроэлементтер денсаулығын «қорғау үшін» және жетіспеушілік аууларының алдын алу керек.
Әр адамның тамаққа деген қажеттілігі оның жынысына, жасына, белсенділігіне, денесінің өлшеміне және ортасының температурасына (жылы климатта адамға тағамның аз мөлшері керек етіледі) байланысты әр түрлі болады.
8.7.3. Су
Тірі жасушаларда су әр түрлі қызметтер атқарады. Сондықтан ол тек қоректік зат ретінде қарастырылмайды. Су адам денесінің жалпы салмағының 65-70% құрайды. Сусыз адам бірнеше күн өмір сүрсе, ал тамақсз 60 күнде артық өмір сүре алады.Осыдан-ақ судың адам үшін маңызы зор екенін білуге болады.
8.7.4. Қоректік талшықтар
Қоректік талшықтар – өсімдіктердің жасушалық қабырғаларынан алынған қорытылмайтын қосылыстардың күрделі қоспасы, негізінен олар полисахаридтерден мысалға, целлюза талшықтарынан тұрады. Суды жұтқан кезде талшықтардың көлемі үлкейеді және бұл асқорыту жолымен астың жүруіне ықпал етеді. Талшықтардың қандағы холестерол деңгейінің азаюына және ішектің ракпен ауруына деген тәуекелділігін азаюына, өттегі тас жиналу ауруының азаюына ықпал ететіні туралы қазір көптеген мәліметтер
8.7.5 Энергия
Ересек адамның орташа диетада 80-85%-ға жуық энергитекилақ құраушысы көмірсулар мен липидтер арқылы, 15-20 % жуығы белоктар арқылы (5%-ға жуығы спирт арқылы) толықтырылып отырады. Кәдімгі жағдайда көмірсулар мен липидтердің ыдырауының нәтижесінде энергия айғақты түрде қолданылады. Энергияның қажеттілігі мынада:
Негізгі метаболизмді, яғни тыныш кездегі метаболизмді ұстап тұру үшін. Бұларға өсу үшін де керекті энергиялар да қатысты болады.
Физикалық белсенділікті қаматамаыз ету үшін (бұлшықеттердің қысқаруы үшін)
Дене температурасын 37 градуста ұстап тұруға кететін жылу генерациясы үшін
Негізгі метаболизмді ұстап тұру үшін ағзаның алған энергиясының көп бөлігі шығындалады.
8.7. Тышқандар салмақ бірлігіне қарағанда адамдардан артық джоуль неге шығындайды?
8.8. 1г глюкоза 774 м3 оттегіен әрекеттескенде 15,8 кДж жылу бөлінеді, ал 1г ұзынтібекті май қышқылын 2012 см3 оттегімен әрекеттескенде 39,4 кДж жылу бөлінетіні есептелген. Неге 1г май қышқылы 1 г глюкозаға қарағанда 2 есеге жуық жылу бөледі.
Энергия өлшембірліктері
Энергияның шамасын өлшем бірлігіне Джоуль жатады. Бұрындары энергия мөлшерін колориямен өлшеген болатын.
4,18 Дж = 1 кал
1000 кал = 1 ккал (килокалория) = 1 Кал
1000 Дж = 1 кДж (килоджоуль) = 1 Дж
1000 кДж = 1 Мдж (мегаджоуль)
8.7.6. Көмірсулар
Көмірсулар – бұл қант пен крахмал(полисахаридтер). Олар энергияның негізгі көзі болып есептеледі, бірақ сонымен бірге қант нуклеинді қышқылдар, нуклеотидтер (АТФ, НАД) және гликоген сияқты күрделі молекулалардың құрастырушы негізі болып есептеледі.
8.7.2. Липидтер ( майлар мен сұйық майлар)
Липидтерге майлар (бөлме температурасында қатты) және сұйық майлар (бөлме температурасында сұйық) жатады. Көмірсулар сияқты липидтер де энергияның басты көзі болып есептеледі. Май ұлпалары ұзын мерзімді энергияның қосалқы қорын ағзада жинақтайды. Ас құрамындағы майлар майда еритін витаминдердің (А,Д,Е,К) атасы болып есептеледі.
Төменде липидтің негізгі мінездемелері берілген.
- Тамақ құрамындағы липидтер негізінен триглицеринді білдіреді. Ол глицерол мен үш май қышқылынан тұрады.
- Тамақта май қышқылдарының едәуір мөлшері болады, бірақ олардың бәрі қаныққан, не қанықпаған болады.
- Қаныққан май қышқылының қосарлы байланысы болмайды (олар сутегімен қаныққан). Майлар қаныққан май қышқылына бай келеді. Жүрек-қантамыр ауруларының пайда болуына қаныққан майлардың ағзада көп мөлшерде болуы ықпал етеді. ( 15-тарау).
- Қанықпаған май қышқылдарының өзінің құрылымында бір немесе бірнеше қосарлы байланыс болады. Қанықпаған май қышқылдарына өсімдік майлары бай келеді.
- Қанықпаған май қышқылы моноқанықпаған ( бір қосарлы байланыс) жәнеполиқанықпаған (бірден көп қосарлы байланыс).
- Қанықпаған май қышқылдары сутегімен әрекеттескенде қаныққан қышқылға айналады; бұл процесс гидрилдену деп аталады. Дәл осылай өсімдік майы қатты май, маргаринге айналады.
Баламасыз май қышқылдары
Баламасыз май қышқылдары (БМҚ) міндетті түрде пайдаланатын тамақта болуы тиіс. Себебі ағза оны өздігінен синтездей алмайды. Мұндай қышқылдардың жетіспеушілігі ауруға шалдықтырады. Қаттырақ айтсақ, баламасыз болып тек екі май қышқылы – линолді және а-линоленді есептеледі. Олардың екеуі де полиқанықпаған май қышқыалдары(ПҚПМҚ) және олар ис-формада болады. Линолді қышқылдың екі қосарлы байланысы,ал линолдерінің үш қосарлы байланысы болады.
Бұл қышқылдар бірнеше маңызды қызметтерге ие:
БМҚ фосфолипидтердің түзілуіне жұмсалады , олар мембрананың құрамында болады .
Бұл қышқылдар холестеролды тасымалдауға, ыдыратуға және бөліп шығаруға қатысады. Холестерол мембрананың маңызды компоненттері болып есептеледі және стероидтарды синтездегенде, соның ішінде жыныс гормондары мен D витаминдерін синтездегенде қажет болады. Бірақ холестеролдың артық болуы денсаулыққа қауіпті болады. Себебі ол жүрек-қантамырлар ауруына әкеп соғатын атеросклероздың (артерияда майдың жинақталуы) дамуына әсер етеді. Сондықтан холестерол метаболизмінің өте дәл регуляциясы керек. Линолді жіне кейбір ПҚМҚ қандағы холестеролдың деңгейін төмендетеді. Ал қаныққан май қышқылдары керісінше жоғарылатады. Бұл жағдайда аспен бірге қаныққан май қышқылдарын мүмкіндігінше аз қабылдауға кеңес береміз.
Линоленді қышқыл атеросклерозбен байланысты қан қойылғыштығын азайтады, сонымен бірге миокард инфарктісінің екінші рет дамуының тәуекелін азайтады.
БМҚ басқа да маңызды май қышқылдарын мысалы, физиологиялық эффектілердің кең спектріне ие простагландиндерді синтездеуге керек болады. Мысалы, олар кейбір гормондардың белсенділігіне ықпал етеді, сырқаттану жауаптарына ықпал етеді және мүшелерге қан ағуын реттейді.
8.7.8. Ақуыздар
Ақуыздар репаративты процесстердің басты компоненті болып табылады. Олардың атқаратын қызметі әртүрлі. Егер тағамда көмірсу мен май жетіспесе, ақуыз энергия көзі ретінде қолданылады.
Ақуыздар 20 түрлі амин қышқылдарынан тұрады. Олар 2 типке бөлінеді: алмастырылатын және алмастырылмайтын.
Ауыстырылмайтын амин қышқылдары ағзада түзілмейтіндіктен, тағам құрамында жеткілікті болуы қажет.Олар жетіспеген жағдайда, ағза түрлі ауруларға шалдығады. Үлкен адамдардың 20 аминқышқылының 8-і-алмастырылмайтын, ал балаларда 10-ы - алмастырылмайтын болып келеді.Алмастырылатын амин қышқылдары ағзадағы алмастырылмайтын амин қышқылдарынан түзіледі. Құрамында алмастырылмайтын амин қышқылдары көп болатын ақуыздар жоғары сапалы ақуыздар деп аталады. Ондай ақуыздарға сүтте, сүтті тағамдарда, етте, балықта, жұмыртқада болатын ақуыздар жатады. Қалған ақуыздар төменгі сапалы ақуыздарға жатады.
8.7.9.Витаминдер
Витаминдер-адамға қажетті органикалық байланыстар. Олар ағзада түзілмейтіндіктен, тағам құрамында міндетті түрде болуы тиіс.
Витамин ағзада жетіспесе адам тапшылық ауруына шалдығады. 8.6. кестесінде негізгівитаминдердің қызметтері берілген. А, Е, К және D витаминдері майда еритін, қалған витаминдерсуда еритіндер болып табылады.
А витамині(ретинол)
А витаминінің химиялық атауы ретинол. Ол жануар өнімдерінің құрамында кездеседі.Өсімдіктерде(сәбізде) кездесетін каротин пигменттері қорытылу кезінде А витаминіне айналады.
Сонымен қатар, А витамині тері мен эпетилиальды жасушаларды жақсы күйде сақтауға қажет. Алкішкентай баларға бой өсіру үшін қоладанады.
А витаминінің жетіспеушілігі(Гиповитаминоз А)
А витаминінің жетіспеушілігі жарық адаптациясын бұзады. Адам ақшам уақытында көрмейтін"ақшам соқыр" ауруына шалдығады.Бұл ауру талшықтарда ретинальдардың жетіспеушілігіненболады. Нәтижесінде, талшықтар бұзылады. Көздің шырышты қабығы мен қасаң қабағы қабынады,олардың қызметтері бұзылады. Нәтижесінде соқырлаққа апаратын қасаң қабақ жаралары(кератомаляция) пайда болады.А витамині жетіспеген кезде баланың бойының өсу белсенділігі тежеледі. Тапшылық одан әрі жалғаса берсе өлімге әкеліп соқтырады. Кейбір дамушыелдерде мұндай аурулар жиі кездеседі.Дамушы елдердегі 10 жасқа дейінгі 3 млн-ға жуық бала осыаурулардың кесірінен зағип болып қалған.А витамині бауырда сақталады.
Гипервитаминоз А. А витамині шамадан тыс көп болса адам уланады. Мұндай жағдайлар витаминпрепараттарын көп пайдаланғанда туындайды. Гипервитаминоз А ауруының симптомдары: шаштың түсуі, сүйектің сынғыштығы, құсу, көзге қос көріну және тағы да басқа асқынулар. Жүктілік кезіндеА витаминін көп қолдану баланы туа біткен кемістікке әкеліп соқтырады. Ұлыбританияда жүкті әйелдерге А витаминін дәрігердің рецептінсіз қолдануына тыйым салған.
Тәулігіне жас өспірімдер А витаминін 6000 мкг-дан жоғары, ер адамдар 9000 мкг-дан және әйел адамдар 7500 мкг-данжоғары қолданбауы керек.
Витамин D(кальциферол)
Көптеген адамдар үшін D витамині жеткілікті болады, өйткені ол теріде жарықтың әсерінен түзіледі. Жарықты жұтатын молекулалар холестеролдан синтезделеді. Спектрдің ағзаға әсер ететін белсенді ортасы ультракүлгін толқындар болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда қазанның соңынынан наурыздың басына дейінгі аралықта ультракүлгін толқындар өшіріледі. Жаз бойы жарықтың әсерінен бауырда жинақталған D витамині жыл бойына жеткілікті болады.
Біз пайдаланатын майлы балықтар мен жұмыртқадан басқа тағамдардың құрамында D витамині өте аз. Қазіргі уақытта D витаминін маргарин мен таңертегі қоспаларға қосады.
Алғашында бауырда, кейін бүйректе D витаминдері кальций мен фосфаттың ішекте сіңіріліуін реттейтін белсенді формасына өзгереді. Оның синтезделуі қан құрамындағы кальцийға тәуелді. D витаминінің белсенді формасы кальций мен фосфаттың сүйек тіндеріне де сіңірілуін реттейді.
Жүктілік кезінде баланың өсуін қамтамасыз ететін кальцийге деген сұраныс арта бастайды.Емшек сүтінің құрамында D витаминдері аз болғандықтан, күн сәулесі ваннасын қабылдаған жөн.
Гиповитаминоз D. D витаминінің жетіспеушілігі балалар үшін өте қауіпті, өйткені олардың қаңқасының қалыптасып, өсуі үшін D витамині міндетті түрде қажет. Бұл витаминнің жетіспеушілігінен туындайтын ауру-рахит-сүйек құрамында фосфат пен кальций мөлшерінің аз болуынан дамиды. Рахит ауруының әсерінен сүйек өте әлсіз, жұмсақ болады.
Үлкендерде D витаминінің жетіспеуі остеомаляция ауруына әкеледі. Кальций мен фосфат сүйектен шайылып кетеді, сүйектің беріктігі төмендейді. Күн сәулесіне шықпайтын адамдардың бұл ауруға шалдығу қаупі жоғары. Ұлыбританияда қауіп көбірек төнетін 2 топ бар: кәрі кісілер мен азиялық бірлестіктер. Кәрі кісілер көп қозғалысқа түспегендіктен, олар көп уақытын үйде өткізеді. Ал азиялық дақылдардың құрамында кальций мен фосфат мөлшері өте аз болады.Сонымен қатар, азиялық әйел адамдар бүкіл денесін жабатын киіммен жүргендіктен, олардың терісіне күн сәулесі түспейді. Қара нәсілділер терісі ультракүлгін толқындарды ақ нәсілділерге қарағанда жақсырақ сүзеді. Үлкен қауіп азиялық балаларға төнеді. Ұлыбританияда рахит ауруы көбінесе қала ішіндегі азиялық ақ нәсілділерде кездеседі.
Гипервитаминоз D. D витаминінің артық қалдықтары кальцийді ағзадан шығармайды. Егер кальций нәжіс ретінде ағзадан шығарылмаса, ол бүйректе жиналып, үлкен қауіп төндіреді. Бұл аурудың кішкентай балаларға төндіретін қаупі өте үлкен.
8.7.10. Минералды заттар
Минерлды заттар бейорганикалық болып табылады, әрі өте олардың қызметтері ағза үшін өте маңзды. Минералды заттар 2 топқа бөлінеді: макроэлементтер және микроэлементтер. Макроэлементтер микроэлементтерге қарағанда ағзаға көбірек қажет. Микроэлементтерге марганец, мырыш, йод, мыс және тағы да басқа элементтер жатады.
8.7.11. Сүт
Сүтқоректілердің алғашты апталарында қоректенетін азығы сүт болып табылады. Оның құрамында ағзаның дамуына қажетті заттардың барлығы бар-көмірсулар, ақуыз, майлар,минералды заттар(кальций, магний, фосфор, калий).Сүтте басты жетіспейтін нәрсе: қан гемоглобинінің құрамында болатын бездер. Бірақ бұл мәселе ұрықта шешіледі, яғни анадан келген бездер туылу уақытына дейін сақталады. Бұл қор бала сүт диетасынан қарапайым қатты тамақ түрлеріне ауысқан уақытқа дейін жеткілікті.
8.8. Тағам түрлерін тұтыну туралы берілетін кеңестер
Тағамды тұтыну туралы алғашқы кеңестер 1937 жылы Ұлттар Лигасы уақытында шығарыла бастаған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде британдық басқарма әскерлерге қажетті тамақтарды жинайтын аумаққа саясат орнатуды жоспарлайды. Кейіннен сол аумақта медициналық кеңес беретін Комитет ашылады.
1979 жылы медициналық Комитет күнделікті тұтынатын құрамында энергия бар, пайдалы тағамдардың кестесін(РСН) құрады. Ол кестеде адамның жасы, жынысы, жүктілігі(әйел адамдар үшін) және т.б. есепке алынды.
8.8.1. Тағам тұтынудың стандартты нормалары
1987 жылы Комитет РСН кестесін қайта қарастырып, 1991 жылы тағы да бір кестені жариялайды. Бірінші кестеде 10 тағам компоненттері қарастырылса, екінші кестеде 40-қа дейін жеткен болатын. Сонымен қатар, РСН термині салауатты өмір салтын ұстанатын адам үшін ең минималды немесе идеалды тағам компоненттерін тұтыну деп айтылды.
Сол себепті де, "кеңес берілетін күнделікті тағам тұтыну нормасы" терминін "нәрлі заттарды стандартты тұтыну "(СППВ) терминімен алмастырды. Сонымен қатар, тағам тұтуына берілетін орташа баға(УОП) және нәрлі заттарды тұтынудың төменгі стандарттары(НСППВ) деген 2 термин енгізілді. Осы 3 термин стандартты тағам тұтыну нормалары болып келеді(СНП).8.8. және 8.9. кестесінде бір тәуліктегі стандартты тағам тұтыну нормалары көрсетілген. 8.27. суретінде әр популяция үшін НСППВ, УОП және СППВ шамалары берілген. Бұл терминдердің толық мағынасы төменде берілген.
- Тұтынуға берілетін орташа баға.Бұл шама энергия, ақуыз, витамин мен минералды заттар үшін қолданылады. Тағам компоненттерінің тәулігіне қанша мөлшері тұтынылатынын сипаттайды. Популяциялардың жартысында бұл шама жоғары болса, кейбіреулерінде төмен болып келеді.
- Нәрлі заттарды стандартты тұтыну. Шама минералды заттар, витаминдер мен ақуыздар үшін қоладнылады. Ол тағамның ағзаға жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін сипаттайды. Егер тұтыну мөлшері осы шамамен сәйкес келсе, ағазаға заттардың жетіспеуінен болатын аурулар, яғни дефицит аурулары болмайды.
- Нәрлі заттарды тұтынудың төменгі стандарттары.Шама минералды заттар, ақуыздар мен витаминдер үшін қолданылады. Жетіспеушілігі жоғары адамдар үшін тағамның жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін сипаттайды.Басқаша айтқанда, тұтыну шамадан төмен болады, әрі қауіпті ауруларға әкеліп соқтырады.
Май және көмірсу
Медициналық Комитет 1970 жылы кестеге көмірсу мен майды енгізбеді, өйткені олар энергия көзі ретінде пайдаланылады. Бірақ, бұл сұрақтар кестенің дұрыстығына күмән келтірді: 1) май мен көмірсудың адам ағзасындағы мөлшері қандай? 2) қаныққан және қанықпаған май мөлшері қанша? 1991 жылы кестеге қосалқы диета ұстанғандар үшін кеңестер жазылды. СНП СППВ, НСППВ немесе УОП секілді сипатталмайды, өйткені көмірсулар мен майлар алмастырылмайтын май қышқылдарына қарағанда қажеттілігі төмен болды. Оның орнына басқа көрсеткіш қолданылды:тәулік бойындағы энергия тұтынудың ұсынбалы нормасы.
8.8.2. СНП-ны қолдану
Ол бірнеше мақсатта қолданылды.
1.Диетаны жоспарлау
Денсаулық сақтау ұйымының жұмысшылары әр топтарға немесе мемлекеттік институттарға, және басқармалар ұлттық ұсынбаларды жариялаған кезде СППВ-ны қолданған ыңғайлы.
2.Жеке бас диетасына берілетін баға.
СНП-ны қолданудың ең ыңғайлысы-жеке бас диетасына баға беру. Диетаға баға беру-оның пайдаланатын адамға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау.
3.Белгілі бір топтарға берілетін диета бағасы
Топтардың көп болған сайын, жеке бас арасындағы вариациялар ықтималдығы көбейеді, яғни топтарға берілетін диета бағасы нақтырақ болады.Шамалап алынған жауаптар топ ішінде жетіспеушілікке әкеледі.
4. Тағам өнімдеріндегі этикеткалар
РСН ұғымы тағам өнімдерін жабдықтайтын этикеткаларда болады. Бұл өнімді тұтынушылардың өнім құрамын біліп жүруі үшін қажет. Мысалы, бұл өнімнің 100 граммының құрамындағы ақуыз тәулігіне тұтынылуы қажет ақуыз нормасының 4-тен 1-іне тең. Өнімді тұтынушының осындай ақпараттарды білуі маңызды. Ал егер бұл өнімнің 100 граммында 15 грамм ақуыз бар дейтін болсақ, ақпарат өте қарапайым түрде болады.
Комитеттің пікірі бойынша, УОП ақпараттары РСН ақпараттарына қарағанда өте маңызды. Өйткені, УОП өнімнің орташа мөлшерін көрсетеді.
5. Ортақ қолдану
СНП ортақ мақсаттар үшін де қолданылады.Мысалы, ауылшаруашылық саясаттары, экономисттер мен социологтар ортақ мақсаттарды шешу үшін қолданады.
8.8.3. Бойдың, жыныстың және белсенділіктің СНП-ға әсері
Өнімдерге деген тұтынушылық жынысқа, бойға және белсенділікке тәуелді. 8.8. және 8.9. кестесінде әр түрлі топқа жататын әйелдер мен ер адамдардың СНП-сы берілген. Бұл шамалар адамның денсаулығына және салмағына қарап, көрсетілген.
Зат алмасуды қалпында сақтау үшін міндетті түрде энергия қажет. Энергияның көп мөлшері зат алмасуға қатысады, сондықтан бұл көрсеткіштердің бағалары мұқият шығарылуы қажет. 65 кг ер адамның негізгі зат алмасу процесіне тәулігіне 7,56 МДж жұмсалады. Ал 55 кг әйел адам үшін тәулігіне 5,98 МДж шығындалады.
Кез келген қозғалыс энергия арқылы жүреді. Өйткені, қозғалу бұлшықет белсенділігіне байланысты, ал бұлшықеттің жиырылып, босаңсуы энергияға тәуелді. Адам белсенді бола түскен сайын, энергияға деген қажеттілік артады. Энергияны зат алмасудың еселенген шамасы деп айту біршама нақты. Ол шама физикалық белсенділік коэффициенті(ФБК) деп аталады. Мысалы, жүріп келе жатқан адамның ФБК-сы 4-ке тең, яғни ол зат алмасуға кететін энергиядан 4 есе үлкен.
Физикалық белсенділік адамның жұмыс жасауына немесе дем алуына тәуелді. Профессионалды әрекетшілдік мынадай әдіспен жазылады:
1) отырықшы белсенді емес өмір салты: ФБК=1,7;
2) орташа белсенділік: ФБК=2,2(әйел адамдар), 2,7(ер адамдар);
3) жоғары белсенділік: ФБК=2,3+(әйел адамдар), 3,0+(ер адамдар).
Қазіргі уақытта жұмыс жасау белсенділігі дем алу белсенділігімен шамалас. Келесі категорияларды пайдалану өте ыңғайлы деп болжайды: 1) отырықшы өмір салты(ФБК 2); 2)бірқалыпты белсенділік(ФБК 3); 3)жоғары белсенділік(ФБК 4).
Ер адамдарда йелдерге қарағанда бұлшықеттері мен майы аз болып келеді. Орташа есеппен алғанда, ер адамдардың салмағы үкен болады, сондықтан үлкен дененің қозғалысы үшін көп мөлшерде энергия қажет. Жүкті әйелдердің белсенділігінің төмендеуі, метаболизмның қарқындылығы емшек сүтін түзетін, ұрықтың өсуін қамтамасыз ететін қосымшаның энергияны компенсациялайды. Энергия жүктіліктің соңғы 3 айында ғана міндетті түрде қажет болады. Емшек сүті энергияны көп кажетсінеді, өйткені ол энергия сүтпен қоректенетін баланың өсуін қамтамасыз етеді.
Ақуыз
8.9. кестесінде жыныс пен жас шамасы көрсетілген СППВ ұғымы берілген. Жас өспірімдер мен балаларда СППВ ересектерге қарағанда біршама үлкен. Өйткені, оларда ақуыз өмірлік процесстер мен өсіп-жетілуді қамтамасыз етеді. 19 жастан жоғары ересектерде СППВ шамалас келеді.
Ұлыбритания ересектерінің ақуызды тұтынуы СППВ шамасынан жоғары. Ер адамдар 84 гр ақуыз тұтынса, әйел адамдары 64 гр ақуыз тұтынады.
8.9. кестесіне қарай отырып, ер адамдарға 11 жастан бастап қосалқы ақуыздар қажет болатынын көреміз.
Егер белсенділік жоғары болса ақуызды пайдалану міндетті емес, өйткені ол энергия көзі ретінде сирек пайдаланылады..Егер мускулатурлардың дамуының нәтижесінде артық салмақ көбейе түссе, ақуыз мөлшері де шамадан тыс артады.
Жүктілік кезінде ақуыздардың көп мөлшерде бөлінгені тиімді, өйткені ақуыз ұрықтың өсуі және жатыр мен ұрықжолдас тіндерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Емізетін аналар үшін де ақыз көп мөлшерде қажет, өйткені сүт баланың өсіпжетілуін қамтамасыз етеді.
Минералды элементтер
Лактация мен жүктілік кезінде ананың диетасына көңіл бөлу қажет. Тұтынатын тағамдарының құрамында гемоглобин, сүйек, тістер мен бұлшықеттерді қалпына келтіретін кальций, витамин А, D және фолий қышқылы жеткілікті болуы қажет. Жақсы үйлесімді диета осы элементтері бар тағамдардан тұруы қажет. Кейде жүкті әйелдерге қосымша фолий қышқылын береді, өйткені ол балада қоянжырықтың дамуын алдын алады.
8.9.Дұрыс тамақтанбау
Дұрыс тамақтанбай басқаша айтқанда нашар тамақтану деген мағынаны білдіреді. Бұл термин тағам жетіспеген кезде де немесе тамақты мөлшерден тыс жеген кезде де қолданады. Төменде дұрыс тамақтанбаудың 4 мысалы берілген. Оның 2-еуі дамыған елдерде болатын аурулар- жүйкелік анорексия және семіздік, қалған 2-еуі дамушы елдерде болатын- тамаққа жарымау әне ақуыздың жетіспеушілігі.
8.9.1. Анорексия
Жүйкелік анорексияны кейде "жүдеген адамдар ауруы" деп те атайды. Соңғы 30 жылда бұл ауру кеңінен тарады. Және бұл батыс елдерімен тығыз байланысты, өйткені бастыста арықтық-адам сәні болып табылады. Жүйкелік анорексияны тікелей аударғанда жүйкелік тірек тәбетінің болмауы" деген мағынаны білдіреді. Бірақ, осы аурудың кесірінен қайтыс болған адамдарда тәбет болғанымен, олар артық салмақ жинаудан қорыққан.
Анорексия ауруына көбінесе жас әйелдер(тек 10 проценті ғана еркектер) шалдығады және ол жас шақтан басталады. Ол әртүрлі диеталардың нәтижесі болып табылады. Уақыт өте келе әйел адам тамақты азырақ жей түседі, кейін артық салмақ жинау туралы қорқыныш бойларын билеп алады. Әйел адам өз жасының салмағына сай болса да, өзін-өзі толық күйінде көреді. Сол себептен, ода асқа жарымаудың белгілері пайда бола бастайды.
Әйел адам ағзасында физикалық өзгерістер пайда бола бастайды, мысалға менустрация тоқтауы мүмкін. Бет бөліктері мен арқасы түктене бастайды. Аштық жүдеуге әкеліп соқтырады, соның нәтижесінде маразм ауруының белгілері дами бастайды. Дене салмағы жеңілдей түседі. Ағзаға көмірсу мен майлар сияқты қоректік заттар жеіспейді. Сол себепті ағза ақуызды энергия көзі ретінде пайдаланады. Ақуыздың көп мөлшері бұлшықеттерде болғандықтан, бұлшықеттер мен басқа да тіндер жүдей түседі. Және тағы да басқа зардаптар: кариестің бұзылуы, адам қан қысымының төмендеуі және түрлі инфекцияларды ағзаның қабылдауы. Витаминдер мен минералды заттар да жетіспеуі мүмкін. Кейбір ситуациялар өлімге де әкеледі.
Анорексиямен ауыратын адамдарға көмек міндетті түрде қажет болады және оны олар да түсіне білуі қажет. Көмекті аурулар тәжіриебелі мамандардан ала алады. Және осындай ауруларды жеңіп шығуғу көмектесетін арнайы топтар болады, олардан да көмек алу қажет.
8.9.2.Семіздік
Қазіргі уақытта дұрыс тамақтанбағандықтан Британия, Еуропа, Солтүстік Америка халықтары семіздікке көп шалдығады. 1991 жылы Британия елінде жүргізлген зерттеулер бойынша , ер адамдардың 13%-ы, әйел адамдардың 15%-ы артық массаға ие. Массасы өз бойы мен дене бітіміне нақты сай келмей, одан 20%-ға артық болса, онда ол адам семіздік категориясына жатқызылады. Оны анықтау қиын емес, ол үшін май тіндерінің массасын адамның жалпы массасына бөлеміз. Жас ер адамдарда май дене массасының 12%-ын, әйел адамдарда 26%-ын алады.Егер ер адамдарда 20%-дан асса, ал әйел адамдарда 30%-дан асып кетсе, оларды семіздікке шалдыққан деп есептейді. Ағзадағы артық май, көмірсу, ақуыз немесе алкоголь май қорына айналады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, семіз адамдар тамақты арық адамдардан артық жемейді. Семіздікке басқа да басты факторлар шалдықтырады, мысалы, физикалық белсенділіктің болмауы. Тұтынатын тағам мөлшерінің көп болуы нақты семіздікке әкеліп соқтырмауы мүмкін. Бірақ тамақты шамадан тыс жеуге де болмайды. Тұтынатын тағамның мөлшері ғана емес, сапасы мен құрамы да өте маңызды. Энергиясы өте жоғары, май мен көмірсуға бай тағамдар да жиі семіздікке әкеліп соқтырады.
Қарапайым семіздік-отбасы мәселесі, яғни семіздік гендер арқылы да келеді. Гипотоламус функциясының тұрақсыздығы немесе қалқанша без белсенділігінің жетіспеушілігі семіздікке әкелетін факторлар болып табылады.
Толық адамдар көбінесе жүректің талма ауруларына шалдығады, өйткені олардың қан құрамында холестерол мөлшері өте көп болады. Нәтижесінде адам жүрек қан тамырларының ауруларына, орта жастағы ұстамалы жүрек ауруына, тамырлардың түйнеліп кеңеюіне және т.б. аса қауіпті ауруларға әкеліп соқтырады.
Қаңқаға түсетін қосымша күш механикалық асқынуларға әкеледі. Мысалға алатын болсақ, майтабан немесе жалпақтабандылық, полиартрит(буындардың қабынуы), омыртқа жотасының қисаюы және т.б. Қозғалыс уақыт өткен сайын қиындай түседі. Бұның барлығы жазатайым оқилардың орын алуына себепші болады. Толық адамдар көбінесе диабетпен және рак түрлерімен ауырады(мысалы, бауыр рагы).
Сонымен қатар, семіздік эмоциалдық проблемаларға даәкеледі. Мысалы, мектеп жасындағы толық балалар достарының арасында күлкіге айналады. Ал үлкендер жарнама модельдерімен өздерін күнде салыстырады, әрі толық болғаны үшін қатты қынжылатын кездері де болады.
Әрине, семіздікке шалдыққан адамдардың өмір жасының қысқаруы да таң қаларлық нәрсе емес. Сақтандыру қызметтерін көрсететін компаниялардың есептеулері бойынша, 45 жастағы ер адам массасының 10 кг-ға артуы оның өмір сүрі ұзақтығын 20%-ға дейін қысқартады. Әйел адамдарда мұндай жағдай аса қауіпті емес.
Семіздіктен арылу үшін энергия мөлшерін, оның түсімінен шығыны көп болатын жағдайға дейін азайту қажет. Бұл ұсыныстар қалыпты массаға қол жеткізгеннен кейін де өз күшінде қалуы қажет.Сонымен қатар, семіздік проблемасының факторларын толығырақ білуі үшін, сол факторлардан аулақ болуы үшін пациенттерге міндетті түрде жиі-жиі кеңес беріп отыру қажет. Және де физикалық жаттығулармен көбірек айналысу қажет екенін еске салып отырған жөн.
8.9.3.Аштық және тағамның жетіспеушілігі
Адам тіршілігін жалғастыруы үшін оған міндетті түрде энергия қажет.Аштық уақытында адам азасында энергия қоры азаяды, ал энергия қоры біткен жағдайда адам өмірден өтеді. Аштық кезінде ең бірінші бұлшықет пен бауырда жинақталған гликоген шығындалады. Олар қорек болмаған жағдайда ағзаны жарты күндей энергиямен қамтамасыз етеді. Одан кейін май түзілімдері іске қосылады. Орташа есеппен алғанда, май түзілімдері адам ағзасын 50 күндей энергиямен қамтамасыз ете алады. Май бауырда глюкозаны алмастыратын май қышқылдарын түзе отырып ыдырайды. Алайда май қышқылдарынан түзілетін қанға құйылу үрдісіне бейімделген кетондар кетоз ауруын тудырады. Кетоз-қан құрамының қышқылдануынан болатын ауру түрі. Түзілетін кетондардың бірі - ацетон. Ацетон көп мөлшерде түзілмегенімен, кетоз ауруын оңай анықтайтындай жағымсыз иіс шығарады.
Бірінші аптада бұлшықет ақуыздары да энергия ретінде пайдаланылады. Ол глюконеогенез кезінде глюкозаға айналады. Ақуыздар май қоры жинақталған кезде ғана іске қосылады. Ақуыздардың қайтадан қолданылуы аштықтың соңғы сатысында ғана басталады. Энергия шығындарын жабу тіндер іске қосылады, мысалы, бұлшықеттер. Ақуыздардың жартысы қолданылған кезде адам өмірден өтеді. Аштық 40-60 күннен кейін өлімге әкеліп соқтырады.
Көп уақыт бойы жеткілікті мөлшерде тамақтанбаған балалардың бойының өсуі бәсеңдеп, салмағы азая бастайды. Бұл проблемалар дамыған елдерде шешімін тапқанымен, дамушы елдерде басты мәселелер болып табылады.
8.9.3. Ақуыз жетіспеушілігі: квашиоркор мен маразм
Ақуыз жетіспеушілігі екі жолмен пайда болады. Біріншіден, тамақта жеткілікті энергия болғанымен, ақуыздың болмауы. Бұл тамақтанудың негізгі азықтары жүгері(маис), ямс,маниок яғни крахмалға бай дақылдар болып саналатын Африка өңірлерінде жиі кездеседі, ендеше энергиямен де байытылған,бірақ ақуызы аз. Жүгері ұнында баламасыз аминқышқылдары триптофан жетіспейді, ал ақуыз онсыз синтезделе алмайды. Бидай өсетін аумақтарда ақуыздың жетіспеушілігі сирек кездеседі.
Ақуыз жетіспеушілігінің екінші себебіне тамақта энергияның аз мөлшерде болуы жатады. Мұндай жағдайда жоғарыда айтып өткендей, энергия көзі ретінде ағзаның өзіндік нәруыздары қолданылады.
Квашиоркор
Ақуыз жетіспеушілігі екі жағдайында да квашиоркор деп аталатын ауру дамиды. Бұл ауру алғаш рет 1935 ж. Ганда анықталды; оның атауы «баланың туылғаннан кейінгі бірден емшектен шыққан баланың ауруы» деген мағынаны білдіретін сөзден болған. Баланың сүт емдәмінен крахмалды тамаққа ауысуы ақуыз жетіспеушілігіне әкеледі.
Квашиоркормен ауыратын баланың бейесі 8.30 А суретте көрсетілген. Бұл аурудың белгілері:
- Шаштың жұқаруы, сынғыш болуы, түсуі, пигментінің кетуі;
- Сілекей бездерінің зақымдануы; олардың өте үлкеюі, нәтижесінде бетте «айдай» түрдің пайда болуы;
- Аш ішекте газ жиналуының кесірінен іштің кебуі, бактериялардың шамадан тыс көбеуі;
- Ағза ұлпаларында сұйықтықтың жиналуынан ісінулер пайда болады, әсіресе аяқтың төменгі жағында және табан жақта байқалады( кейін қолға өтеді). Ісіктер плазмадағы нәруыздың азаюымен болады. Қанның су потенциалы жоғарылайды, және су қаннан ұлпа сұйықтығына өтеді, бұл да ісікке әкеледі.
- Бұлшықет дистрофиясы, салмақтың азаюы, өсудің, ақыл-ой дамуының баяулауы;
- Теріде пигменттің дақтармен бұзылуы пайда болуы; ол үлкен бола бастайды; жараның жазылуының қиындауы; сарыауру туындауы мүмкін;
- Айнала қоршаған ортаға деген қызығушылықтың бәсеңдеуі, енжарлық байқалады;
- Бауырдың толысуы; биохимялық өзгеріс бауырда май жиналуына әкеледі, ол функциялануын толығымен бұзады.
- Витамин жетіспеушілігінің, әсіресе А және Д витаминдердің жетіспеушілігінің аурулары да осы ауру белгісі болып табылады,
- Инфекцияларға қарсы тұра алмау.
Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік (маразм)
Асқа жарымауды туғызатын белгілі жағдайлардың тағы бірі маразм (жалпы қажу) болып табылады. Алғашында бұл жағдай калориясы төмен тамақ тұтынғаннан болады деп болжанды, бірақ бәрі онда емес.(төм. Қар.). маразмнан зардап шеккен баланың суреті 8.30 Б суретте көрсетілген , оны кваришиоркормен ауыратын балатын салыстыруға болады. Маразмның белгілері мен симптомдары:
- қарттың бетіне ұқсас солған және шаршаған бет-әлпет, шүңірек көз ;
- бұлшықет дистрофиясы, аяқ-қолдары жіңішкеруі; ағзада май мөлшерінің төменд болуы;
- шашы зақымданбаған
- ісіктің болмауы;
- өте төмен салмақ; кейбір бағалау бойынша, бала жасына байланысты 60 % -тен көп масса жоғалтуы мүмкін.
- сапротивті инфекцияның төмендеуі
- дәрумен жетіспеушілігінен туындайтын аурулар